Коваленттік байланыс Н2, О2, N2, және т.б. қосылыстар, сонымен қатар алмаз типті атомдық кристалдардың байланысын иондық және ван-дер-ваальс байланыстары арқылы түсіндіру мүмкін емес. Біртекті атомдар валенттік электрондардың алмасуы нәтижесінде қарама-қарсы зарядталған иондарға айналмайды, металдар мен галойдтардың өзара әсерлесуі де сол сияқты. Екінші жағынан Н2, О2, N2, ... молекулалары арасындағы байланыстың беріктігі Ван-дер-Ваальс күштері әсерінен болатын байланыстан да күштірек. Бұл байланыс коваленттік байланыс деп аталады.
1.5 –сурет
Осы күштердің табиғатын түсіну үшін сутегі молекуласын мысал ретінде аламыз. Бір-бірінен жеткілікті дәрежеде қашықтықта сутегінің екі атомы орналассын: ядро мен 1-ші электроннан тұратын атомы және ядро мен 2-ші электроннан тұратын атомы (1.5-сурет). Атомдағы электронның күйін сипаттайтын электрондық бұлтшаның тығыздығы ара қашықтыққа байланысты өте тез кемиді, 1-ші электронды ядродан, ал 2-ші электронды ядродан табу ықтималдығы өте аз. Есептеулер, болғанда әрбір электронның бөгде атомда орташа алғанда жылда бір-ақ рет болатынын көрсетті. Сондықтан, А және В атомдарды оңашаланған атомдар деп алуға болады және жүйенің энергиясы тең. Мұндағы -оңашаланған атомның қалыпты күйдегі энергиясы.