Ақтөбе қаласындағы мектептерде қазақ тілін оқыту мен дамыту мәселелерін тексерудің қорытынды а н ы қ тамас ы



Дата19.02.2017
өлшемі103,21 Kb.
#10864
Ақтөбе қаласындағы мектептерде қазақ тілін оқыту мен дамыту мәселелерін тексерудің қорытынды

А Н Ы Қ Т А М А С Ы


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелеріне арналған “Қазақстанның болашағы -мемлекеттік тілінде” атты тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қалалық білім бөлімі жанынан құрылған комиссия кестеге сәйкес 2006 жылдың қазан айында,2007жылдың қаңтар,ақпан,наурыз айларында қаладағы №№14,31,2,11,22,6,52,29,13,15,1,3,17,19,21,23,24,27,38,39,5,9,12,16,20,35,37,42,51,25,26,28,30,34,40,47,48 мектептерде Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің « Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы » туралы Жарлығының және осыған сәйкес облыс әкімінің Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бағдарламасының қалалық білім беру мекемелерінде орындалуы, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мен дамыту бағытындағы жұмыстар тексерілді.Тексеру барысында зерттелгені:



  • Тіл туралы Заңның орындалуы;

  • іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі;

  • қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің сапалық құрамы;

  • мемлекеттік стандартқа сай оқу бағдарламасының орындалуы;

  • осы пән бойынша оқушылардың білім сапасы;

  • әкімшілік тарапынан білім сапасына бақылау;

  • ӘБ жұмыстарының ұйымдастырылуы.

  • «Қазақ тілі» қоғамының жұмысы;

Аталған мектептерді тексеру барысында алдымен« Тіл туралы »Заңның орындалуының педагогикалық кеңестерге соңғы 1-2 жылдықта мәселе етіп қойылуы, мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстарының жолға қойылуы,іс-қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі қаралды.

Бұл бағытта”Тіл” туралы Заңның орындалуы №11,22,1,3,19,23,2 орта мектептерде педкеңестің күн тәртібіне арнайы қойылып,қаралған. №16,9,25 орта мектептерде 2005-2007 жылдар аралығында бірнеше рет қойылған.(№25-те7рет, №16-да 5рет, №9-да 4 рет).Мектеп мұғалімдері мен жоғары класс оқушыларына мемлекеттік тілді үйрету мақсатында орыс тілді мектептерде тіл үйрету курстары ұйымдастырылған.Әйтсе де, тіл үйрету үйірмелерінің жұмысы барлық мектептерде нәтижелі деуге келмейді.Тілді меңгерген педагогтар аз, мектеп басшысы жоқ деуге болады.Оқушылар сәлемдесуі №17,9,25,29,5,35,28,26 мектептерде ресми тілде.

Осы тексерілген мектептердің бәрінде де (орыс және аралас) іс қағаздары, өндірістік және педагогикалық кеңес хаттамалары, бұйрықтар т.б. сондай-ақ мәжілістер мен кеңестер, салтанатты жиындар мен кештер екі тілде жүргізіледі. №5,№9,№35,17 мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестіктерінің (кафедра) жылдық жұмыс жоспарларында, мұғалімдердің жеке іс-қағаздарында грамматикалық қателер кездеседі. Ерекше бір атап өтетін мәселе орыс, аралас тілді мектептердің қазақ тілінде жазған барлық құжаттары (мектептің жұмыс жоспары, мұғалімдердің күнтізбе жоспары, хаттамалар, т.б.) грамматикалық қателерге тұнып тұрады, себебін сұрасақ, «компьютерден қате кетеді» немесе «аудармашымыз солай жазған» дейді. .

Білім беру мекемелерінің шығыс қағаздары келген қатынас-хаттардың қай тілде келгеніне қарай жіберіледі.

22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиетінен мектепішілік пәндік апталықтар мен онкүндіктер барлық мектептерде жылма-жыл жоспарлы түрде өткізілген. Онда оқушылардың жан-жақты танымдық деңгейлерін көтеру мен ізденімпаздыққа баулу, өзіндік ойлау жүйесін дамыту мақсатында түрлі тақырыптарда әдеби кештер, танымдық (Дебат, «XXI ғасыр көшбасшысы», «Ғажайып алаң») байқаулар, қабырға газеттері шығарылып, мәнерлеп оқу, шығармалар байқаулары ұйымдастырылып отыратындығы жылма-жыл жинақталған құжаттарынан байқалды. «Мемлекеттік тілді білесің бе?», «Мемлекеттік тілдің үздігі», «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде»атты байқаулар, тақырыптық кештер,«Тіл-қазына», «Әлия-біздің мақтанышымыз», «Кім жүйрік?» дөңгелек үстел, «Ана тілі-қадірлеп ұстайтын байлық» атты әдеби-музыкалық кештер, ұйымдастырылып отырған.

Биылғы оқу жылында оқушыларға ана тілін жете меңгерту мақсатында бұрыннан тереңдетіп оқытып келе жатқан 11мектептің үстіне 3мектеп(№11,28,16) қазақ тілін тереңдетіп оқытатын кластар ашқан. № 16 мектепте қазақ тілі екі жылдан бері тереңдетіп оқытылады.(6 в,5а) Білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші ойдағыдай емес,себебін сұрағанда жалпы осы кластардың білім көрсеткіштері басқа пәндерден де айтарлықтай емес болып шықты.Қазақ тілінен жақсы білімдері болмағанмен оқушылардың қызығушылықтары мен ата-аналардың өтініштері ескерілген.

2005-06 о.ж. 2006-07 о.ж.

класс жылдық сапа/үлг. класс 1-тоқсан сапа/үлг. 2-тоқсан сапа/үлг

5 «В» 79/100 6 «В» 64/100 61/100

4 «А» 74/100 5 «А» 64/100 50/100

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесін жетілдіруде жоспар бойынша №51,4,2,50,33,31,Пригородный орта мектептерінде семинарлар өткізілген.

Тексеру барысында 160 сабаққа қатынасылды. Пән мұғалімдері сабақта әртүрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен ізденуіне, қосымша материалдар арқылы білімдерін кеңейтіп отыруларына және ойларын әдеби тілде еркін жеткізуіне көп көңіл бөледі. Сонымен бірге нақты өмірмен байланыстырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға көңіл бөледі. Сабақ барысында әр мұғалім жеке әдістемелік проблемасын жүзеге асырып отырады, өзіндік оқыту әдістемелері қалыптасқан. З.Х.Арыстанова,Р.С.Жантурина, Ж.Е.Раева (№20), Б.Башпаева,А.Көшербаева (№16)Г.Сапартілеуқызы,М.ҚаракөзоваА.Қосуақова,Қ.Көлкебаева(№51) Г.Ж.Бисенова(№9),Қ.Шоқаева(№32),Г.Санаева(№42),О.Саймова(№12), МұхамедияроваБ(№48),М.Қорғанбек(№34),Р.Нығымет(№36), Ж.Қожанова(№30),А.Құлтаева(№14),З.Сүгірбаева(№2),А.Сапарова(№11), Г.Қоспанова(№31),А.Шужина№38),Б.Букекова,З.Джантаева,Т.Албаева(№23)А.Ермаханова,А.Күштаев№39),В.Жаумитова,Г.Әбдіқадырова(№19),Қ.Жаке- шева, М.Таңжарықова (№21) қазақ тілі мен сабақ өткізуде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланады.Сабақ барысында бұл пән мұғалімдері оқушылардың ана тіліне деген құрмет сезімін оята отырып, тіл дамыту бағытында түрлі жұмыстар жүргізеді.

Тексеру кезінде алынған диктант жұмыстары мен сол мектептердің ішкі бақылау жұмыстарының қорытындысын салыстырғанда №34,36,47,24,21,19,38,39,23,51) оқушыларының білім сапасының көрсеткіші тұрақты екендігі байқалды. Мұғалімдердің күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарлары тексерілді. Күнтізбелік жоспарлар негізінен мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жасалынған, бекітілген. Оқу бағдарламасының орындалуы мемлекеттік стандарт талаптарына сай. Десек те кей мектептер -дің (№5, 9, 16, 35,29,17,3,28,26) пән мұғалімдеріне күнделікті сабақ жоспарларын жүйелі құру және оны тиімді өткізулеріне әдістемелік көмек қажет.Аталған мектептердегі кейбір мұғалімдердің сабақ жоспарларында сабаққа қойылып отырған 3 мақсаты айқын емес,кейбіреулері қойылған мақсатпен жұмыс жасай алмайды. Жоспар өте қысқа ,кейбіреулерде күнбе –күн сабақтың тақырыбын ауыстырып көшіре бергендей. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыратын әдіс –тәсілдерді түрлендіру, оларды қолдану, оқытудың жаңа әдістерін енгізу жолдарын қарастыру керектігі мектеп басшыларына ескертілді.(И.А.Туребекова,П.Мамутова(№17),Г.Галиева,Ш.Кулжанова(№3),Тілеубердинова К.Қ.(№16).Бақылау жұмысының нормасы орындалмауы, жазба жұмыстарының тоқсан соңына ,дәл соңғы күнге келуі көп,орыс тілді мектептерде шығарма,мазмұндама бағалары бірыңғай талаппен қойылмаған,себебін сұрағанда қазақ тілі мен әдебиетін бір мұғалім жүргізбегендіктен деген уәжге тоқтадық.Әдебиет пәнін орыс тілді класта жүргізудің өзіндік қиыншылықтары бар екендігіне дау жоқ, әйтсе де қала мектептері қазақ тілі маманымен толық қамтылғанын естен шығармау керек.Дипломды маман әдебиетті жүргізуге тиіс , оған талап қойылу керек.Кейбір мұғалімдер әдебиетті таза қазақ тілінде жүргіземін деп мәтіннің мағынасын оқушылар толық түсіну үшін жеткілікті жұмыс жасамайды. Оқу техникасы төмен кластар да (№26,25,17т.б.) кездесті.

№37 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жеке проблемасы, әдістемелік бірлестіктің жылдық жұмыс жоспары қайтадан қаралып, өзгертулер енгізуді қажет етеді. № 12,29 орта мектептің бірлестік отырысының хаттамаларында толықтырып, нақтылауды қажет ететін тұстары бар.

№51,№20,23,21,24,19,39,34,47,25 орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестіктері ана тілі сабақтарының сапасын арттыру, мемлекеттік тілді дамыту мақсатында нақты және жүйелі жұмыстар жүргізеді. Осы аталған мектептерде әр тоқсан сайын мектепішілік бақылау срездері алынып, оның қорытындысы директор жанындағы кеңестерде талқыланып, білім сапасын көтеру мақсатында нақты іс-шаралар жүргізілетіндігі көрінеді. Барлық мектепте қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттері бар,бірақ олардың жабдықталуы жұпыны,көпшілігі пән бірлестігі мүшелерінің күшімен ұсталуда. Қазақ әріптері енгізілген компьютер кабинеттері жұмыс жасайды. №9,32,39,1,2,19 мектептер қазақ тілі сабақтарында электронды оқулықтарды тиімді пайдалану жолдарын қарастыруда.

Мектептердің оқу жоспарларында негізгі пәндік жүктемелерден тыс облыстық білім департаментінің нұсқауы негізінде берілген ҚББ-нің бұйрығымен қосымша сағаттар бөлінген.

№51 гимназияның мемлекеттік тілге, оны оқыту мен дамыту барысындағы жұмыстарын өзге мектептерге үлгі етуге тұрарлықтай.

№20 орта мектеп-лицейінде қазақ тілі кафедрасы мұғалімдері өз сабақтарында өзге ұлт өкілдері балаларына мемлекеттік тілді оқытудың тиімді жолдарын іздестіру мақсатында деңгейлік тестілер жинағын (Р.С.Жантурина), «Кластан тыс жұмыс түрлері», «5-9 кластарға арналған тест» жинағын (З.Х.Арыстанова), «Оқушылардың білім деңгейін арттыруға бағытталған журнал» (Ж.Е.Раева) баспадан шығарған.

№ 9, 20, 51,19,21,23,24,38,39 мектептерде дарынды балалармен жұмыс біршама жолға қойылған. Аталған мектеп оқушылары қалалық, облыстық пәндік олимпиадаларда бірнеше жылдан бері тұрақты түрде жүлделі орындар иеленген,түрлі сайыстар,шығармалар байқауы,”Абай-Шәкәрім оқулары”,Дарын, ҚҒА бойынша жетістіктері бар. Дегенмен жекелеген оқушылардың жетістіктері мыңнан аса оқушысы бар (оның шамамен 60-70 пайызы қазақ) бүкіл бір мектеп ұжымы үшін аса бір үлкен жетістік болып қалмауы тиіс.Тексеру кезінде алынған диктант жұмыстарынан олардың сауаттылығы, сонымен қатар ауызекі сөйлесу кезіндегі тілді меңгеру дәрежелері көңіл қуантарлықтай емес.

Барлық мектептерден жазба жұмыстары алынып, оның қорытындысы мектепішілік бақылау срездерінің нәтижесімен салыстырылды.

Мек-

теп


мектепішілік

қалалық

айырмашылығы

Сапа/үлг

Сапа/үлг

Сапа/үлг

№5



20/67 (4б)

8/75 (8б)

17/57 (9б)

50/87 (9в)







№9



58/91 (9г)

72/86 (9б)

74/100 (9в)

75/100 (11б)

53/91 (11в)

78/100 (4а)




31/81 (9г)

47/74 (9б)

93/100 (9в)

77/94 (11б)

76/94 (11в)

67/92 (4а)




-10/-17

-12/-25

+/+19


-6/+2

+3/+23


-8/-11

№10


63/100 (4-кл)




62/100 (4-кл)




-1/




№25


57/50 (5а)

70/96 (4б)

54/91(9в)


43/50

42/57


29/62(9в)

-14/0

-28/39


-25/29

№16

54/83 (11б)

60/88 (9б)

64/96 (9а)

38/92 (8б)





67/78 (11б-кл)

65/87 (9б-кл)

23/41 (9а-кл)

43/65 (8б-кл)




-13/-5

+5/-1


-41/-55

-5/-27



№20


68/100 (6в)

50/91 (6г)

44/97 (9д)


72/89 (6в)

52/85 (6г)

42/90 (9д)


+4/-11

/-6


-2/-7

№35

32/80 (9в-кл)

56/87 (8а-кл)

58/79 (5а-кл)


16/47 (9в-кл)

64/93 (8а-кл)

27/81 (5а-кл)


-16/-33

+7/+6


-7/-29

Комиссия мүшелері қала мектептеріндегі мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарына талдау жасай келе төмендегідей ұсыныстар жасайды:


  • қаланың орыс және аралас мектептерінің орыс сыныптарына, әсіресе бірінші сыныптарына келетін қазақ балаларының жыл сайын көбейе түсуіне байланысты қазақ балаларын тек қана қазақ сыныптарына қабылдау, осы мақсатта ата-аналармен жүйелі де пәрменді жұмыстар жүргізу;

  • мектептердің базистік оқу жоспарында негізгі оқу жүктемелерімен қоса берілген қосымша сағаттардың есебінен орыс және аралас мектептеріндегі орыс сыныптарында қазақ тілін тереңдетіп оқыту арқылы қазақ тілін меңгертіп бітіртудің нақтылы шараларын алу;

  • орыс тілді мектептерде бір кластағы қазақ тілі мен әдебиетінің жүктемесін бір мұғалімге беру;

  • қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының берілуін жетілдіру үшін қазіргі оқыту әдістемелеріне сай қазақ тілі кабинеттерін материалдық-техникалық жағынан жабдықтауға,оқу- көрнекі құралдар алуға мектеп басшылығы тарапынан жәрдем беру;

№5,9,16,35,29,17,3,28,26 мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеруді ұйымдастыру және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің берілу деңгейін жүйелі бақылауға алу;

№35,28,35,28,29 мектептерде білім сапасын бақылау мақсатында мектепішілік бақылау срездерін жоспарлы түрде алып, оның нәтижесін әкімшілік тарапынан саралап отыру;



№5, 12, 16, 35, 37 орта мектептерде дарынды оқушылармен жұмысты жолға қойып, дамыту;

  • қазақ тілі мен әдебиетінен қала көлемінде өткізілетін пәндік-әдістемелік шараларға тәжірибе алмасу мақсатында жас мамандардың қатысуларына мектеп әкімшілігі тарапынан ынталылық таныту;

Дайындаған:

Комиссия төрайымы А.Тамашева
Каталог: metod
metod -> Атаулы күндер
metod -> Өмірбаяны Жазушы Жайық Кагенұлы Бектұров 1912 жылы 15- қазанда Ақмола облысының казіргі Алексеев ауданындағы Амангелді ауылында туған
metod -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері. Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығарма
metod -> Біз – Қазақ, ежелден еркіндік аңСАҒАН
metod -> Методические рекомендации по обеспечению и организации оздоровительного отдыха, досуга и занятости детей в период летних каникул на 2016 год
metod -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
metod -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
metod -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
metod -> Составители: доктор филос наук, проф
metod -> Гбук «Оренбургская областная полиэтническая детская библиотека»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет