Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет194/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Пікірлес оқушылармен бірге жұмыс істеу сатысы. Х
имияға қызығушылығы бар бірнеше 
оқушыны біріктіріп, химия олимпиадаларына бірге дайындық жасауды ұйымдастырып, бақылап көру 
қажет. Дәл осылай ұйымдастырылған жұмыс оқушылардың арасында бәсекелестік туғызып, әр 
оқушы басқа оқушымен өз деңгейін салыстыра отырып, одан да жоғары деңгейге көтерілуге 
ұмтылады. Мұндай жағдайда оқушы жолдастарымен өз деңгейінде күрделі есептерді талқылауға, 
ерекше есептерді қарастыруға мүмкіндік алады. Одан басқа қалалық мектептердің бірнеше мұғалімі 
бірігіп кезек-кезек кішігірім турнирлер, викториналар өткізу оқушылардың бәсекелестігін тудырады, 
ол оқушының алға ұмтылуының бір жолы болып табылады. 
Қосымша тәлімгермен жұмыс жасау сатысы. 
Егер оқушы олимпиадаға өз бетінше 
дайындықпен қоса қосымша химия пәнінің мұғалімімен де дайындалса немесе жоғары оқу 
орынының, білім беру орталығының оқытушысын тәлімгер ретінде алу да оң нәтиже беруі мүмкін. 
Тәлімгер мен оқушы өзіне қиындық тудыратын тапсырмаларды талқылай алады, сонымен қатар 
тәлімгер оқушының дайындығын жеңілдететін бірнеше оңай әдістер мен есептердің шығарылу 
жолдарының оңайлатылған тәсілдерін ұсынуы мүмкін. 
«Жеңіс емес, қатысу!» қағидатын ұстануға үйрену. 
Химия пәнінен олимпиадалардың басты 
құндылығы — ұпайлар мен жүлделер емес, сонымен қатар дүниетанымды кеңейту және жоғары оқу 
орнына түсуге дайындықты тереңдету. Жоғары оқу орнының бірінші курсында оқу барысында 
мектепте олимпиадаға қатысқан оқушылар үшін басқа олимпиадаға қатыспағандармен 
салыстырғанда оқу процесі жеңіл келетінін атап өтеді, ол түсінікті, үнемі олимпиадаға қатысқан 
оқушы жоғары оқу орынының 1, 2 курсының материалдарын алдын ала меңгерген. Олимпиадаға 
қатысқан оқушылардың пәнге деген қызығушылығы тереңдей түседі. 
Олимпиаданың тәжірибелік турына дайындық жүргізу де үлкен мәселе
. Химия 
кафедрасының оқытушыларының көп жылдық жұмыс барысында тәжірибелік турды ұйымдастыруда 
бірқатар мәселелерді анықтады: химиялық заттардың болмауына байланысты эксперименттік турды 
ұйымдастыру қиындықтары, химиялық ыдыстар мен химиялық заттардың қажетті минимумының 
болмауы, титриметрия әдістерінің теориялық негіздерінен білімнің жеткіліксіз деңгейі және 
оқушылардың практикалық дағдыларының болмауы. Оқушылардың жұмысын талдау, әдетте, 
химиялық олимпиадаға қатысушылардың тек 1-2 оқушы ғана алынған титрлеу нәтижелері бойынша 
есептеулерді орындай алатынын көрсетті [1].
Сондықтан химия пәнінің мұғалімдеріне арнайы 10-11 сынып оқушыларын химиялық 
олимпиаданың тәжірибелік турына дайындауға қажетті теориялық материалға таңдау жасадық. 
Бағдарламадан көріп отырғандай, бұл жоғары оқу орнында оқытылатын толықтай аналитикалық 
химия курсының материалы, сондықтан мектеп химиясына осы курсты енгізу керек пе деген ой 
туындайды, бірақ бұл болашақтың ісі болар. Тәжірибелік турға дайындалу бағдарламасы 1-ші 
кестеде келтірілген. 
Кесте 1- Тәжірибелік турға дайындалу бағдарламасы. 

Сабақтың тақырыбы 
1.
Негізгі операцияларды орындау техникасы. Катиондарды жіктеудің қышқылдық-негіздік 
жүйесі.
2.
I топ катиондарының сапалық реакциялары. Бақылау тапсырмасы.
3.
2-топтағы катиондардың сапалық реакциялары. Бақылау тапсырмасы.
4.
3- топтағы катиондардың сапалық реакциялары. Бақылау тапсырмасы.
 
5.
1-3 топ қоспасы бойынша бақылау тапсырмасы.
6.
4- топтағы катиондардың сапалық реакциялары. Бақылау тапсырмасы. 
7.
5- топ катиондардың сапалық реакциялары. Бақылау тапсырмасы. 
8.
6 – топ катиондардың сапалық реакциялары. Бақылау тапсырмасы. 
9.
4-6 топ қоспасынан бақылау тапсырмасы.
10.
1-6 топтардың катиондарының қоспасы бойынша бақылау тапсырмасы.
11.
1,2,3 топтың аниондарының сапалық реакциялары. Бақылау тапсырмасы. 
12.
Белгісіз заттың құрамын анықтау, эксперименттік есепті шешу. 
13.
Өлшуге арналған шыны ыдыстарды калибрлеу. 
14.
0,1 Н HCl стандарттау. Концентрациясы белгісіз ерітіндідегі NaOH анықтау. 
15.
Қышқылдық-негіздік титрлеу. Титрлеу қисықтары. NaOH және Na
2
CO
3
қосылыстарын бірге 


172
қатысуымен анықтау. 
16.
Қышқылдық-негіздік титрлеу арқылы судың кермектілігін анықтау. 
17.
Редоксиметрия. Перманганатометрия. Калий перманганатын стандарттау. 
18.
Редоксиметрия. Перманганатометрия. Мор тұзындағы темірді (II) анықтау. 
19.
Редоксиметрия. Йодометрия. Натрий тиосульфатын стандарттау 
20.
Редоксиметрия. Йодометрия. Мыс(II)ні анықтау 
21.
Комплексонометрия. Судың жалпы кермектілігін анықтау. 
22.
Комплексонометрия. Алюминийді анықтау. 
23.
Комплексонометрия. Магнийді анықтау. 
24.
Комплексонометрия. Мырышты анықтау. 
Мектеп олимпиадасының тәжірибелік турынадайындық келесі кезеңдерді қамтиды 
(Титриметриялық анализ): 
-
Оқушымен әдістің теориялық негіздерін, бұл әдіс негізделген реакция теңдеулерін 
талқылау. 
-
Жұмысты орындау әдістемесін талқылау. 
-
Қажетті реактивтер мен химиялық ыдыстардың тізімін жасау.
-
Қажетті реактивтер мен химиялық ыдыстарды дайындау. 
-
Экспериментті орындау. 
-
Есептеулерді жүргізу. 
-
Тәжірибе қателігін есептеу [2, 3]. 
Аналитикалық химияның сапалық және сандық анықтау тәжірибелік турына дайындалуға
ұсынылатын әдебиеттер тізімін де келтіруге болады: 
1.
В.П.Васильев. Аналитическая химия.1-3 кн.-М.: Дрофа, 2004.
2.
Ю.А.Золотов. Основы аналитической химии. 1, 2т. - М.:Химия,2000.
3.
В.П.Васильев Аналитическая химия. Сборник вопросов, упражнений и задач по 
количественному анализу. - М.: Дрофа, 2004. - 319 с.
4.
Э.Ю.Янсон, Я.К.Путнинь. Теоретические основы аналитической химии. - М.:Химия, 1980. - 
261 с.
5.
Д.Скуг, Д.Уэст. Основы аналитической химии. В 2-х т. - М.: Химия, 1979. -481 с. 
6.
А.К.Ташенов, С.С.Досмагамбетова. Аналитическая химия. Количественный анализ. 
Химические методы, часть 1. – Астана, 2003.- 40с. 
7.
Досмагамбетова С.С.,Тосмаганбетова К.С., Омарова Л.С. Аналитикалық химия. Сапалық 
анализ.-Астана:Л.Н. Гумилев ат.ЕҰУ, 2011.- 231с. 
8.
Досмагамбетова С.С.,Тосмаганбетова К.С., Химический количественный анализ. - Нур- 
Султан: ЕНУ им Л.Н. Гумилева, 2020.- 177с. 
9.
Досмагамбетова С.С.,Тосмаганбетова К.С. Химиялық сандық анализ. - Нұр- Сұлтан: Л.Н. 
Гумилев ат. ЕҰУ, 2020.- 169 с. 
8-10 сыныптарға көптеген жағдайда тәжірибелік турда белгісіз затты сапалық 
анықтау есебі ұсынылады, оны шешудің келесідей қысқаша әдістемесін ұсынуға болады:
-
сынауықтағы ерітінділерді көзбен бақылау, заттарды көзбен ажырату мүмкін 
болмайтындығына көз жеткізу, себебі көп жағдайда ерітінділер түссіз мөлдір болады. 
-
заттардың жұптық өзара әрекеттесуі нәтижесінде ықтимал болатынын 
реакциялардың белгілі бір байқалатын немесе байқалмайтын белгілерін жазу, теориялық 
бақылау. 
-
реакция теңдеулерін толық, иондық, қысқартылған иондық түрде жазу. 
-
берілген ерітінділерді қолдана отырып заттардың жұптық өзара әрекеттесуін 
тәжірибе жүзінде бақылау. 
-
Теориялық бақылау мен тәжірибелік бақылауларды салыстыра отырып, тапсырмада 
берілген белгісіз заттарды анықтау [4]. 
Олимпиадалық қозғалыстың мақсаттарын тарихи-әдістемелік талдаудан кейін, химиялық 
олимпиадалардың білім берудегі рөлі қаншалықты маңызды екенін көруге болады. 
Ол мүмкіндігінше оқушылардың көпшілігін химияны байыпты оқуға тартуға және жалпы 
мектепте химияны оқыту деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді. 
Олимпиадаларға дайындық көбінесе химия сабақтарының сабақтан тыс түрлерінің негізі 
болып табылады: үйірмелер, дәрістер, элективті курстар, мектептік пәндік конференциялар. 


173
Химиялық олимпиадалардың заман талаптарына сай тапсырмалары, ең қабілетті, дарынды 
оқушыларды ғана емес, сонымен қатар стандартты емес мәселелерді шеше алатын адамдарды да 
анықтауға, тәрбиелеуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет