Атты II республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді Конференция



Дата08.03.2018
өлшемі57,3 Kb.
#38384



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ



Құрметті әріптестер!
12 желтоқсан 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тағдырлы шешімдері»

атты II Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді


Конференцияға келесі секциялардың жұмысы жоспарланады:

Секция 1.

Қазақстанның көп полярлы әлемде оң имиджін қалыптастырудағы Н.Ә. Назарбаевтың ролі

Секция 2.

Жастар саясатын жаңғыртудағы қазақстандық жол: стратегиядан жүзеге асыруға дейін

Секция 3.

«Мәңгілік Ел» идеологиялық тұжырымдамасындағы Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру

Секция 4.

Ұлытау баурайындағы толғаныстар: Н.Ә. Назарбаев – Қазақстанның болашағы туралы

Конференцияның қатысу тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру алқасына 2014 ж. 28 қарашаға дейін:
- ұсынылған үлгі бойынша мәлімдемені;

- төменгі талаптарға сай мақала тезистерін рәсімдеу;

- төлем туралы түбіртектің көшірмесі.
Конференцияға қатысу мен жинаққа басылуды ұйымдастыру жарнасы 2500 теңге (бір баяндама үшін) ҚарМТУ төлем есебіне аудару Қарағандылық филиал АҚ «БанкЦентрКредит». ИИК KZ638560000000147366, БИК KCJBKZKX, РНН 301700030344, БИН 000240004524.

Төлем қағазының төлейтін жолына «Төлемді белгілегенде» міндетті түрде белгі қою - «12.12.2014 конференцияға қатысу үшін» және қатысушының аты-жөнін көрсету.

Конференцияға қатысу үшін мәлімет мына мекен-жай борйынша ұсынылады:

100027, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56, ҚарМТУ



Жауапты хатшы: Мубаракова Айгерім Құралысқызы

(6 корпус, 3 этаж, 307 каб.).

Электрондық адрес (e-mail): niipatriot_kstu@mail.ru

Анықтамалық телефон: (87122) 56-59-28; қосымша (1101); сот: 87009853294



«Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың тағдырлы шешімдері»

атты II Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға

мәлімдеме

1. Баяндамашы(лар) аты-жөні_______________________________________________

2. Ғылыми дәрежесі, атауы_________________________________________________

3. Қызметі, жұмыс орыны__________________________________________________

4. Қызметтік адресі________________________________________________________

5. Байланыс телефоны, факс, e-mail__________________________________________



1; 2; 3 (баяндамашылар үшін)_____________________________________________

6. Секцияның атауы мен саны_______________________________________________

7. Мақаланың атауы________________________________________________________

8. Қатысу түрі (іштей, сырттай)______________________________________________

9. Қонақүйде орын алу______________________________________________________

Қолы Күні


Мақаланы рәсімдеудің талаптары


Тезис мәтіні, А4 (210х297 мм), пішіндегі көлемі 3 толық беттен кем емес, суреттер мен кестелерді қоса алғанда, Microsoft word мәтіндік редакторында Times New Roman (Kz Times New Roman, Times/Kaz) терілуі тиіс, көлемі 14, интервал – бірлік, шегі: 2,5 см барлық жағынан, абзацаралық бірлік – 0,8 см. Қолданылған әдебиеттер сілтемесі тік жақшада [1, б. 24] беріледі, сілтемелердің нөмірленуі барлық мәтін бойынша. Толық әдебиеттер тізімі мәтін соңында бір интервалдан кейін қойылады.

Тезис мәтіні бір данадан сапалы баспадағы қағаз бетінде (беттер нөмірленбейді) және электрондық нұсқада немесе электронды поштада ұсынылады. Электронды нұсқада мәлімдемені, баяндама тезисін, төлем туралы құжаттардың көшірмесін жеке файлмен ұсынады. Файлдар атымен бірінші автордың тегін, ЖОО қысқартылған атын және құжат атауын, мысалы: Ахметов ҚазМТУ мәлімдеме, Ахметов ҚазМТУ тезисі, Ахметов ҚазМТУ төлем.

Баяндама авторының саны үш адамнан аспауы керек.

Мәтінді рәсімдеу үлгісі





ӘОЖ ххх.хх.ххх. Ахметов С.К. (Алматы, ҚазМТУ)

Смағұлова Р.Т. (Павлодар, ПМУ)


ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫНЫҢ ДАМУЫ
мәтін

…………………………………………………………………………..


Қолданылған әдебиеттер тізімі


Мәтін редакциялауға жатпайды және түпнұсқа болып табылады. Конференция еңбектер жинағы көшірме әдіспен теру арқылы алынады. Сондықтан, Сіздердің назарларыңызға ұсынылатын материалдарыңызды толық рәсімдеп, жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтауды ұсынамыз.

Баяндама тезистері, талаптарды сақтамай жазылған немесе белгіленген мерзімнен кеш келген, сонымен қатар жариялауға ғылыми қызығушылық ұсынылмаған мақала қабылданбайды және кері қайтарылмайды.


Ұйымдастыру алқасы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет