Қатты денелер физикасы



бет43/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   252


1.18 - сурет
Байланыс күштері сипатына байланысты қатты денелерді классификациялау
Қатты денелердің кристалдық құрылымын сипаттау үшін ең алдымен байланыс күштерінің сипатын анықтау керек. Ол күштер қатты денені құрайтын құрылымдық бөлшектер (атомдар, иондар, молекулалар) арасында болады. Байланыстардың негізгі бес түрі бар болғандықтан, кристалдық торлардың да бес негізгі түрлері бар: иондық немесе координациялық кристалдар, олардағы байланыс - иондық; поляризациялық немесе молекулалық торлар, олардағы байланыс Ван-дер-Ваальс күштеріне негізделген; атомдық торлар, олардағы байланыс коваленттік; металдық және сутектік байланыстармен сипатталатын торлар. Осы тұрғыдан химиялық элементтер мен химиялық қосылыстардың кристалдық құрылымын талдап көрейік (IV қосымшадағы 1-кесте).

Кристалдық құрылымдары бойынша химиялық элементтерді төрт класқа бөлуге болады. Талдауды IV кластан бастаған ыңғайлы.

IV к л а с с. Бұл топқа барлық инертті газдар кіреді. Оларды сұйылтқанда және кристалға айналдырғанда сфералық симметриялы электрондық қабықшалары бар атомдар арасында әлсіз ғана Ван-дер-Ваальс күштері пайда болады. Осы күштер әсерінен симметриялы атомдар кубтық қырлы центрленген тор құрады. Ондағы әрбір атом көршілес 12 атоммен қоршалған. Берілген атомды қоршап тұрған көршілес атомдардың саны тордың координациялық саны деп атау келісілген.

ІІІ класс. III класқа қысқа периодтардан кремний мен көміртек, IV В топтан германий, қорғасын және VB, VIB, VIIB топтардың барлық элементтері кіреді. Бұл кластың элементтері 8—N ережесі бойынша кристалданады: тордың әрбір атомы 8—N көршілес атомдармен қоршалған, мұндағы N- элемент орналасқан топтың реттік нөмері.



1.19- сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет