Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет295/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Оңай және қиын сұрақтар кестесі
. Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе 
бойынша өз пікірін келтіру үшін немесе жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады. Мысалы, оңай 
сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар сауалдар, ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға 
тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады. 
Алтын балық
- барлық сынып алдында өз пікірін білдіргені болмаса, қалған жағдайда 
«ыстық орындық» сияқты. Сабақты бекіту кезеңінде семантикалық карта, Венн диаграммасы, сөз 
жұмбақ, тәжірибе жасау, диктант т.б тәсілдерді пайдалануға болады. 
Химия сабағында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-
бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Химия курсының әрбір тақырыбын оқыту барысында 
оқушыларды айнала қоршаған ортаны танудағы химияның рөлін дұрыс түсінуге және алған 
білімдерін практикалық есептерді шешуде қолдана білуге әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды 
іске асырып отыруы қажет.Мектеп химия курсын оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі – 
химияның қолданбалы мүмкіндіктерін ашу.
Сонымен функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу 
қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің 
көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі 
үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, 
білік, дағдылардың жиынтығынан құралады.
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдана 
отырып 
оқушылардың 
құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту 
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, 
педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық 
сауаттылық талап етілуде.
Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына 
үлкен талап қояды.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі 
– жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты 
игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты 
қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның 
мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеру құзіреттілігін қалыптастырудың басты 
мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, 


256
олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін 
қалыптастыру. 
Ақпараттық-коммуникативтік 
технология 
жағдайындағы 
жалпы 
оқыту 
үрдісінің 
функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін 
дамытумен 
анықталады. 
Оқытудың 
ақпараттық-коммуникативтік 
және 
интерактивтік 
технологияларының бағыттары:
а) электронды оқулықтар; ә) телекоммуникациялық технологиялар; б) мультимедиалық және 
гипермәтіндік технологиялар; в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс 
мәліметтер көлемін ұлғайтады.
1.Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әртүрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге 
болады.
2.Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.
3.Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылар мен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
4.Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері 
артады.
АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге 
тура келеді: 
• дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау); 
• әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін 
талдау, келесі оқу мақсатын қою); 
• ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді 
болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру); 
• оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған 
бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту). 
Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді біріктіру білім беру 
сапасы мен тиімділігін арттырады. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, 
білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдануы болып табылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы сыныптар мен білім беру 
деңгейлері арасында оқу пәндері мазмұнының сабақтастығы. 
Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, 
саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал 
ететін базалық факторлардың біріне айналуда. 
Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына (БЕД) сүйене отырып, оқу пәндерінің 
мазмұны арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру 
негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма 
түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. 
Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде 
қызмет атқарады, яғни функционалдық сауаттылығы.
Осы тұрғыда әлемдегі мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалау жүргізетін 
РІSА зерттеулері де негізгі құзыреттіліктерді үш бағыт бойынша анықтайды, яғни тестілеу 
барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, 
математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық [8]. 


257
1-сурет– Функционалдық сауаттылықтың мазмұны 
Оқудағы сауаттылық – оқушылардың тілдің әртүрлі бірліктерімен (дыбыс, сөз, сөйлем) 
жұмыс жасау, оларға сипаттама беру, тіл көмегімен әртүрлі мәтіндерді құрастыру және олармен 
жұмыс істеу, жазбаша мәтіндерді түсіну және олардың мазмұнын өзінің білімі мен мүмкіндіктерін 
дамытуға пайдалану қабілеті. 
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – ғылыми білім негізінде қоршаған әлемді танып білу 
және оларды жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды түсіндіруде, бақылау мен тәжірибелерге 
негізделген қорытындылар алуда білімді қолдана білу қабілеті. 
Қорыта айтсақ, химияны оқытудың осындай педагогикалық негіздерін басшылыққа алғанда 
ғана сабақ мақсатына жетіп, тиімді нәтиже береді. «Ешбір адамға білім алу мен жетілу беріле 
салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз 
еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс»,- деп Дистервег айтқан болатын. 
Сондықтан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл, жаңа 
педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, педагог рөлін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, 
бұрынғы педагог – информаторда қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана 
алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілу қажет.
Ә


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет