Топпен жұмыс:
І топтың сұрағы: Жыр қалай басталады? Жыр туралы не білесің?
Жырда қандай батырлар бар?
Оқиға қай заманда болған?
Тарғын кіммен кездесті?
Не үшін кездесті?
Оның сырт бейнесінен нені байқадың?
ІІ топтың сұрағы: Домбауыл қай елдің батыры?
Ол қандай адам деп ойлайсың?
Саған үнады ма?
Жоқ әлде ұнамады ма?
Неге ұнамады?
ІІІ топтың сұрағы: Жырдан қалмақ батырларының сөзін тап.
Ол Ноғай елінің батырын неге теңейді?
Дұрыс па? Неге?
Келісесің бе?
Келіспейсің бе?
ІV топтың сұрағы: Ер Тарғын қай елдің батыры?
Оның
жауабын тауып бер, саған ұнады ма?
Тарғын қандай деп ойлайсың?
Мінездеме бер.
V топтың сұрағы: Тарғын қалай аман қалды?
Оқиға қалай жалғасты?
Екі батырдың шайқасуы туралы не айтар едің?
Кім жеңіске жетті?
Топпен жұмыс талданып болған
соң әр топқа уақыт беріліп, қағаз таратылады. Сонан соң ақ ватманға қорытынды ой жазылады.
Сабақты қорыту.
- Біз бүгін не үйрендік?
-
Батыр болу, елін қорғауға дайын болу т.б.
Сабақты бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға шашу
ретінде сыйлықтар таратылып, бағаланады.
Үй тапсырмасы: Жырдан үзінді беріліп,
музыка тыңдату, сыйлық үлестіру, қонақтарға дулығаның суретін тарату. Тілек: "Сіздерді батыр
бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!”