Қатты денелер физикасы


Фермиондар мен бозондар. Азғындалмаған және азғындалған бөлшектер ұжымдары



бет147/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   252

Фермиондар мен бозондар. Азғындалмаған және азғындалған бөлшектер ұжымдары.


Фермиондарға спиндері жартылай бүтін , … барлық бөлшектер (электрондар, протондар, нейтрондар және т.б.) жатады. Бозондар – спиндері бүтін , , , … бөлшектер (фотондар, фонондар, мөзондар және т.б.). Бұл жерде сыртқы магнит өрісі бағыты бойынша спиндерінің проекциялары көрсетілген. Себебі тәжірибе барысында тек қана проекцияларын ғана өлшейді, сондықтан көбінесе «спин» деп бұл шамалардың модулін емес, ал проекциясын айтады.

Фермиондар – Паули принципіне бағынатын өте айқын жекеше көрінетін бөлшектер. Бозондар керісінше, ұжымға бірігуге ұмтылады. Олар бір күйге шексіз орналаса алады, ол күйдегі бөлшектер көп болған сайын оған орналасуға тырысатын бөлшектер саны да соғұрлым көп болады. Ұжымның тұтастығына бөлшектер спецификасының қандай әсерлері бар? Бөлшектер спецификасы көріну үшін, оларды бір-бірімен кездесулері неғұрлым жиі болуы керек. «Кездесу» дегенді екі бөлшектің бір күйде немесе өте жақын күйлерде болуы деп түсіну керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет