Мысал ретінде, су молекулалары арасындағы сутектік байланысты алайық (1.9 –сурет). Судың бір молекуласындағы оттек атомдары мен басқа молекуласындағы сутек атомдары арасында орныққан байланысын кішкене диполь ретінде алуға болады ( оттегінің заряды, ал - сутегінің заряды). Осы зарядтар арасындағы тартылыс сутектік байланыстың пайда болуына алып келеді, ол 1.9-суретте нүктелермен кескіңделген. Тартылыстың болуына сутегі атомы өлшемінің аздығы себеп болады, ол өзіне теріс электрлік атомның жақындауына жағдай тудырады.
Сонымен қатар, бұл ара қашықтық тең, бұл су молекуласының өзіндегі коваленттік байланыс ұзындығы -дан да көп үлкен, ол -ге тең. Бұл заңды да, себебі коваленттік байланыс энергиясы сутектік байланыс энергиясынан бірнеше дәрежеге жоғары. Су үшін ол .