Ақтөбе 2023-2024 Жоспар


Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші



бет3/3
Дата24.12.2023
өлшемі18,75 Kb.
#198952
1   2   3
Байланысты:
Қылмыстық заң 5 боөж

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші
Қылмыстық заңның күші белгілі бір аумақ бойынша шектелген. Осыған байланысты оның күші тарайтын белгілі бір кеңістіктің анықталуы қатаң мақсатты сипатқа ие. Бұның мәні біріншіден, Қылмыстық кодекстің қылмыстан қорғау және сактандыру сияқты негізгі міндеттерінің орындалуымен байланысты; екіншіден, қылмыстық заңның кеңістіктегі күші мәселесінің заңдылық, азаматтардын, заң мен сот алдындағы теңдігі немесе қылмыстық жауаптылықпен жазадан құтылмайтындық сияқты қылмыстық құқық қағидаттарынын іске асырылу міндеттерімен анықталатындығында; үшіншіден, бұл мәселелерді шешуге әсер ететін халықаралық құқық нормаларының және тиісті конвенциялардың болғандығында. Мұнда мемлекеттік шекара, сол сияқты азаматтықтың түсінігін беретін конституциялық құқықтың нормалары да елеулі роль атқарады. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші жөніндегі нормаларда жүйелі түрде мынадай екі қағидат: аумақтық және азаматтық қағидаттар жүзеге асырылады.
ҚК-тің 6-бабына сәйкес ҚР аумағында қылмыс жасаған адам ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
ҚР 1993 жылғы 13 каңтардағы "ҚР мемлекеттік шекарасы туралы" заңының 1-бабына сәйкес, Республика аумағының шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат құрайды. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.


Қолданылған әдебиеттер
1.Ағыбаев А.Н. /Қылмыстық құқық, жалпы бөлім/ Алматы – 2001 ж.
2.Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
3.Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.
4.Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
5.Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
6.Лейкина Н.С. // Личность преступника и уголоная ответственность М. 1995 г
7.Наумов А.В. //Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет