Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл


ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Республикалық ғылыми конференция



Pdf көрінісі
бет3/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Республикалық ғылыми конференция 
қатысушыларына 
 
Құрметті әріптестер, конференцияға қатысушылар және қонақтар! 
Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрметті 
меңгерушісі, ірі ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор
Тәшенов Әуезхан Кәріпханұлын еске алуға арналған 
"
Химия ғылымы мен 
химиялық білім берудің өзекті мәселелері" атты Республикалық ғылыми конференцияны 
ашқалы отырмыз. 
Қазақстан Республикасының 100-ден астам жоғары және орта оқу орындарынан 
және шет елден химия ғылымының саласындағы ғалымдар, химия пәнінің мектеп 
мұғалімдері қатысып отыр. Мұндай конференцияларды жыл сайын өткізу Жаратылыстану 
ғылымдар факультетінде дәстүрге айналған. 
Кәсіптік бағдар беру аясында мектептерде жаратылыстану ғылыми білімін 
реформалау және университетпен бірлесіп жаңа бағыттар әзірлеу жұмыстарын жүргізу өте 
маңызды. Химия кафедрасының меңгерушісі Тәшенов Әуезхан Кәріпханұлы өз кезінде 1997 
жылдан бастап химия кафедрасы мен елорда мектептерінің арасында тығыз байланыс орнату 
жұмыстарын жүргізді. Мектеп оқушылары химия кафедрасының лабораторияларында 
тәжірибе өткізуге мүмкіндік алды. Жыл сайын кафедрада мектеп оқушылары арасында 
химиялық олимпиадалар ұйымдастырылды. Әуезхан Кәріпханұлы 20 жыл бойы осы 
олимпиадалар алқасының төрағасы болып, бұл шараларды жоғары деңгейде өткізуге 
атсалысты. Кафедра мұғалімдері жыл сайын олимпиаданың эксперименттік турын өткізді.
Сонымен қатар, кафедра профессорлары мен доценттері мектеп оқушыларына дәріс оқып,
химиядан есеп шығару жолдарын, ҰБТ-ың өзекті сұрақтары мен танымдық химиялық 
тәжірибелер көрсету жұмыстарын жүргізді. 
Әуезхан Кәріпханұлы қазақ тілінде химиядан Жоғары оқу орындарына арналған 
сапалы оқулықтар әзірледі. Барлығы 10 оқулық жарық көрді.
Аталмыш оқулықтар мазмұны мен талданатын сұрақтардың теориялық деңгейі 
жағынан жалпы танылған химия саласындағы қазақ тілінде жазылған іргелі оқулықтар. Бұл 
оқулықтарды еліміздің барлық жоғары оқу орындарында химия мамандығын меңгеріп 
жатқан студенттер, ертең химия мамандығын таңдайтын бүгінгі мектеп оқушылары оқиды. 
Осы дәстүр бүгін өзінің жалғасын тауып отыр. Ғалымдар, мектеп мұғалімдері бір-
бірімен кездесіп, жасалынып жатқан жұмыстарын ортаға салып, пікір таласуға мүмкіндік 
алып отыр. Алдағы уақытта да осындай конференциялар өз жалғасын табады деген 
сенімдеміз! 
Конференция жұмысына сәттілік тілеймін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет