Қатты денелер физикасы



бет80/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   252
Упрочнение – бұл ығысуға кедергі келтірудің артуы, ол майысу деформациясы кезінде тығыздықтың артуына алып келеді. Шамамен металдың балқу температурасының төрттен біріне тең температурада (абсолют шкалада) басқа процесс қарқынды өтеді, ол - наклепталған кристалдың рекристаллизацияға ұшырау процесі. Рекристаллизация кезінде үлгіде ішкі кернеуге тәуелсіз жаңа кристалдар пайда болады. Бұл кристалдардың центрлері ең алдымен артық еркін энергиялары бар тордың ығысқан аймақтарында туындайды. Сонымен, монокристалдың микроструктурасы толығымен өзгеріп, монокристалл поликристалға ауысады. Деформацияланған кристалда жинақталған жасырын энергия рекристаллизация кезінде жылу түрінде бөлінеді.
Механикалық қосарлану (двойникование)
Пластикалық деформация сонымен қатар, қосарлану жолымен өтуі мүмкін, ол тордың қандай да бөлігіндегі параметрлер құраушыларын құрайтын атомдық жазықтықтардың бір-біріне қатысты параллель, бірдей ара қашықтыққа тізбектей ығысу процесін береді.


2.6 – сурет
2.6-суретте кристалдың АЕСДА аймақтан деформацияланбаған АВСДА аймаққа қосарлану схемасы көрсетілген. Мұндағы ВЕСВ кристалдың қосарлануға ұшыраған бөлігі, ал ВС қосарлану осі. Крестиктермен атомдардың қосарлануға дейінгі орындары белгіленген. Қосарлану осі арқылы өтіп, қосарлану аймағын кристалдың ығыспаған аймағынан бөлетін жазықтық қосарлану жазықтығы деп аталады. 2.6-суреттен қосарлану кезінде 11 жазықтық атомдары ВС двойникования жазықтығымен салыстырғанда атом аралық ара қашықтыққа ығысатыны көрініп тұр. 22 жазықтығы 11 жазықтығымен салыстырғанда тура сондай ара қашықтыққа, ал ВС-пен салыстырғанда екі еселенген ара қашықтыққа ығысады және т.с.с. Басқаша сөзбен айтқанда, двойникования жазықтығына параллель әрбір атомдық жазықтық өз бойымен өзінен двойникования жазықтығына дейінгі ара қашықтыққа пропорционал ығысады. Осының нәтижесінде двойникования аймағындағы атомдар кристалдың деформацияланбаған бөлігінің құрылымының двойникования жазықтығымен салыстырғандағы айналық кескіні сияқты орналасады.

Қосарлану да, сырғанау сияқты тек белгілі бір кристаллографиялық жазықтықтарда ғана өтеді. Қырлыцентрленген кубтық торларда осындай жазықтық (112) жазықтығы, ал гексагональды тығыз орналасқан торларда (1012) және т.б. болып табылады. Қосарлану болу үшін жанама кернеу өзінің критикалық мәніне жету қажет. Бүл процесс өте жылдам және әдетте өзіне тән сипаттамалық жарылулармен өтеді.



Кристалдарда двойникования болғанда көршілес атомдық жазықтықтар бір-біріне қатысты мардымсыз ығысады, сондықтан қалдық деформация үлкен болмайды. Мысалы, цинк толық двойникованияға ұшырағанда тек 7,39%-қа ғана ұзарады. Сондықтан пластикалыққа сырғанау жолымен өту мүмкіндігі бар кристалдарда әдетте пластикалық деформацияның біраз мөлшері ғана двойникованияға тиісті болады. Сырғанау процесі өтуі мүмкін емес валенттік кристалдардың қирау алдындағы деформациясының болмашы бөлігі двойникования нәтижесінде болады. Сыртқы күштерге қатысты қолайсыз бағдарланған гексагональды кристалдарда кристалдың бағдарлануын өзгертетін қосарлану кәдімгі сырғанау жолымен біршама қалдық деформация тудыруы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет