Қатысқаны: 20 Қатыспағаны: Сынып жетекшісі: Ермекова Д. Е



Дата27.02.2020
өлшемі38,5 Kb.
#59095
Байланысты:
0011eb06-18977273

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1
2017-2018 оқу жылының 14 қыркүйек күні 1 «б» сыныбында ата – аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа қатысуға тиісті:20
Қатысқаны:20
Қатыспағаны:
Сынып жетекшісі: Ермекова Д. Е.

Күн тәртібінде.
1. Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата ананың рөлі және мектеп байланысы»

2. Ата-анар комитетін сайлау.

3. Ағымды мәселелер.
Тыңдалды:


  1. Мәселе

Баяндама «Бала тәжірибесіндегі ата -ананың рөлі және мектеп байланысы».

‘Отбасы шағын мемлекет Мен президент, сен премьерминистр’ отбасы ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлімі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс-шығыс бюджеті, қасиеттеп,қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымында зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған,отбасының ар-намысын сақтауға,сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген.

Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз ата-ана.

Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен,үлкендердің үлгісімен сіңеді. Өзің жұмыс істеп жүргенде балаңның қолынан келетін ісіне жағдай туғызу, оның үйренуіне көмектесуге берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуын төзімділікпен бақылау. Істеген ісін ұқыпты,тындырымды орындауына бағыт беру. Жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру.

Балаға теріс әсер етеді:

Жанұядағы жанжал.

Үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы.

Баланың көзінше басқа біреуді сөгуі

Баланың көзінше арақ ішу.

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақтан жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.

Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалады.

Сондықтан.

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту. Тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру. Табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту. Дұрыс білім алуына жағдай жасау.

Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

2 мәселе.

Ата - аналар комитетін сайлау.

Ата - аналар комитетінің құрамына басшысы болып Қалдыбаева Асем сайланды. Көмекшісі Найманшалова Баян сайланды.

Қорғаншылық кеңестің басшысы болып Қалиақпарова Ақмарал сайланды. Көмекшісі Бейсембинова Айжан сайланды.

3 мәселе.

Сынып жетекшісі Ермекова Д. Е. оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды.

А) мекен - жай, ата - ананың қызмет орны.

Ә) оқушы денсаулығы

Б) оқушы формасы туралы айтылды.

Ағымдағы мәселелер бойынша ата - аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.

Қаулы: 1 - ші сыныпқа керекті оқулықтармен және оқу әдістемелік кешендермен өз балаларын қамтамасыз ету ата аналарға жүктелсін.

Ата - ана комитетінің төрайымы: Қалдыбаева А.

Хатшы: Найманшалова Б.

Сынып жетекшісі: Ермекова Д. Е.




Ата - аналар жиналысының хаттамасы №2.
Күн тәртібінде: Мектептің бес күндік оқу аптасына көшу.
Сабақ ұзақтығы 40 минут болуына шешім қабылдау мәселесімен сыныптың ата -аналарын таныстыру туралы.
Сынып жетекші ата - аналарды жаңа оқу жылымен құттықтадым. Биылғы 2017 - 2018 оқу жылында көптеген өзгерістердің болып жатқандығына тоқталдым. „ Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық - эипидемиялогиялық талаптар” санитарлық қағидаларына өзгерістер енгізілгендігі туралы айтылды. 127 - бабының тұжырымы өзгертілді.
Жаңа тұжырым: Жалпы білім беретін мекемелерде оқу жүктемесінің жоғарғы нормасы аталған санитарлық қағидалардың 9 - қосымшасында көрсетілген нормадан аспауы керек. 2017 - 2018 оқу жылынан бастап сабақ ұзақтығы 40 минутты құрайды. Бұл дегеніміз барлық 1 - 11 сыныптар бескүндік оқу аптасына көшуіне рұқсат етілген. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 23 қазандағы №531 Бұйрығымен өзгерістер енгізілді.Соған сәйкес жаңартылған бағдарлама бойынша ұстаздар жүйелі түрде әр сабақта 1 - 4, 5 - 7 сынып оқушыларының сабаққа қатысуын өсу динамикасын қадағалап отырады. Ата - аналарға түсініктеме берілді,барлық ата - аналар бір ауыздан қолдап, келісіп қол қойды.

Ата - ана комитетінің төрайымы: Қалдыбаева А.



Хатшы: Найманшалова Б.

Сынып жетекшісі: Ермекова Д. Е.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет