Ү. Бағалау. ҮІ. Үйге тапсырма: «Ерлік жасай білеміз бе?» тақырыбында шығарма жазу.
Сыныбы: 7
Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырыбы: «Әдебиет әлемінде» - зияткерлік ойыны Мақсаты: оқушылардың әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырып, олардың дүниетанымын, ой- өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілі: нақыл сөздер, шарлар
Сабақ барысы:
Бүгінгі біздің «Әдебиет әлемінде» атты зияткерлік ойын сабағымызға қош
келіпсіздер! Сендердің қазақ әдебиетінен қаншалықты білімді екендеріңді осы сабақта көрсетесіңдер.
Сабақ сайыс болғандықтан 2 топқа бөлінулерің керек. Сайысты бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Бекетаев Талғат – оқу ісінің орынбасары
Орымхан Серікболат – тәрбие ісінің орынбасары
Ә. Фатколлаева - «Тіл , әдебиет және қоғамтану» пәндер бірлестігінің жетекшісі
Н. Жақсылық- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады. Әр кезең 1-5 ұпай аралығында бағаланады.