Қатты денелер физикасы



бет13/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   252

Атомдар жақындаған сайын электрондардың бөгде ядроға ауысу ықтималдылығы арта түседі. болғанда бұл атомдардың электрондық бұлтшалары бірін-бірі күштірек жабады және ауысу жиілігі шамамен алғанда дейін өседі. Ары қарай жақындағанда электрондық бұлтшалардың бір-бірін жабуы арта береді, кейбір жерлерде электрондардың өзара ауысу жиілігінің артқаны соншалық, 1-ші электронның А атомға, ал 2-ші электронның В атомға тиісті екендігі туралы айтудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұл жаңа күйдің пайда болғанын көрсетеді, оңашаланған атомдардағы электрондар енді бір мезгілде екі атомға да тиісті немесе басқаша айтқанда біріккен.

Электрондардың бірігуі электрондық тығыздық және жүйе энергиясы өзгерісін тудырады. 1.6-суретте 1-ші үзік сызықпен оңашаланған атомдардағы электрондық бұлтшалардың тығыздығы, ал 2-ші жіңішке сызықпен оңашаланған атомдардың электрондық бұлтшаларын қарапайым қосқан кездегі қорытқы тығыздық, ал 3-ші қою сызықпен ядро мен ядро қосылған кездегі ось бойындағы тығыздықтың таралуы көрсетілген.

Cуреттен электрондар біріккенде электрондық бұлтшалардың ядролар арасындағы кеңістікке қарай тартылатыны көрініп тұр: ядродан алыс емес қашықтықтағы кеңістік бұлтшасының тығыздығы оңашаланған атомдағы тығыздыққа қарағанда азаяды, ал осы кезде ядролар арасындағы кеңістікте ол қорытқы тығыздыққа қарағанда артады. Қорытқы тығыздықты осы кеңістікте оңашаланған атомдар тығыздығын қосып алуға болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет