Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияның бастауыш класс мұғалімі Каирова Клара Урбисиновнаның



Дата11.03.2017
өлшемі158,96 Kb.
#11442
Ақтөбе қаласындағы

32 мектеп-гимназияның



бастауыш класс мұғалімі

Каирова Клара Урбисиновнаның

ашық сабақтары

АҚТӨБЕ 2016жыл

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған дүние тану

сабағының жоспары

Мектеп №32 Мерзiмі7сәуір 2016 жыл МұғалiмКаирова К.У.

Сынып 2 «А» Оқушылар саны:26

Тақырыбы Жануарлар қыста қалай жылынады?

Құндылық Қиянат жасамау

Қасиеттержанашырлық,тазалық,жауапкершілік.



Сабақтың мақсаты:Оқушыларғажануарлардың қыста қалай жылынатыныны жайлы мағлұмат бере отырып қиянат жасамауқұндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

1.Оқушыларға жануарлардың қысқы табиғат өзгерісіне бейімделуі жайлы түсінік беру,түсіндіру.

2.Оқушыларды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға баулу.

3.Оқушыларды табиғатты қорғауға, қыста жануарларға қамқорлық жасауға баули отырып, жанашырлыққа, тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, ой қозғау, тест.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жануарлардың суреттері, тест, слайдтар т. б

Пәнаралық байланыс:өзін-өзі тану, әдебиет

Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция (Өзін- өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

І.Ұйымдастыру кезеңі. 5Т назар аударту (тәртіп,тазалық, талап, татулық, тыныштық). Тыныштық сәті. "Нұрға бөлену"



Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интегерациялау)

Өткенге шолу «Кім зерек? » ойыны.

1. Ауаны негізгі қасиетін ата.

2. Айналадағы дүниеде неше тұс бар?

3. Топырақ дегеніміз не?

4. Тұқым нешеге бөлінеді?

5.Жылдың неше мезгілі бар?

6. Жануарлар неше топқа бөлінеді?

7. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

8. Жыртқыш жануарлар дегеніміз қандай жануарлар? Қасқыр, ит, ақкіс, мысық. Құстарды аулап , жейтін жануарлар.

9. Жәндікқоректі жануарлар ше? Кірпі, борсық. Жәндіктерді сүйіп жейтіндер.

10. Өсімдікқоректі жануардарды ата. Жылқы, қой, сиыр, тиін, қоян, аю.

Үй тапсырмасы

Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай. Мазмұндау

Көп аңдар жемін күндіз де, түнде де аулайды. Мысалы, жапалақ жемін түнде ғана аулайды.Оны біз бірінші сыныптан бастап білеміз.

Ал, соқыртышқан өмірі жарық көрмейді, үнемі топырақ астында жүреді, сонда тіршілік етеді.

Соқыртышқанның тұмсығында өте сезімтал қылшықтары бар. Солардың көмегімен топырақ арасындағы құрттарды, қоңыздарды тауып жейді.

Әрине, көзі көретін жануарларға жарық, жемін іздеп табуға, қауіп-қатерді көріп, қашып құтылуға қажет. Бірақ жануарларға айналадағы дүниені бағдарлап білуге, қауіп-қатерге ұрынбай, тірі қалуға көз ғана емес,басқа мүшелеріде көмектеседі.Біреуінің терісі, біреуінің аяғы, қолы, т.б мүшелері көмектеседі.Сонымен бірге көп жануарлардың көру қабілеті адамнан да асып түседі екен. Өйткені олар өздерінің әртүрлі сезу қабілеттерімен өте алыстағыны біліп, бағдарлап қояды.

Сұрақтар:


  • Балықтарға байланысты қандай қызықты мәлімет білесің?83 бет

  • Жануарлар тіршілігіне не қажет?

  • Жылқы малы немен қоректенеді? Оған сипаттама бер.

  • Тиін туралы не білесің?

  • Адам үшін жануарлардың қандай пайдасы бар?

Жаңа сабақ

Проблемалық сұрақ:

«Жануарлар қыста қалай жылынады?» Осы сұраққа жауап іздеп көрейік. Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Мұғалім оқушы ойларын қорытады.

  • Мәтінмен жұмыс

Тізбектей оқыту;

Ауыл маңын аралағанда , кейбір індерді көрген шығарсың. Бұл індер тышқан, суыр, борсық сияқты жануарлардың баспанасы.Аюдың апаны, борсықтың іні, т.б. болатынын білесің. Ауа райы салқын суық кездерде олар соған кіріп жатып, қысқы ұйқыға кетеді.

Қысқы ұйқыға жануарлар тоңғандықтан емес,жейтін қорегі болмағандықтан соң жатады.

Тиін, тоқылдақ қысқы аязда ағаш қуыстарына жасаған ұяларына жылынып жатады. Қоян, түлкі, тиін, қасқырдың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі.

Шұбартышқан, суыр, саршұнақ та қыста ұйқыға жатады.

Сөздік жұмыс; Түсініксіз сөздерді түртіп алу, сұрау.

Теріп оқыту;Қысқы ұйқыға жануарлар не үшін жататыны туралы айтылған тұсты тауып оқыту;

  • Бұл қызық!

Жорғалаушылар мен қосмекенділер, бунақденелілер сияқты жануарлар да жылусыз тіршілік ете алмайды. Күзгі суық түскен соң-ақ олар еш нәрсеге шамасы келмей, қимылсыз қатып қалады. Күн жылынғанда қайта тіріледі.

Шұбартышқан, суыр, саршұнақ та қыстап, қысқы ұйқыға жатады. Кірпі тіпті жылдың жартысын ұйқымен өткізеді.



Түсінгенін мазмұндау;

  • Дүние танудың жұмыс дәптерімен жұмыс.

  • Қорытынды тест

1.Жапалақ жемін қай кезде аулайды?

А) күндіз

Ә) түнде

Б) түсте


2.Соқыртышқан жемін қалай аулап жейді?

А)көзімен

Ә) аяғымен

Б)тұмсығындағы майда қылшықтарымен сезеді.

3.Жануарлар тіршілігіне не қажет?

А)ауа, су, жарық, жылу, қорек

Ә)үй

Б)темір


4.Топырақта ауа бола ма?

А) болады

ә) болмайды

б) мүлде болмайды

5.Жануарларға ауа керек пе?

А) иә


Ә)жоқ

Б) керек емес



  • Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

1-топ.  Қысқа азық дайындайтын аңдар:

2-топ.  Қысқы ұйқыға жататын аңдар:

3-топ . Қыста азығын табиғаттан іздейтін аңдар:

  • Кері байланыс; Әр топ бір біріне жұмбақ жасырады.

Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)
Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген? (Үкі)
Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын. (Кенгуру)
Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорққан. (Жылан)

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)
Бір аң бар қайраты көп, болған күшті

Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,

Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)



  • Графикалық диктант.

Егер берілген пікірмен келіссеңдер, қызыл белгіні көтересіңдер, ал келіспесеңдер, белгіні көтермейсіңдер.

  1. Адам – табиғаттың баласы, өйткені ол – табиғаттың бір бөлігі.

  2. Тоқылдаққыста апанда жатады.

  3. Табиғатсыз адамдардың күні жоқ.

  4. Қоянның қысқа қарай жұқа жүні түспейді.

  5. Бунақденелілер қыста ұшып жүреді.

Топпен ән айту.Ауа туралы ән Сөзі мен әні А. С. Каналина

Ля, ля, ля, ля,

Ля, ля, ля, ля.

Ластама, былғама,

Айналаңды қоршаған.

Таза тыныс,

Таза ауа.

Сыйлайтұғын,

Сол саған.
Ля, ля, ля, ля,

Ля, ля, ля, ля.

Ластама, былғама,

Айналаңды қоршаған. Жанға шипа,

Таза ауа.

Жұтқызатын

Сол саған.

Сабақтың қорытынды сәті.


  1. Тиін, тоқылдақ ұясын қайда салады?

  2. Қандай аңдардың қысқа қарай жүні түсіп қалады?

  3. Қандай жануарлар ешнәрсеге шамасы келмей қатып қалады?

  4. Қыста ұйқыға жататын жануарларды ата.

  5. Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Жануарлар тіршілігіне не қажет?

«Жануарларды өз ұяларына қондыр» ойыны.



Бағалау.

Үйге тапсырма.

Жануарлар қыста қалай жылынады? Мазмұндау. Әңгіме жазып келу.



Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды жүрек түкпіріне орналастырып қойыңдар.

Енді жайлап көздеріңді ашсаңдар болады. Рахмет!

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Мағынасы қарама қарсы сөздер

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға сөз мағыналары туралы түсінік қалыптастыру,олардың түрлерімен таныстыру, оларды бір бірінен ажырата білуге үйрету,мағынасы қарама қарсы сөздердің жасалу ерекшелігіне ерекше көңіл бөлу, іскерлік дағдыларын жетілдіру,даналық сөздердің мағынасын түсіне білуге, логикалық ой-қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту,жүйелі сөйлеуге,сауатты,көркем жазу дағдыларын жетілдіру.жауапкершілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, нақтылыққа,жалпыадамзаттық құндылықтарға, ізгі қасиеттерге,мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер

Сабақтың түрі: Аралас, ықпалдастырылған сабақ

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, репродуктивті, сызбамен жұмыс, ой шоғырландыру, жинақтау т.б.

Сабақтағы пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, көркем әдебиет.

Жоспар

І. Ұйымдастыру бөлімі. 2. Тыныштық сәті «Күзгі нұр» (үнтаспадан әдемі музыка ойнайды) Денемізді тік ұстап, орындықта еркін отырамыз. 1,2,3. Көзімізді жұмып, терең демаламыз. Көз алдарыңда күзгі дала . Жұмсақ самал есіп тұр. Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді- ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). 1,2,3, көзімізді ашамыз.

Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді? Қандай тілектер тіледік?

Мұғалім:

Бүгінгі сабағымыздың басшысы ЖЕТЕЛІ ЖЕТІ СӨЗ. ЖЕТЕЛІ ЖЕТІ СӨЗдің сиқырын аша отырып жұмыс жасаймыз.

І .А.... ой (саналы ой) Жақсы ой адамды жақсылыққа жетелейді.Сондықтан ойлаған ойымыз тек саналы болу керек.Себебі біздің ойымыз іске ұласады.

ӨТКЕНГЕ ШОЛУ:

Сөз таптарын ата. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?Сөйлем мүшелері туралы не білеміз?

Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын ата . Жайылма сөйлем дегеніміз не?

Мәтін қандай бөліктерден тұрады? Сөз тіркестерінің бірінші сыңары қалай жасалады?

Сөз тіркестерінің екінші сыңары қалай жасалады?

ІІ. Н....(нағыз дос )Нағыз достар қандай болу керек?Сондай қасиеттер біздің бойымызда қалыптасу керек.

Үй тапсырмасын тексеру.Сөз мағынысы туралы не білеміз?

Семасиология деген не?

ІІІ Т....(талап) Абай атамыз айтқандай талап асыл қасиет.Талапты бала талпынған құстай.Талапты болуға ұмтылуымыз керек.

Жаңа сабақ: Өткен сабақта сөз мағынасы туралы жалпы түсінік алдық.Бүгінгі сабақта Мағынасы қарама қарсы сөздер туралы білімдерімізді кеңейтеміз.

АНТОНИМ Ежелгі грек сөзінен шыққан.

АНТИ- ҚАРСЫ,ОНИМ -ЕСІМ

Сабақты түсіну үшін мына нақыл сөздер мен мақал мәтелдерге назар аударайық!

Адалдық жолы жанған шамдай,

Арамдық жолы көк ала шаңдай.

Сөз мағынасын ашу; Мағынасы қарама қарсы сөздерді табу:Осы мақалдан қай қасиетті аламыз?Қайсысынан сақ боламыз?

Біреуге қуаныш сыйлай білу БАҚЫТ

Сөз мағынасын ашу; ҚУАНЫШ сөзіне мағынасы қарама қарсы сөзді тауып айту.РЕНІШ

Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақта ,бақыт та қонбайды.Ж.Баласағұни Адамды қуанта білу бір бақыт.Ендеше бір бірімізге қуаныш сыйлауға асығайық.

Сөз мағынасын ашу; ЖАҚСЫ сөзіне мағынасы қарама қарсы сөзді тауып айту.ЖАМАН

Жақсылыққа жақсылық ету- ПАРЫЗ

Жамандыққа жақсылық ету -АДАМГЕРШІЛІК Амандық шешен

Сөз мағынасын ашу; Көмек беру,жақсылық жасау адамгершілікке жатады.Адамгершілігі бар адамды нағыз адам деуге болады.Ендеше нағыз адам болуға тырысайық!Мағынасы қарама қарсы сөздерді табу:

IV ..... О.(терең ой) Ой тереңіне үңілу жақсы көрсеткіш.НАЗАР АУДАРЫП, ЕСІҢЕ САҚТА!

Антонимдер көбінесе сын есімдерден құралады.Басқа сөз табынан кездесуі тілде сирек кездеседі.

Сөздердің бәрі АНТОНИМ бола бермейді.Мысалы:көк- көк емес,таулы жер- таусыз жер

Антонимдер мақал мәтел,нақыл сөздерде жиі кездеседі.

Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы

АНЫҚТАМА шығару

Мағынасы қарама қарсы сөздерді АНТОНИМ дейміз.



V..Н.....(шындықты ) Шындықты айтқан жақсы қасиет ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС

Көркем жазу:Ұұ Үү Үлкенге -құрмет,Кішіге- ізет

Сөз мағынасын ашу;Үлкенге,кішіге құрмет,ізет көрсету біздің міндетіміз екенін ұмытпайық! Мағынасы қарама қарсы сөздерді табу:Синоним бар ма?

7-жаттығу ауызша Өлеңді мәнерлеп оқу;

Қызғалдақтың қасына Енді тимен оған мен,

Қойып едім қондырмай, Ісіп кетті бас,шекем.

Бізін сұғып басыма Балы тәтті болғанмен,

Шақты- ау ара оңдырмай. Тілі өзінің ащы екен!

Қадыр Мырза Әли

8- жаттығу жазбаша Мақалды оқу, сөз мағынасын ашу.Жан жағыңа мейірім шашып жүру өте жақсы қасиет,мейірімділік әлемді құтқарады.Мақалды жатқа жазу

Мейірімді алғыс алса,

Мейірімсіз қарғыс алар.

Мағынасы қарама қарсы сөздердің астын сызу :

Мақалды оқу, сөз мағынасын ашу.Ақылды адам үндемей жүріп барлық шаруаны жасайдыАқымақтың сөзі көп..Осы мақалдан қай қасиетті өзімізге таңдап аламыз?

Ақылды іс тындырады,

Ақымақ тіс сындырады.

Мағынасы қарама қарсы сөздердің астын сызу:

Талдап,оқыту

VІ...И..(Сенде бір кірпіш дүниеге) Әрбір адам өз өмірінің кірпіші болып қаланады. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА ЖҰБЫН ТАП! ауызша

Қай сөз табынан жасалған?



12-жаттығу жазбаша Тақтаға орындау

Мәтінді оқы,Ашық сөзіне мағынасы қарама қарсы сөзді тап,Мәтінді жаңа атаумен ата,Қарамен жазылған сөздерді мағынасы қарама қарсы сөздермен алмастырып жаз.



АШЫҚ (БҰЛТТЫ) КҮН

Жылы жел бетті өбеді.Ағаш жапырақтары баяу сыбдырлайды.Жеңіл бұлттар аспанда қалқиды.(суық,тез,ауыр)

Қорыту: Балаң жақсы болса,жердің үсті жақсы,

Балаң жаман болса,жердің асты жақсы.



Сөз мағынасын ашу;Жақсы адам болу үлкен абырой. Мағынасы қарама қарсы сөздерді табу:

VІІ. .М..(өмір) Адамға ең қымбат ол ӨМІР.Жақсы өмір сүру үшін жақсы жолмен жүру керек екен.

ВЕНН диаграммасы ЖАҚСЫ;ЖАМАН қасиеттерді санамалап айту.

ТҮЙІН:Өмірде жақсы қасиетті адам ғана бақытты бола алады.Ендеше бақытты болуға тырысайық!ОЛ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!

Міне,балалар жетелі жеті сөздің сиқырлы құпиясын ашатын кез келді.Қызылмен жазылған сөзді бәріміз оқиық.АНТОНИМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Көріп тұрғандай осы жетелі жеті сөзді санамызға сіңіріп,бойымызға дарытайық!

БАҒАЛАУ парағы бойынша баға айту.

Үй тапсырмасы:11-жаттығу,анықтама жаттау.

Соңғы тыныштық сәті : (музыка әуенімен) - Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Балалар, бүгін біз сендермен «Адам бойындағы ізгі қасиеттер,даналыққа толы сырлы дүниелер » туралы сөйлестік Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын.Міне,сүйіспеншілік бар жерде қамқорлық, мейірімділік,ізгілік бар екендігіне көзіміз жетті. Бүгінгі сабақта жүрегімізде орын алған үлкен сүйіспеншілік сезімдерімізді алақанға салып, барша әлемге сыйлайық!...(алақанда үрлеп, жолдайды)Енді көзімізді ашамыз.. Сабақ аяқталды. Рахмет

Мейірімділік жүректен

драмалық туынды.

Жүгізуші бала:Ертегіні сүймейтін бала жоқ шығар, сірә, жер бетінде. «Өзін – өзі тану» оқулығында да ертегі өте маңызды орын алады. Сондықтан да біз бүгінгі сайыста «Өзін – өзі тану» сабақтарында көңілімізге түйгенімізді өз қиялыңызбен ойлап шығарған ертегі арқылы көрсетуге тырыстық.

Автор: Балалар, Мұз ханшайымы кәдімгі өздеріңдей қарапайым баланы ұрлап жетіп, мәңгі қар басқан суық әлемге апарып, таққа отырғызып қояды. Сол күннен бастап, ол баланың жүрегі жұдықтай мұзға айналыпты. Мұз – ханзада ешуақытта күлмейді екен.

Ол құстың сарғайғанын, гүлдің ашылғанын, ағаштың бүршік атқанын, судың сылдырлап аққанын, күннің ұясына батқанын, жаңбырдан соңғы кемпірқосақтың нұрлы сәулелері жер бетіне шашқанын көру және сезіну бақытынан мүлде айырылыпты.

Міне, Мұз – ханзаданың жүрегіндегі тоңды жібіту үшін Махаббат періштесі жолға шығады. (Мұз – ханзада мұбен ойнап отырады)

Мұз- ханзада: Сен кімсің? Менің елімде бөгде адамдарға орын жоқ. Мен қонақтарды сүймеймін. Демім- үскірік, жанарым – суық, жүрегім – мұздай, дәл қазір шақырусыз келген сені де долы аязымен қатыра саламын. Осындай мінезім үшін бүкіл адамзат менен сырт айналып, жек көреді.

Махаббат періштесі: О, Мұз ханзада! Мен – Махаббат періштесімін. Сенің жүрегіндегі мұзды жібітіп, оның орнына махаббат пен мейірімнің, қайырымдылық пен бейбітшіліктің құрмет пен жанашырлықтың, сұлулық пен жақсылықтың құдіретті ұшқындарын, тұтатып жүрегіңде ізгілік отын жағуға келдім.

Мұз – ханзада : Махаббат періштесі, Мен сенің сөзіңе түсіне алар емеспін! Ізгілік, мейірімділік, үйлесім, бейбітшілік деген сөздерің мағынасы мен үшін тіптен түсініксіз! Сенің еліңде үскірік боран, шұнақ аяз, долы жел, қасат қар, шытынаған көк мұз бар ма? (мәз болып құшырланады).

Махаббат періштесі: Түу, Мұз – ханзада, сенің сөздеріңді тыңдай отырып, тұла – бойым тоңып кетті ғой! Менің шұғылылы әлемім «Өзін –өзі тану» деп аталады. Ондағы ғаламат әлемде адамдар бірін – бірі ерекше сыйлап, құрмет пен достық сезімдер арқылы әлемде одан бетер нұрландырады.

Мұз – ханзада, мынаны киіп көрші, сонда бәрін де өзің түсінесің! (Очки ұсынады).



Мұз – ханзада: Бұл – сиқырлы көзілдірік. Киген адам дүниедегі сұлулықты өз көзімен көре алады. Мүмкін, сонда сенің жүрегіңдегі мұзың ерір, бәлкім?!

Мұз – ханзада: – Жарайды, киіп көрейін (көзілдірік киген кезде сиқырлы музыкаға айналады).

Экранда 1 минут көктем, табиғат көрінісі көрсетіледі. Мұз – ханзада көріністі көріп, елтіп, жайлап орнынан қозғалып, Махааббат періштесінің қолынын ұстайды, жүрегіндегі мұзы жерге тырс етіп түседі.



Мұз – ханзада: О, ару – махаббат, періштем! Бәрін енді түсіндім. Менің жүрегім мұзға айналғаннан бері айналамдағы адамдарға тек қана жағымсыз жағынан көрінген екенмін. Мен енді жақсылыққа доспын, жамандыққа қаспын. Қайырымдылық – жылы жүректен екен. Бүгін тек сенің арқаңда ғана мен махаббат дегенің не екенін түсіндім. Бұл –

Анаңды сүю, әкеңді сүю,

Ақ сақалды атаңды сүю

Отанды сүю, еліңді сүю,

Ақ ниетпен адамды сүю.

Адамдарды сүю үшін,

Артық пайдаң тию үшін.

Денің сау боп, тез есейіп,

Керек самғап биік ұшу.

Екеуі хормен:

Ұлың болсын, қызың болсын.

Бұл өмірде жолың болсын.

Махабббат пен мейірімге,

Жүректе кең орын болсын!

(музыка ойналады. Махаббат періштесі би билейді. Жүрек шар ұсынады)



Автор: Ал, балалар, Мұз – ханзада мен махаббат періштесі туралы ертегінің соңы қалай аяқталғанын білгілерің келе ме?

Балалар: -Ия

Автор:

- Олай болса, экранға назар аударайық!Экранда көріністер көрсетіледі. (музыка)

(Ұл мен қыз гүлді аялап,топырағын қопсытып, су құйып жатады).

(конфет шашу. Шарды аспанға ұшыруға да болады, әр шарға сөздер жазу, ішіне толтырып немесе качельяға отырып, ән айту керек, қолына сувенир құс ұстайды).






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет