Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Жаңатаң орта мектебінің мұғалімі
Бердешова Ұлболсын Саменқызы
Сабақтың мақсаты: білімділік- Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау; Ахмет еңбектеріне шолу жасау; Ахметтің халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінін жоғары екендігін ұғындыру. Ақын мысалдарының негізгі идеясын, мазмұнын түсіндіру.
тәрбиелік-оқушыларды білімділікке, мәдениеттілікке, адамгершілікке баули отырып, көрсеқызарлықтан, көре алмаушылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
дамытушылық- Ой-өрісін, таным қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: слайд сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, салыстыру, мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу, жинақтау, топтастыру, талдау
Көрнекілігі: Ахмет Байтұрсынов суреті, ақын туралы дәйексөздер, кестелер, схемалар, «Өгіз бен бақа» суреті.
Пәнаралық байланыс; тарих, биология, қазақ тілі, бейнелеу.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушылармен амандасу;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау;
2.Үй тапсырмасын тексеру
1-слайд
“Ел үмітін-ер ақтар” тақырыбында эссе жазу.
3.Үй тапсырмасын қорытындылау.
2-слайд
Тест
1.”Толағай” қандай ертегі түріне жатады?
А) қиял ғажайып ертегісіне
ә)шыншыл ертегіге
б)әдеби ертегіге
2. Әбділда Тәжібаевтың өмір сүрген жылдары?
А)1865-1932
ә)1909-1995
б)1904-1990
3.Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған?
А)Қуаңшылық
ә)топан су
б)қатты дауыл
4.Толағайға сай сипаттама
а)қорқақ, ез, қайырымсыз
ә)ержүрек, қайырымды, елі үшін туған ер
б)қатігез, өркөкірек, жігерсіз
5.»Толағай» шығармасының басты тақырыбы?
а)ерлік туралы
ә)жақсылық пен жамандық туралы
б)қатыгездік туралы
4. Жаңа сабақ
3– слайд
Мысал
Шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді.
Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейміз.
4-слайд
Ахмет Байтұрсынов
(1873-1938)
Бұрынғы Торғай облысында, орта дәулетті шаруа отбасында дүниеге келген.
Жазықсыз жалаға ұшырап, 1938 жылы атылған.
Ахмет-қоғам қайраткері, тамаша оқулықтар жазған педагог, дарынды ақын, шебер аудармашы, ірі ғалым болды.
Орыс ақыны И.А.Крыловтың мысалдарын Абайдан соң аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургте кітап етіп шығарды.
5-слайд
Өгіз бен бақа
(ертегі суретін слайдтан көрсету)
Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу
6 – слайд
қоғам қайраткері
ағартушы мысал
жанрының
шебері
педагог
дарынды ақын
педагог
аудармашы ірі ғалым
7– слайд
Композициялық
құрылымына талдау
Бір ө-гіз ай-дын шал-қар көл-ге кел-ді,
Жа-ға-лап су-а-ты бар жер-ге кел-ді.
Шіл-де-нің сар-ша та-мыз ыс-сы ке-зі,
Бек қат-ты қа-ны қа-шып шөл-деп е-ді.
9 шумақ, 36 тармақ, 3 бунақ, 11 буынды, а,а б, а-қара өлең ұйқасы
8–слайд
Сабақ жоспары:
(Өлеңді мәнерлеп оқыту, мысал өлеңге жоспар құрғызу)
1. Өгіздің шөлдеп келіп су ішуі.
2. Көрсеқызар бақа.
3. Бақаның қарнын керуі.
4. Бақаның жарылып өлуі.
5.Әлін білмеген әлек
9
Көрсеқызар
– слайд
әлін білмеген әлек
мақтаншақ
күншіл
10-слайд “Синкуэн” әдісі
1.Тақырып /зат есім/-
2.Суреттеу /сын есім/-
3.Қимыл /етістік/-
4.Сезіну /сөз тіркесі н/е сөйлем/-
5.Түйінді ой -
11 – слайд
Семантикалық кесте
Шығарма тақырыбы
|
Мысалдың негізгі тақырыбы,идеясы
|
Мысал туралы сенің пікірің
|
|
|
|
12–слайд
Үйге тапсырма
1. Көрсеқызарлық, күншілдік, мақтаншақтық туралы
мақал - мәтелдер жазып келу .
2. Мәтінді мәнерлеп оқу.Рөлге бөліп оқуға дайындалып келу.
3. ”Екі бетті күнделік” стратегиясы бойынша кесте толтыру.
Әңгімеден алған әсерім
|
Пікірім
|
|
|
13 – слайд
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |