Науқастың есі қалпында бола тұра, оның денесінің белгілі бір жерінде ауырғанды сездірмеуге бағытталған іс-шаралар жергілікті анестезия деп аталады.
Жергілікті жансыздандыруда қолданылатын дәрі-дәрмектер, химиялық заттар, физикалық факторлар ауру сезімін тек қана уақытша жояды. Жергілікті аурусыздандыруға инъекциялық және аппликациялық анестезия, физикалық және физико-химиялық әдістер жатады.
Терапиялық стоматологиядағы жергілікті жансызсыздандыру көрсеткіштері:
Терапиялық стоматологиядағы жергілікті жансызсыздандыру көрсеткіштері:
Тұтастығы бұзылған және бұзылмаған қатты ткандердің шектеулі гиперестезиясында
Нерв жүйесінің функциональды бұзылуында, алдағы емдеуден қатты қорқу кезінде
Асқынған кариестің барлық түрлерінде
Ұлпасы алынған тістің желінуі мен тіс жарақаттарында
Ауыз қуысы кілегей қабығы мен пародонт ауруларында қолданылатын хирургиялық манипуляцияларда (тіс тастарын алу, пародонтальды абсцесстерді ашу, ІІ – ІІІ дәрежедегі қозғалғыш тістерді жұлу).