Жартылай өткізгіштердің меншікті өткізгіштігі
Қоспасыз, таза жартылай өткізгіштерді меншікті жартылай өткізгіштер деп атайды. температурада жартылай өткізгіштердің Ферми энергиясы тиым салынған зонаның тең ортасында орналасады, валенттік зона толығымен толтырылған, ал өткізгіштік зона бос. Кернеу берсек, ток болмайды. Бірақ та, егер жартылай өткізгішті қыздырсақ, қандай да бір температурадан бастап германий немесе кремний атомдарымен ковалентті байланысқа түскен валенттік электрондардың біразы еркін электронға айналады, валенттік байланысты үзеді (4.5-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |