Ядролардың өзара әсерлесулеріне негізделген тебіліс күштері жеңіл атомдардың жақындауында маңызды орын алады. Басқа барлық жағдайларда жақындаған атомдардың толтырылған электрондық қабықшаларының бір-бірімен жабылуынан пайда болатын тебіліс күштері болады. Мысал ретінде, толтырылған қабықшасы бар хлор ионы мен толтырылған қабықшасы бар натрий ионының өзара әсерлесулерін қарастырайық. Олар және қабықшалары бірін-бірі жабатындай ара қашықтыққа жақындағанда, ол қабықшалардың әрқайсысындағы электрондар саны Паули принципі қажет ететін мөлшерден асып кетеді. Сондықтан, электрондардың біраз бөлігінің жоғарырақ энергетикалық деңгейлерге (мысалы, немесе ) өтулері керек. Бұл жүйенің энергиясының артуына байланысты, ал ол тебіліс күштерінің пайда болуына алып келеді. Кванттық механикалық есептеулер мұндай тебіліс энергиясының ара қашықтыққа байланысты мына түрде азаятынын көрсетеді:
(1.15)
мұндағы - кәдімгі тәжірибе барысында анықталатын тұрақты.
Көбінесе тебіліс энергиясын (1.7) теңдеумен өрнектейді. Оның тәжірибемен дәл келмеуіне қарамастан, көптеген зерттеулерде кең қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |