Атомдық физика


Атомдық физика пәні бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі



бет18/18
Дата06.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#27472
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
3. Атомдық физика пәні бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі





Жұмыстың түрлері

Орындалу ұзақтығы

Тексеру формасы

Тапсыру мерзімі

Балдар

максимум

айыппұл

1

2

3

4

5

6

1

№1 Жеке тапсырмалар

6 апта

Жазбаша есеп

7-апта

4
100пайыз үшін

1
Уақытылы тапсырмағаны үшін

2

№2 Жеке тапсырмалар

7 апта

Жазбаша жұмыс

15 апта

4
100пайыз үшін

1
Уақытылы тапсырмағаны үшін

3

Коллоквиум 1

4 апта

ауызша жауап

5 апта

5

2
Уақытылы тапсырмағаны үшін

4

Коллоквиум 2

8 апта

ауызша жауап

14 апта

5

2
Уақытылы тапсырмағаны үшін

5

Бақылау жұмысы

6 апта

Жазбаша жауап

8 апта

5

2
уақытылы тапсырмағаны үшін

6

Бақылау жұмысы

6 апта

ауызша жауап

15 апта

5

2
уақытылы тапсырмағаны үшін

7

Лабораториялық жұмыс

50 минут

ауызша жауап




0,4

0,2
уақытылы тапсырмағаны үшін

9

Реферат

11 апта

Жазбаша жұмыс

12 апта

5

1 уақытылы тапсырмағаны үшін



4. Физика пәнінің оқу-әдістемелік қамту картасы
Физика кафедрасы, тьютор Сырым Ж.С.
Пән – физика
Кредит саны – 3





Әдебиет атауы

Барлығы







кітапханада

кафедрада

Қамтылу пайызы

Эл-қ түрі

Ескерту




3

Ақылбеков Ә. “Физика”

20

жоқ

100

жоқ







4

Абдуллаев Ж. “Жалпы физика курсы”

20

жоқ

100

жоқ







5

Арызханов Б.С. “Физика курсы”

20

жоқ

100

жоқ







6

Ахметова Б.Ғ.,
Әділбаев Ә.Х. “Физика курсы”

20

жоқ

100

жоқ







7

Савельев И.В.
“Жалпы физика курсы”

8

жоқ

50

жоқ

сатылады




10

Волкенштейн В.С. “Сборник задач по общему курсу физики”

20

жоқ

100

жоқ







11

Цедрик М.С. “Сборник задач по общему курсу физики”

20

жоқ

100

жоқ







12

Евграфова А.Н.,
Кагон В.Л.
“Курс физики”

20

жоқ

100

жоқ







14

Трофимова Т.И.
“Курс физики”

3

жоқ

20

жоқ

сатылады




15

Яворский Б.М.,
Детлаф А.А., “Справочник по физике”

20

жоқ

100

жоқ










  1. Атомдық физика пәні бойынша дәрістердің конспектілері

1 дәріс


Тақырып: Ядролық модельдері. Томсонның атом моделі. Резерфордтың атом моделі.
Дәрістің мазмұны: Ядролық модельдері. Томсонның атом моделі. Резерфордтың атом моделі. Бор постулаттары. Сцинтилляциялық экранның әсер принципі.
2 дәріс
Тақырып: Франк және Герц тәжірибесі. Сутек атомының спектрі.
Дәрістің мазмұны: Сутек атомының теориясы. Франк және Герц тәжірибесі. Сутек атомының спектрі. Бор орбитасының радиусының формуласын қорыту. Бор теориясының кемшіліктері.
3 дәріс
Тақырып: Кванттық механиканың негіздері. Луи де Бройль формуласы.
Дәрістің мазмұны: Луи де Бройль формуласы. Гейзенбергтің анықталмаушылық принципі. Толқындық функция. Шредингер теңдеуі. Девидсон және Джермер тәжірибелері.
4 дәріс
Тақырып: Кванттық механиканың негіздері. Зееман эффектісі. Штарк эффектісі.
Дәріс мазмұны: Кванттық механикадағы сутек атомы. Кванттық сандар. Зееман эффектісі. Штарк эффектісі. Фермиондар және бозондар. Паули принципі. Бөлшектердің ажыратылмаушылық принципі. Рентгендік спектрлер. Мозли заңы.
5 дәріс
Тақырып: Атом ядросының құрылысы және негізгі сипаттамалары.
Дәріс мазмұны: Атом ядросының заряды, құрамы және өлшемі. Байланыс энергиясы және ядро массасы. Ядроның спині, магниттік және электрлік момент.
6 дәріс
Тақырып: Ядролық күштер. Ядролық модельдер.
Дәріс мазмұны: Ядролық күштердің ерекшеліктері. Ядроның тамшы моделі. Ядроның қабықша моделі.
7 дәріс
Тақырып: Радиоактивтілік. Радиоактивті сәулелену және оның түрлері.
Дәріс мазмұны: Радиоактивтілік. Радиоактивті сәулелену және оның түрлері. Радиоактивті ыдырау заңы. α - ыдырау. α - ыдырау үшін ығысу ережесі.
8 дәріс
Тақырып: Радиоактивтілік. Радиоактивті сәулелену және оның түрлері.
Дәріс мазмұны: Радиоактивтілік. Радиоактивті сәулелену және оның түрлері. Радиоактивті ыдырау заңы. α - ыдырау. α - ыдырау үшін ығысу ережесі.
9 дәріс
Тақырып: Ядролық реакциялар.
Дәріс мазмұны: Ядролық реакциялардың сипаттамалары. Ядролық реакциялардың түрлері. Ядролық энергетика.
10 дәріс
Тақырып: Ядролық реакциялар.
Дәріс мазмұны: Ядролық реакциялар. Ядроның бөліну реакциясы. Тізбекті реакция. Атом ядроларының синтез реакциясы. Термоядролық синтез.
11 дәріс
Тақырып: Ғарыштық сәулелер.
Дәріс мазмұны: Ғарыштық сәулелер. Бірінші және екінші ретті ғарыштық сәулелер.
Кең атмосфералық жолақтар.
12 дәріс
Тақырып:. Фундаментальдыы әсерлесулер.
Дәріс мазмұны: Фундаментальдыы әсерлесулер. Күшті, электромагниттік және әлсіз әсерлесулер. Гравитациялық әсерлесулер. Вайнберг-Салам теориясы
13 дәріс
Тақырып: Элементар бөлшектер.
Дәріс мазмұны: Элементар бөлшектер. Элементар бөлшектердің классификациясы. Нуклондардың құрамы.
14дәріс
Тақырып:. Сыртқы өрістердегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы. Қозғалыс заңдары. Анализаторлар.
15 дәріс
Тақырып: Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері.


Атомдық физика пәні бойынша глоссарий



Қазақша атауы

Орысша атауы

Ағылшынша

1

Фотон

Фотон

The Photon

2

Байланыс энергиясы

Энергия связи

The Energy relationship(communication)

3

Атом

Атом

The Atom

4

Электрон

Электрон

The Electron

5

Протон

Протон

The Protron

6

Нейтрон

Нейтрон

The Neutron

7

Элементар бөлшектер

Элементарные частицы

The Elementary particles(grains)

8

Постулат

Постулат

The Postulate

9

Серия

Серия

The Series

10

Квант

Квант

The Quantum

11

Спектр

Спектр

The Spectrum

12

Электрон спині

Спин электрона

The Backs of the electron

13

Фермиондар

Фермионы

Fermiony

14

Бозондар

Бозоны

Bozony

15

Энергетикалық деңгей

Энергетический уровень

The Energy level



16

Масса дефектісі

Дефект массы

The Defect of the mass

17

Радиоактивтілік

Радиоактивность

Radioactivity

18

Ядроның моделі

Модель ядра

The Model kernel(nucleus)

19

Ыдырау

Распад

The Disinteration

20

Сәулелену

Излучение

The Radiation

21

Реакция

Реакция

The Reaction

22

Позитрон

Позитрон

The Positron


  1. Практикалық сабақтардың жоспары






Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Электромагниттік сәулеленудің кванттық табиғаты.



Планк тұрақтысы. Эйнштейн теңдеуі. Жарық қысымы.

1

[9]; [10]; [11]



2

Комптон эффектісі. Рентгендік сәулелер.



Комптон формуласы. Комптондық толқын ұзындығы. Мозли формуласы.

2

[9]; [10]; [11]



3

Бөлшектердің шашырауы. Резерфорд-Бор атомының моделі.



Бор постулаттары. Бор орбиталарының радиустары.

3

[9]; [10]; [11]



4

Заттың толқындық қасиеттері.



Де Бройль толқын ұзындығы.

4

[9]; [10]; [11]



5

Шредингер теңдеуі.



Шредингер теңдеуі. Гейзенбергтің анықталмаушылық принципі.



5

[9]; [10]; [11]



6

Орнықты ядролар. Ядроның заряды, массасы және радиусы.



Байланыс энергиясы. Массалар ақауы.

6

[9]; [10]; [11]



7

Ядролық күштер. Ядролық модельдер.



Ядролық күштердің түрлері.

7

[9]; [10]; [11]



8

№1 Бақылау жұмысы






8

[9]; [10]; [11]



9

Радиоактивті ыдырау заңы.



Жартылай ыдырау периоды. Активтілік.

9

[9]; [10]; [11]



10

Ядролық реакциялар.



Ядроның бөліну реакциясы. Тізбекті реакция. Атом ядроларының синтез реакциясы.

10

[9]; [10]; [11]



11

Ядроның бөлінуі. Тізбекті реакция.



Ядролық реакциядағы сақталу заңдары.

11

[9]; [10]; [11]



12

Жоғары энергиялы бөлшектер.



Бөлшектердің ыдырауы.

11

[9]; [10]; [11]



13

Элементар бөлшектер.



Элементар бөлшектер.



13

[9]; [10]; [11]



14

Элементар бөлшектердің қасиеттері.



Элементар бөлшектердің қасиеттері.



14

[9]; [10]; [11]



15

№2 Бақылау жұмысы.






15

[9]; [10]; [11]





7. Практикалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар
Физика курсын жақсы меңгеру үшін және жоғарғы оқу орнында оқуға әзірлену үшін ең алдымен сабақтың әдістемесін жасап алу керек. Жетістіктің негізгі шарты – жүйелі түрде оқу. Кез келген кітапты оқи беру пайдасыз, оны конспектілеу қажет. Яғни өзіңе керегін, яғни өзіңнің түсінгеніңді жазып алу керек. Кітапты тұтас көшіруге болмайды. Ал түсінбей қалған нәрселеріңді келесі сабақта мұғалімнен сұрап алып, қайта қосымша конспектілеу керек. Егер кітаптың белгілі бір тарауы түсініксіз болып қалса да, бұл сіздің қабілетіңіздің көрсеткіші емес, бұл тек өзіңізге және басқа адамдарға сұрақ қоя білмегеніңізден. Орта мектептің көлемінде де «неге?», «не үшін?», «қайдан?» деген сұрақтарсыз оқуға мүмкін еместігі белгілі.
Курста кездесетін қорытындыларды өз беттерімен жасау қажет (белгілі бір уақыт өткеннен кейін, конспектіге қарамай немесе оқулыққа қарамай жасауға тиісті.)
Сіз физикалық және грамматикалық дұрыс анықтама беріп үйренгеннен кейін, физикалық заңдарды жазып және олардың, қайда және қалай қолданылатындығын түсіндіріңіз, өздігіңізден зертханалық жұмыстарды істеп, жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасап және есептер шығаруын үйренуіңіз керек. Бұл жағдайда, берілген тарауды оқып үйрену, аяқталған деп есептеуге болады.
Қорытындыларды, анықтамаларды және тұжырымдамаларды жаттап алуға үйренбеу керек. Олардың мәнін түсіну қажет.
Қажетті жағдайда, түсінілген және бекітілген оқу материалы жадымызға енеді. Оқу материалын меңгеру үшін әртүрлі оқулықтарды пайдалану тиімді. Ал, емтиханға әзірленген кезде, студенттің өзінің конспектісі жеткілікті. Практикалық сабақтар төрт компоненттен тұрады: дәріханадағы жұмыс, үй жұмысы, жеке жұмыс және бақылау жұмысы. Барлық компоненттерде де есеп шығарылуы тиісті.
Есеп шығару дегеніміз – берілген кестелік шамалар арқылы, белгісіз шаманы анықтау.
Салыстырмалы түрде есепті жеңіл шығару үшін, есепті шығарудың стандартты ретін ұстауларын қажет етеді:

  1. Есепті мұқият оқып шығып, оның математикалық шарттарын жазып алу керек. Сонымен бірге бірдей шамаларды ұқсас әріптермен белгілеу керек. (Бір шаманың әр түрлі мәндерін индекстері әр түрлі бір әріппенен белгілейді, ал бірдей индекстермен бірдей объектіге (күйге) қатысты әріптерді белгілейді.

  2. Барлық берілген шамаларды бір өлшем бірліктер жүйесіне көшіру қажет. Бұл жағдайда нәтижені есептеу керек емес. Себебі, әрбір жауапқа әрекеттердің бөлігін қойған кезде, басы артық болуы мүмкін, есептің шартында және жауабында физикалық шамаларды олардың аттарымен жазу керек. Әрекеттерді орындаған кезде, барлық шамалар өлшемділіктеріменен қойылады.

  3. Қажет тұрғызулармен суреттерді жасаңыздар.

  4. Есептің шартын ойлаңыздар. Есепте қандай процестер жүзеге асады және олар қандай заңдылықтарға бағынады. Есепті шығару жолының мысалын көрсетіңдер. Бұл жағдайда белгісіз шама – сізді алға жетелейді, ал белгілі – есепті шығарудың белгілі тәсілін ойыңызға түсіреді.

  5. Анықталатын шама енетін сәйкесті өрнек қажетті жағдайда, кітапты немесе конспектіні пайдалану арқылы өтілген материалдардан таңдап алынады. Таңдап алу, шығармашылық процесс. Есепті шығарудың ең тиімді жолын таңдап алуымыз керек. Бұған студенттерді үйретуге болмайды. Себебі есептерді шығарудың жолдары, есептердің өздерінен бірнеше есе артық. Бірақ бұған жеткілікті түрде есептердің санын шығару процесінде және кездесетін барлық сұрақтарды анықтаған кезде, үйренуге болады (есеп негізделген теорияны түсіндірген жағдайда, ал теория меңгерілмеген жағдайда, мұндай есептерді шығару ерте.) Таңдап алынған қатынастың түрлерін жазып алыңыздар.

  6. Сіздің есепте берілген нақты процесске қатысты таңдап алынған қатынасты берілген және іздеп отырылған шамалардың белгіленулерін мүмкіндігінше пайдаланып жазыңыздар. Қатынасты қарапайым түрге келтіріңіздер.

  7. Алынған теңдеуді қарастырыңыздар. Егер онда бір белгісіз шама болса, оны табыңыздар, сонда сіз есептің әріптік жауабын шығарып аласыңдар, яғни іздеп отырылған шаманы берілген және кестелік шамалар арқылы шаманы өрнектеу арқылы.

Егер, есепте белгісіз шамалар бірнешеу болса, онда заңды анықтаманы жалпы түрде немесе жалпы формуланы тағы да таңдап алып, жазу қажет. Одан басқа белгісіз шаманы табуға болады (Берілген есепте, мұндай жазу болмаған жағдайда) 6 пункттағы әрекеттерді қайталаңыздар және алынған теңдеулердің жүйесін қарастырыңыздар.
Егер, белгісіз физикалық шамалардың саны теңдеулердің санынан артық болса, толық теңдеулер жүйесін алғанға дейін қайталау керек, яғни белгісіз шамалардың саны теңдеулердің санына тең болғанша.
8. Ізделініп отырған шамаға қатысты теңдеулердің толық жүйесін белгілі бір алгебралық тәсілмен шығару қажет.
Есепті шығарудың осындай деңгейінің қажеттілігі өте үлкен. Себебі, осы жерде жіберілген қате есептің дұрыс шығармауына әкеп соқтырады. Сонымен бірге, бұл жерде математикалық білімді тек қана дұрыс қолдану қажеттілігін ойламау қажет.
9. Кей жағдайда, теңдеулер жүйесін құрастырудың орнына, әрбір белгісіз шаманы тауып, ізделініп отырған шаманың теңдеуіне қойған оңай болады. Сөйтіп, бұл теңдеуде, жаңа белгісіз шамалар пайда болуы мүмкін. Оларды, бұрынғы әдістермен іздейді. Ақырында теңдеуде, белгісіз шама қалмайды. Пайда болған бір белгісіз бар теңдеуді шешу арқылы есептің таңбамен берілген жауабы шығарылады. Жауапта кейбір берілген шамалар қатыспауы мүмкін. Себебі, есепті басы артық берілгендер болады.
10. Таңбалық жауапқа берілген және кестелік шамалардың сан мәндерін және өлшемділіктерін қойыңыздар. Егер соның нәтижесінде дұрыс емес өлшемділік шықса, ол жіберілген қателікті тура көрсетеді. Ал, дұрыс өлшемділік есептің дұрыс шығарылғандығының дәлелі емес. Есептеулерді логарифмдік сызғышты пайдаланып шығарады және оның дәлдігімен, яғни үш мәнді цифрмен шектеледі. Мүмкіндігінше, аралық шамаларды есептеудің қажеті жоқ. Мысалы, таңбалы жауапты әрекет көбейту мен бөлумен шектелетін болса, онда бірден жауап есептелінеді.
Жуық шамаларды төрт мәнді цифрға дейін дөңгелектейді немесе мәнді цифрлардың санына дейін, яғни ең аз берілген жуық шамадан бірге артық цифрға дейін соңғы жағдайда, сандық жауапты ең аз дәл берілген шаманың мәндік цифрының шамасына дейін дөңгелектейді. «Дәл» берілген шамаларды, негізінен жеткілікті дәлдікпен, яғни төрт мәнді цифрға дейін шамалар ретінде қарастырады.
Көптеген есептерде, үш мәнді цифрлармен алынған жауапты жеткілікті дәл деп есептеуге болады. (Егерде ол дұрыс болса).
Есепті былайша өрнектеген ыңғайлы: дәптерді сол жағында баған бойынша, есептің математикалық шарты және бірліктерді бір жүйеге келтіру жазылады. Оң жағынан, тізбектің суретін сызылады. Оның оң жағына, жалпы формулалар (заңдар, анықтамалар) үшін орын қалдырылады. Себебі, солардың негізі арқылы есеп шығарылады. Есепті шығаруды, ізделініп отырған шамадан басталатын және оның таңбалық жауаппен аяқталатын тізбек түрінде жазуға болады. Басқа жағдайларда, есепті шығару толық теңдеулер жүйесін құрайды және одан таңбалық жауап алынады.
Есептер әр түрлі болады: қиын, жеңіл. Есептің күрделілігі – қиындығы, ондағы әрекеттердің санының артуына байланысты. Ал, санның артуы берілген есепте пайдаланылатын теориялық мағлұматтардың аймағының кеңейуімен байланысты. Бірақта осыған қарамастан есептің шығарылу әдісі бұрынғысынша қалады.
Есепті өз беттеріңізбен шығарыңыздар. Шығару барысында кітапқанемесе конспектіге үңілуге болады. Есепті шығару барысында, математикалық қателіктер жіберуге болмайды.


8. Зертханалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар
Зертханалық жұмыстарды орындау төмендегі талаптарды білу қажет:

  1. Зертханалық жұмысты мұқият оқу керек.

  2. Зертханалық жұмыс дәптеріне зертханалық жұмыстың тақырыбын, құралдар мен жабдықтарын, мақсатын және кестелерін сызу қажет .

  3. Зертханалық жұмысқа жіберу сұрақтарына жауап беру.

  4. Жұмысқа жіберілгеннен кейін жұмысты орындауға кірісу.

  5. Алынған мәндер бойынша есептеулер жүргізіп, қателіктерін табу.

  6. Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасау.

  7. Зертханалық жұмыстың тапсыруға арналған сұрақтарына жауап беру.

9. Курс бойынша жазбаша жұмыстарының тақырыптары (реферат)

  1. Табиғаттағы термоядролық энергия.

  2. Ядролық энергия – болашақтағы энергетика негізі.

  3. Ядролық физика және космология.

  4. Басқарылатын термоядролық синтез.

  5. Ядролық реакторлар.

  6. Элементар бөлшектерді тіркеу және үдету әдістері.



Студенттердің өзіндік жұмыс орындауға арналған тақырыптары(СӨЖ):

  1. Сцинтилляциялық экранның әсер принципі.

  2. №1 ПС тақырыптары бойынша есептер шығару

  3. №2 зертханалық жұмысқа дайындалу.

  4. Бор теориясының кемшіліктері.

  5. Электромагниттік сәулеленудің корпускулалық қасиеттері.

  6. №3 зертханалық жұмысқа дайындалу.

  7. Девидсон және Джермер тәжірибелері.

  8. №3 ПС тақырыптары бойынша есептер шығару

  9. №4 зертханалық жұмысқа дайындалу

  10. Рентгендік спектрлер. Мозли заңы.

  11. Гейзенбергтің анықталмаушылық принципі

  12. №5 зертханалық жұмысқа дайындалу.

  13. Ядроның спині, магниттік және электрлік момент.

  14. Мозли заңы.

  15. №6 зертханалық жұмысқа дайындалу.

  16. Ядроның қабықша моделі.

  17. Ядроның спині және магниттік моменті.

  18. №7 зертханалық жұмысқа дайындалу.

  19. α ыдырау заңы. α ыдырау үшін ығысу ережесі.

  20. №7 ПС тақырыптары бойынша есептер шығару

  21. №8 зертханалық жұмысқа дайындалу.

  22. Мессбауэр эффектісі.

  23. 1-7 практикалық сабақтар тақырыптары бойынша бақылау жұмысы

  24. №9 зертханалық жұмысқа дайындалу.

  25. Ядролық энергетика.

  26. №9 ПС тақырыптары бойынша есептер шығару

  27. №10 зертханалық жұмысқа дайындалу

  28. Термоядролық синтез.

  29. Ядролардың энергетикалық деңгейлері.

  30. Коллоквиумға әзірлік.

  31. Кең атмосфералық жолақтар.

  32. Термоядролық реакциялар.

  33. №12 зертханалық жұмысқа дайындалу.

  34. Вайнберг-Салам теориясы.

  35. №12 ПС тақырыптары бойынша есептер шығару

  36. №13 зертханалық жұмысқа дайындалу.

  37. Жеке тапсырмалар.

  38. №2 бақылау жұмысына әзірлік.

  39. №14 зертханалық жұмысқа дайындалу.

  40. Анализаторлар.

  41. №14 ПС тақырыптары бойынша есептер шығару

  42. Зертханалық жұмыстарды қорытындылау

  43. Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері.

  44. Бақылау жұмысын талдау

  45. Емтиханға әзірлік



Студенттердің оқытушымен бірге өтетін өзіндік жұмыс тақырыптары (ОЖСӨЖ):

  1. Бор постулаттары.

  2. №1 ПС тақырыптары бойынша есептер шығару

  3. Импульстің сақталу заңы.

  4. Бор орбитасының радиусының формуласын қорыту.

  5. Жылулық сәулелену.

  6. Энергияның сақталу заңы.

  7. Толқындық функция. Шредингер теңдеуі.

  8. Резерфорд формуласы.

  9. Жанама соққы. Импульстің сақталу заңы.

  10. Фермиондар және бозондар. Паули принципі. Бөлшектердің ажыратылмаушылық принципі.

  11. Де Бройль толқыны.

  12. Серпімді соққы. Механикалық энергияның сақталу заңы.

  13. Байланыс энергиясы және ядро массасы.

  14. Бөлшектердің потенциалдық шұңқырды жарып өтуі.

  15. Элементар бөлшектерді тіркеу және үдету әдістері.

  16. Ядроның тамшы моделі.

  17. Ядроның байланыс энергиясы.

  18. №6 зертханалық жұмыс бойынша есеп беру.

  19. Коллоквиум.

  20. №7 ПС тақырыптары бойынша есептер шығару

  21. №7 зертханалық жұмыс бойынша есеп беру.

  22. γ – сәулеленудің резонанстық жұтылуы.

  23. 1-7 практикалық сабақтар тақырыптары бойынша бақылау жұмысы

  24. Магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшектердің тректерінің фотографиясымен танысу.

  25. Ядролық реакциялардың түрлері.

  26. β-ыдырау. γ – сәулелену.

  27. Вильсон камерасының, көпіршікті камераның жұмыс принципі.

  28. Атом ядроларының синтез реакциясы.

  29. №10 ПС тақырыптары бойынша есептер шығару

  30. №10 зертханалық жұмыс бойынша есеп беру.

  31. Бірінші және екінші ретті ғарыштық сәулелер.

  32. №2 коллоквиум.

  33. №11 зертханалық жұмыс бойынша есеп беру.

  34. Гравитациялық әсерлесулер.

  35. №12 ПС тақырыптары бойынша есептер шығару

  36. Франк және Герц тәжірибесі.

  37. Рефераттарды тапсыру

  38. №2 бақылау жұмысына әзірлік.

  39. №13 зертханалық жұмыс бойынша есеп беру.

  40. Қозғалыс заңдары.

  41. №14 ПС тақырыптары бойынша есептер шығару

  42. Зертханалық жұмыстар бойынша есеп беру.

  43. Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері.

  44. Бақылау жұмысын талдау.

  45. Емтиханға әзірлік




  1. Білімді бағалау материалдары



Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек:

  1. Шынайылық

  2. Әділдік

  3. Айқындылық

  4. Икемділік

  5. Жоғары дифференция

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.


Қорытынды бағалау мен рейтингті бақылау

  • Семестрдің 8 аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және өткізілген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

- Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
,
мұндағы Р1 – бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті, Р2 –екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті, Е- емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті яғни 30 % (1 рейтинг) + 30 % (2 рейтинг) + 40% (емтихан)
Атомдық физика пәні бойынша білімді бағалау кестесі





Бағалау критериі

Бағалау түрі

Апта

% жұмыс үшін

%
барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Дәріске қатысу

0,2

3

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

ОЖСӨЖ тапсырмасын орындау

0,5

6,5

+

+

+

+

+

+




+

+

+

+

+




+

+

3

Практикалық сабақтардағы белсенділігі

0,5

6,5

+

+

+

+

+




+

+

+

+

+

+

+




+

4

Бақылау жұмысы

4

8
















+






















+




5

Практикалық сабақтардағы ОЖСӨЖ

0,5

6




+

+

+

+




+

+

+

+

+

+

+




+

6

Коллоквиумдер

5

10



















+
















+







7

Зертханалық жұмыстар

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

8

Реферат

5

5


































+










9

Емтихан




40














































10

Барлығы




100


























































2,2

2,7

2,7

2,7

2,7

5,7

7,2

2,7

2,7

2,7

2,7

7,7

7,2

5,7

2,7

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60 % құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші – 40 % ).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәнінің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді. Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).
Студенттердің механиканың қосымша тараулары бойынша білімі мына кесте бойынша бағаланады:

Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық баламасы %

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



Курс саясаты және іс-жосығы
Курс саятсаты:
1. Сабаққа кешікпеу керек.
2. Сабақ барысында әңгімелеспеу керек.
3. Сабаққа іскерлік киіммен келу керек.
4. Сабақты қалдырмау керек, тек ауырған жағдайда анықтамасы болу керек.
5. Қалдырған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта тапсыру керек.
6. Тапсырманы орындамаған жағдайда, қорытынды баға төмендейді.
7. Сабаққа күн сайын қатысу.
8. Оқу процесіне белсенді қатысу керек.
9. Үй жұмысын ынтамен орындау керек.
10 Оқытушылармен және студенттермен шыдамды, ашық, айқын қарым-
қатынас жасай білу керек.
11. Барлық сабақтарда екі жақты байланысты жүйелі сақтау керек.
12. Тұйық студенттерді коллективтік жұмысқа және дисскуссияға
қатыстыруға көмектесу.
13. Пунктуалды және міндетті болу керек.
14. Себепсіз сабақ қалдырмау керек.
15. Ұялы телефонды өшіруі, семинар уақытында телефонмен сөйлеспеуі
керек.

Академиялық тәртіп және этика саясаты


Ішкі тәртіп сақтау және қарым қатынас ережесі заңдар жинағы (М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ жарғысы, М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ оқытушыларының этика кодексы т.б.)


Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет.
1. Сабаққа қатысу. Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 1/3 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп. Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонын сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар. Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
Студенттердің білімін оптика курсының тақырыптары бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары

  1. Томсонның атом моделі.

  2. Резерфордтың атом моделі.

  3. Бор постулаттары.

  4. Фотоэффект.

  5. Тежеуші рентгендік сәулелену.

  6. Франк және Герц тәжірибесі.

  7. Сутек атомының спектрі.

  8. Комптон эффектісі.

  9. Жылулық сәулелену.

  10. Луи де Бройль формуласы.

  11. Гейзенбергтің анықталмаушылық принципі.

  12. Толқындық функция.

  13. Шредингер теңдеуі.

  14. Девидсон және Джермер тәжірибелері.

  15. Зееман эффектісі.

  16. Штарк эффектісі.

  17. Фермиондар және бозондар.

  18. Паули принципі.

  19. Бөлшектердің ажыратылмаушылық принципі.

  20. Рентгендік спектрлер.

  21. Мозли заңы.

  22. Байланыс энергиясы және ядро массасы.

  23. Ядроның спині, магниттік және электрлік моменті.



8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары

    1. Радиоактивтілік.

    2. Радиоактивті сәулеленудің түрлері. Радиоактивті ыдырау заңы.

    3. α - ыдырау.

    4. α - ыдырау үшін ығысу ережесі.

    5. Ядролық күштер. Ядролық модельдер.

    6. β-ыдырау. β - ыдырау үшін ығысу ережесі.

    7. γ – сәулелену және оның түрлері.

    8. Мессбауэр эффектісі.

    9. Ядролық реакциялардың сипаттамалары.

    10. Ядролық реакциялардың түрлері.

    11. Ядролық энергетика.

    12. Радиоактивті ыдырау заңы.

    13. Ядролық реакциялар.

    14. Ядроның бөліну реакциясы.

    15. Тізбекті реакция.

    16. Атом ядроларының синтез реакциясы. Термоядролық синтез.

    17. Ғарыштық сәулелер.

    18. Бірінші және екінші ретті ғарыштық сәулелер.

    19. Фундаментальдыы әсерлесулер.

    20. Күшті, электромагниттік және әлсіз әсерлесулер.

    21. Гравитациялық әсерлесулер.

    22. Элементар бөлшектердің классификациясы.

    23. Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері.



Атомдық физика курсы бойынша емтиханға дайындық сұрақтары

  1. Томсонның атом моделі.

  2. Резерфордтың атом моделі.

  3. Бор постулаттары.

  4. Фотоэффект.

  5. Тежеуші рентгендік сәулелену.

  6. Франк және Герц тәжірибесі.

  7. Сутек атомының спектрі.

  8. Комптон эффектісі.

  9. Жылулық сәулелену.

  10. Луи де Бройль формуласы.

  11. Гейзенбергтің анықталмаушылық принципі.

  12. Толқындық функция.

  13. Шредингер теңдеуі.

  14. Девидсон және Джермер тәжірибелері.

  15. Зееман эффектісі.

  16. Штарк эффектісі.

  17. Фермиондар және бозондар.

  18. Паули принципі.

  19. Бөлшектердің ажыратылмаушылық принципі.

  20. Рентгендік спектрлер.

  21. Мозли заңы.

  22. Байланыс энергиясы және ядро массасы.

  23. Ядроның спині, магниттік және электрлік моменті.

    1. Радиоактивтілік.

    2. Радиоактивті сәулеленудің түрлері. Радиоактивті ыдырау заңы.

    3. α - ыдырау.

    4. α - ыдырау үшін ығысу ережесі.

    5. Ядролық күштер. Ядролық модельдер.

    6. β-ыдырау. β - ыдырау үшін ығысу ережесі.

    7. γ – сәулелену және оның түрлері.

    8. Мессбауэр эффектісі.

    9. Ядролық реакциялардың сипаттамалары.

    10. Ядролық реакциялардың түрлері.

    11. Ядролық энергетика.

    12. Радиоактивті ыдырау заңы.

    13. Ядролық реакциялар.

    14. Ядроның бөліну реакциясы.

    15. Тізбекті реакция.

    16. Атом ядроларының синтез реакциясы. Термоядролық синтез.

    17. Ғарыштық сәулелер.

    18. Бірінші және екінші ретті ғарыштық сәулелер.

    19. Фундаментальдыы әсерлесулер.

    20. Күшті, электромагниттік және әлсіз әсерлесулер.

    21. Гравитациялық әсерлесулер.

    22. Элементар бөлшектердің классификациясы.

    23. Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері.

Білімді бағалауға арналған материалдар
1 Бақылау жұмысы
І вариант

  1. Электронның кинетикалық энергиясы 0,6 МэВ. Де Бройль толқын ұзындығын анықтаңдар.

  2. хром атомының массасын анықтаңдар.

  3. Қандай орбитада сутегі атомындағы электронның жылдамдығы 734 км/с болады?



ІІ вариант

  1. Сутегі атомының бірінші және екінші дөңгелек орбитасы үшін кулондық тартылу күшін және электр өрісінің кернеулігін табыңдар.

  2. Қандай жылдамдықта электрон үшін де Бройль толқын ұзындығы толқынның комптондық ұзындығына тең болады?

  3. масса ақауына қандай энергия сәйкес келеді (эВ-пен)?

2 Бақылау жұмысы




І вариант

  1. изотобының радиоактивті ыдырау тұрақтысы тең. Осы радиоактивті изотоптың бастапқы ядро санының 2/5 бөлігі ыдырайтын уақытын табыңдар.

  2. Ауыр ядроларды бөлген кезде неге энергияның көп мөлшері кететінін түсіндіріңдер.

  3. үшін альфа ыдырауын жазыңдар.



ІІ вариант

  1. актиний изотобының радиоактивті жартылай ыдырау периоды 10 тәулік. Осы радиоактивті изотоптың бастапқы ядро санының 1/3 бөлігі ыдырайтын уақытын табыңдар.

  2. Ауыр ядроларды бөлген кезде неге энергияның көп мөлшері кететінін түсіндіріңдер.

  3. үшін бета ыдырауын жазыңдар.



Тест материалдарының үлгілері
1. Реттік номері Z элемент ядросының альфа ыдырауы үшін Содди ережесі:
а Z -2 в. Z -1 с. Z д. Z-4 е. Z + 2
2. Нейтронның заряды
а 1,6 10-19кл в 0 с 0,16 10-19 кл д – 1,6 10-19 кл е 16 10-19 кл
3. Бірдей элемент изотоптарындағы атом ядросының құрамында:
а Протон саны тең, нейтрондар саны өзгеше
в Нейтрондар саны тең, протондар саны өзгеше
с Нейтрондар саны протондар санынан әлдеқайда аз
д Нейтрондар саны протондар санынан әлдеқайда көп е Нейтрон протон санына тең
4. Суретте атомның энергетикалық деңгейлерінің диаграммасы келтірілген. Бір деңгейден екінші деңгейге өтуде максимал жиілікті фотон шығарумен қарбалас жүруін көрсетіңіз.
а 3→1
в 2→1 3
с 2→3 2
д1→3
е 3→2 1
5. Радиоактивті құбылысты ашқан ғалым
а Француз зерттеушісі Беккерель в Ағылшын химигі Ф. Содди
с Поляк химигі М. Кюри д Америкалық биолог е ағылшын физигі Э. Резерфорд
6. Егер бериллий изотопы ядросы үшін байланыс энергиясы 56,4 МэВ,литий изотопы ядросы үшін 39,2 МэВ, дейтерий ядросы үшін 2,2 МэВ болса мынадай реакция кезіндегі бөлініп шығатын энергияны анықтаңыз
а 15МэВ в 41,4МэВ с 19,4 МэВ д 96,6 МэВ е 93,4 МэВ
7. Бөлшектің релятивистік массасы тыныштық массасынан 2 есе көп болғанда, оның жылдамдығы
а 2,6 108 м/с в 2,6 107 м/с с 2,6 106 м/с д 2,6 105 м/с е2,6 109 м/с
8. Суретте оптикалық квант генераторының үш энергетикалық деңгейі және олардың арасындағы өту сәуле шығаруды туғызатын өту аралығы
а 2→1 3
в 1→2
с 2→2 2
д 3→1 1
е 1→3
9. Радиоактивті үлгінің анализі Х элементтің 8 тәулікте 0,8 - нан 0,2 ға дейін кемігендігін көрсетті. Х элементінің жартылай ыдырау периоды
а 4 тәулік в 2 тәулік с 0,5 тәулік д 0,25 тәулік е 8 тәулік
10. Мынадай реакция кезіндегі бөлініп шығатын энергия қанша: , егер азот ядросы үшін байланыс энергиясы 115,6 МэВ, көміртек ядросы үшін 92,2 МэВ гелий ядросы үшін 28,3 МэВ
а 4,9МэВ в 51,7 МэВ с 179,5 МэВ д 23,4 МэВ е 236,1 МэВ
11.α, β және γ сәуле шығаруларының өтімділігі нашары
а α – сәулесі в β – сәулесі с γ сәулесі д α және сәулелері β е үшеуіндеде бірдей
12. Ве –ді α бөлшектерімен атқылағанда алынған жаңа бөлшек
а нейтрон в электрон с нейтрино д позитрон е протон
13. Қалың қабатты фотоэмульсия әдісі негізделген принцип
а Қозғалыстағы зардядталған бөлшектердің эмульсия молекулаларын иондалуы
в Бөлшектердің энергия туғызуы с Аса қыздырылған сұйықта будың пайда болуы
д Аса қаныққан будың конденсациялануы е Соққы арқылы иондалуы
14. уранның радиоактивті ыдырауында 3 рет α және 2 рет β бөлшектер шығарылуы нәтижесінде пайда болатын ядроның массалық саны
А 226 В 230 С 232 Д 233 Е 224
15. Уран ядроларының ыдырауының тізбекті ядролық реакциясы жүру үшін қажет емес шарттар
1. Әрбір ядро бөлінуде 2 - 3 нейтрондардың шығуы
2. Уранның көп мөлшерде болуы
3. Уранның жоғары температурада болуы
а тек 3 в тек 1 с 1 және 2 д тек 2 е 2 және 3
16. Электронның тыныштық массасына (me=9,1*10-31 кг ) тең массаға ие болуы үшін, фотон энергиясы (с=3*108 м/с )
а 82*10-15 Дж в 7,1*10-15 Дж с 8,2*10-15 Дж д 10-15 Дж е 6,7*10-19 Дж
17. Қызыл түсті сәуле толқын ұзындығы 0,7*10-6 м үшін фотон массасын табыңыз.
(с=3*108 м/с, h=6,63*10-34 Дж*c )
а в с
д е
18. Жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалатын санақ жүйелеріндегі уақыттың баяулауының релятивистік эффектісінің формуласы
а) в) с) д) е)
19. Радиоактивті элементтен 10 см қашықтыққа Гейгер санағышы тіркей алатын сәуле шығарудың түрі.
А β және γ сәулелері в γ сәулелері с α бөлшектері
д β сәулелері е β және α бөлшектері
20. Нейтронның протонға өздігінен айналу нәтижесінде атом ядросында жүретін реакция
а электрондық β ыдырау в позитрондық β ыдырау с ядролық ыдырау
д α ыдырау е ядролық синтез
21. Радиоактивтік апат зонасында противогаз және резеңкеленген киімнің сыртқы факторлардан сақтауы.
1. α сәуле шығарудан, 2. β сәуле шығарудан 3. γ сәуле шығарудан
а 1 және 2 в ешқайсысынан сақтамайды с 1 және 3 д тек 1 е 1, 2 және 3
22. Реттік нөмірі Z элемент ядросының γ квантын шығаруы нәтижесінде пайда болған элементтің Менделеев кестесіндегі реттік нөмірі
а Z в Z-1 с Z+2 д Z-2 е Z+1
23. Ядролық сәулелерді тіркеуге арналған приборлардың қайсысында шапшаң қозғалатын зарядтаған бөлшектер аса өыздырылған сұйықтан бу көпіршіктерінен тұратын із қалдырады
а көпіршікті камера в Гейгердің газ разрядты санағышы с Қалың қабатты фотоэмулсия
д Күкіртті цинкпен қапталған экран е Вильсон камерасы
24. Көмір изотобының ядросындағы Z протондар саны N нейтрондар саны
а Z =6 N=8 в Z =14 N=6 с Z =6 N=14 д Z =8 N=6 е Z =6 N=6
25. Толқын ұзындығы 720 нм, қызыл сәуле фотонының массасы (h=6,63*10-34 Дж*c )
а 0,03*10-34 кг в 0,3*10-34 кг с 3,26*10-33 кг д 3,26*1033 кг е 3,26*10-34 кг
26. Протонның нейтронға өздігінен айналуы нәтижесінде атом ядросында жүретін реакция
а позитронды β ыдырау в α ыдырау с ядролық синтез д электронды β ыдырау
е ядролық ыдырау
27. Ядрода протоннан басқа болатын бөлшектер
а нейтрондар в мезондар с электрондар д позитрондар е фотондар
28. Маңайында радиоактивті препарат жоқ кезде де , Гейгер санағышының иондаушы бөлшектерді тіркеуінің себебі
а санағышқа космостық сәулелер әсер етеді в санағыш ішіндегі атомдардың ретсіз қозғалысы
с санағышқа атом импульсі әсер етеді
д санағыш молекулалардың жылулық қозғалысы әсер етеді
е санағышқа молекуланың үлкен массасы әсер етеді
29. Нейтронның протонға өздігінен айналу нәтижесінде атом ядрсында жүретін реакция
а электрондық β ыдырау в ядролық ыдырау с позитронды β ыдырау
д ядролық синтез е α ыдырау
30. Радиактивті кобальттың жартылай ыдырау периоды 72 тәулік.массасы 4 г кобальттың 216 тәулікте ыдырайтын бөлігі
а 3,5 г в 0,75 г с 12 г д 0,33 г е 1,3 г


12. Сабақтарды бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыздандыру
«Атомдық физика» курсы бойынша электрондық оқулық. №1 корпус. 307 Физика кафедрасы.


13. Лабораториялық аудиториялар
№1 корпус. 304,305,306 аудиториялар.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет