Жану дегеніміз заттың оттекпен жарық және жылу шығарып әрекеттесуі
Жану дегеніміз заттың оттекпен жарық және жылу шығарып әрекеттесуі
Заттардың оттекпен әрекеттесу реакциясы тотығу, ал өнімі оксид деп аталады
Оксидтер – екі элементтен тұратын, біреуі оттек болатын күрделі заттар
Жану кезінде жай заттардың атомдары оттек молекуласымен қосылып оксид түзеді: жай зат + оттек = оксид Күкірт + оттек = күкірт (IV) оксиді Магний + оттек = магний оксиді Көміртек + оттек = көміртек (IV) оксиді
Жай зат пен күрделі заттың жануы
1.Жай зат + оттегі = оксид 2. Күрделі зат + оттегі = оксидтер күкірт оттегі Күкірт оксиді күкіртсутек оттегі Күкірт оксиді сутегі оксиді Күрделі зат жанғанда оның құрамына енетін элементтердің оксидтері түзіледі Баяу тотығу заттардың оттекпен жарық шығармай әрекеттесуі. Отын - жылу бөліп жанатын зат немесе заттар қоспасы.
Отын іс жүзінде үш күйде болады:
а) қатты –таскөмір, ағаш, шымтезек, антрацит т.б.
б) сұйық – бензин, керосин, мазут, спирт т.б.
в) газ – табиғи газ, мұнайға серіктес газдар
Қосылыстар отқа төзімділігіне қарай: тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға бөлінеді.
Отын және оның түрлері
Жанудың басталуы және оны тоқтату
Жанудың түзілуінің үш құраушысы болады:жанатын зат ( отын), оттек (тотықтырғыш) және жанатын затты тұтану температурасына дейін қыздыру (жылу) .
Белгілі температураға дейін қыздырылған отын ғана ауада жанады.
!!! Өртті сөндіру үшін оттектің келуін тоқтату, температураны мейлінше төмендету немесе жану көзін жою керек.
№ 2 практикалық жұмыс: «Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру» Мақсаты: оттектің ең маңызды қасиеті – жануды қолдайтынын көрсету
№ тәжірибе
Байқалған құбылыс
Жану өнімдері
қорытынды
1. күкірттің жануы
А) ауада жануы. Темір қасыққа күкірттің кесегін салып, спирт шамның жалынында қыздырыңыз.
Б) оттегіде жануы.
Жанып жатырған күкіртті оттегі бар колбаға салыңыз
2. Фосфорды оттекте жағу. Темір қасыққа шамалы қызыл фосфор салыңыз. Спирт шамында жағып, тез қасықты оттегі бар колбаға салыңыз
3. Темірді оттекте жағу. Темір сымды спирт шамда қыздырылған көмірде балқытыңыз. Сосын темір сымды оттегі бар колбаға салыңыз. Колба сынып кетпеуі үшін оның түбіне өзен құмын салыңыз.