Атырау облысы Тілдерді дамыту жґніндегі басќармасы



бет59/67
Дата06.02.2022
өлшемі1,86 Mb.
#34034
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   67
КӨНЕ ҚАЛАЛАР
Тараз
Тараз – Талас өзені бойындағы ежелгі қала. Ұлы Жібек жолының бойында тұрған маңызды сауда орталығы деп атайды. Қолөнер өндірісі жақсы дамыған бекіністік сауда қаласы болды. Х ғасырдағы араб географы Әл-Мақдиси былай деп жазды: «Тараз - бақтары қыруар көп, халық тығыз қоныстанған, орлары, төрт қақпасы мен адамдар мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала. Екінші мединада үлкен өзен, оның ар жағында шаһардың бір бөлігі, оның үстінен өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр". ХІ-ХІІ ғасырда салынып, өзіндік жоспарларымен ерекшеленген қоғамдық моншалары Тараздың даңқын алысқа жайыпты. Монша ыстық өткізгіш арналар жүйесімен жылытылған, су құбыры болды. Қабырғалары өрнекті суреттермен әшекейленді. Таразда әйгілі Қарахан кесенесі (Х-ХІғғ.) секілді ортағасырлық ескерткіш күні бүгінге дейін сақталған. Тараздың оңтүстік-батысына таман 18 км. жерде Айша-Бибі (ХІ-ХІІғғ.) және Бабаша-Қатын (Х-ХІғғ.) кесенелері сияқты ескерткіштер бар. Тараз есімі бірнеше рет өзгерді: орта ғасырларда оны Янга деп атаған, 1853 жылдары Әулие-Ата, 1936 жылы Мирзоян десе, 1938 жылы Жамбыл есімі берілген, ал 1997 жылы қаңтар айында қалаға оның ежелгі аты – Тараз қайтарылды.
Сайрам
Сайрам – Оңтүстік Қазақстан облысында. Бұл қала атының бұрынғы тарихи аты Испиджаб болған. Испиджаб – үлкен, ірі қала. Онда Рабаты және Мединасы, дүкендер, мата базары және мешіт бар. Мұнда өте құнды да өтімді тауарлар өндірілгені, оның қазақ жерінен тысқары, шет елдерге мәлім болғаны аян. Испиджаб қаласынан ақ маталар, қару, қылыш, найза, әсіресе мыс пен темір сыртқы шетел базарларына шығарылып отырған. ХІ ғасырдың екінші жартысында Испиджаб атауымен қатар басқа атау - Сайрам қолданыла бастайды. «Сайрам» атауын арабаша Мадинат ул-Боизо - «ақ қала» және Урункент - «ақ қала» деп аударып аталғаны жайлы зерттеушілер еңбегінде айтылған. Б.Аталай мен С.Мұталипов «Сайрам - ақ қала» деген атау екенін жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет