Қатты денелер физикасы



бет200/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   252
Металдық байланыс. Осындай байланыс пайда болу үшін атомда нашар байланысқан электрондар болуы керек. Менделеев кестесіндегі бірінші топтағы атомдардың соңғы қабаттарында рұқсат етілген күйлердің біразы ғана толтырылған. Бұл электрондардың толқындық функциялары оған дейінгі толығымен толтырылған қабаттың толқындық функциясына қарағанда кеңістікте күштірек жайылған. 4.1-суретте атомы электрондарының табылу ықтималдылығы -дің атом ядросынан қашықтыққа тәуелділігі көрсетілген. Суреттен электрондардың электрондарға қарағанда ядродан 5 есе алыс орналасқаны көрініп тұр. Атомдар бір-біріне тығыз жақындасқанда электрондар өз ядросына қарағанда басқа ядроға жақын орналасады. Осы электрондардың бөтен ядроға жақындауы тартылыс эффектісін тудырады, соның салдарынан жүйе энергиясы кемиді. Бірақ, бұл кезде кинетикалық энергия артпайды, себебі электрондар орналасқан аймақ өзгеріссіз қалады. Осындай атомдар жақындасқанда жүйенің энергиясының кемуі атомдар арасындағы потенциалық тосқауылдың кемуін көрсетеді (4.2-суреттегі тұтас сызықтар, ал үзік сызықтар алыс орналасқан атомдардың потенциалық тосқауылдары). Егер атомдардың потенциалық тосқауылдан жоғары орналасқан энергетикалық деңгейлері бар болса, ондағы орналасқан электрондар еркін электрондарға айналады да, бүкіл кристал ішінде орын ауыстыра алады. Осы еркін электрондар металдардағы электр өткізгіштікті қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет