Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.
2013 жылға аудан бюджетінде аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 10324,0 мың теңге қаржы қаралып, 534 адамға 10302,0 мың теңгеге көмек тағайындалып, төленді. Есепті кезеңге жылға қаралған қаражат 99,8 пайызға игерілді.
18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы.
2013 жылға аудан бюджетінде аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 87636,0 мың теңге қаражат қаралды. 2014 жылдың 1 қаңтарына 6148 балаға 87564,3 мың теңге тағайындалып, төленді. Есепті кезеңге жылға қаралған қаржы 99,9 пайызға игерілді.
Тұрғын үй көмегі.
2013 жылға аудан бюджетінде аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетуге 132593,0 мың теңге қаражат қаралды. 2014 жылдың 1 қаңтарына 2634 отбасына 133548,9 мың теңге көмек тағайындалып, 2621 отбасына 132592,4 мың теңге қаржы төленді. Есепті кезеңге жылға қаралған қаржы 100 пайызға игерілді.
Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек.
2013 жылға аудан бюджетінде үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге 3284,0 мың теңге қаражат қаралды. 2014 жылдың 1 қаңтарына 86 балаға 3409,8 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, 3284,0 мың теңге төленді. Есепті кезеңге жылға қаралған қаржы 100 пайызға игерілді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек.
2013 жылға жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекке облыстық және аудандық бюджеттерден барлығы 51291,0 мың теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңге 891 адамға 51289,6 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетіліп, жылға қаралған қаржы 100 пайызға игерілді.
Ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға әлеуметтiк көмек.
2013 жылға әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмекке 18579,0 мың теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңге 2681 адамға 18554,2 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетіліп, жылға қаралған қаржы 99,9 пайызға игерілді.
4. Жеке басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету
Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі жеке басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету секторында 20 қызметкер: 1 сектор меңгерушісі, 1 консультант, 1 арнаулы қызметттерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкері, 1 автокөлік жүргізуші, 16 әлеуметтік қызметкер қызмет атқарады.
Бөлімде жалпы саны 77 жеке басты қарт есепке алынған: оның ішінде 67 қарттар мен 10 мүгедектер есепте тұрады. Әрбір әлеуметтік қызметкер стандартқа сәйкес 5 жеке басты қарттарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп, бекітілген кесте бойынша аптасына 2 рет, ауыр кісілерге күнделікті үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні зейнетақы мөлшері төмен 10 жеке басты қарияға «Петро Қазақстан Құмкөл мұңай ресорсиз» компаниясы атынан 5 комплект азық түлік бөлініп, соның есебінен әр қайсысына 12,5 келі үн, 12,5 келі қант, 1,5 келі шай, 2,5 литр май, 5 келі рожки мөлшерінде азық түлікпен көмек көрсетілді.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына бағынысты Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінен ашылған «Мүгедектерге арналған оңалту орталығына» 2013 жылдың 1 қарашасына 42 мүгедек кісілерге, 45 зейнеткерге, барлығы 87 адамға емделуге жолдама берілді.
1-Қазан халықаралық қарттар мен мүгедектер күніне орай бөлім арқылы аудан әкімінің қабылдауында дөңгелек стол ұйымдастырылып, ҰОС ардагері, еңбек ардагері, І-топ көз мүгедектері, батыр аналар, жеке басты қарттар барлығы 12 адамға мерекелік құттықтаулар айтылып, 48000 теңге көлемінде сый-сияпат көрсетіліп, мерекелік ән шашу тарту етілді.
Бұл мерекелік іс шараға «Нұр- Отан» ХДП бірінші орынбасары Г.Раева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Айдаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Бекпанов,кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж Жәкеев және «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Ә.Құлдүйсенов, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы А.Серкешбаевтар қатысты. Ауданның жеке кәсіпкерлері Сейтәлиева Меруерт, Баймаханов Балахан, Ешмұратов Алтай, Балғабаева Рабиға, Жаппасбаев Жомарт осы мерекеге арнап 140000 (жүз кырық мың) теңге көлемінде сый-сияпат көрсетуге демеушілік көрсетті. Аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары 16 жеке басты қарттардың үйіне барып оларға 75000 теңге көлемінде сый-сияпат жасады.
Сонымен қатар зейнет демалысына шыққан 31 жеке басты қарттарға өз мекемелері тарапынан 11200 теңге көлемінде сый-сияпат көрсетілді. Барлығы 91 қартқа 271200 теңге көлемінде сый-сияпат көрсетілді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен қызмет атқарып зейнет демалысында отырған 8 зейнеткер қартқа мерекелік дастархан ұйымдастырып, 20000 теңге көлемінде сыйлық жасалды.
5. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету
Аудан бойынша үйден әлеуметтік қызметке мұқтаж 141 мүмкіндігі шектеулі бала қамтылып оларға арнайы кесте бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуші қызметкерлер аптасына 2 рет барып әр баланың дамуына көмектесетін машықтарына түрлі жаттығулар, тәсілдер мен әдістерді мінез –құлық,өзін-өзі басқару мен қарым қатынас жасауға, жазуға, кітап оқуға, баланың бос уақытын тиімді пайдалану дағдыларға үйрету жұмыстарын жүргізуде. Секторда әлеуметтік қызметкерлердің өз қолдарымен түрлі ертегі кітаптар, буклеттер, құрастырмақтар, ертегі қуыршақтары жасалып балаларға күнделікті сабақ түрінде үйретуде. Мүгедек балалардың ата-аналарымен бірлесе отырып оларды сауықтыру орталықтарында емделуіне мүмкіндік жасауға және жеке оңалту бағдарламасы бойынша гигеналық құралдар, кресло-қораптар, ходунок, протездер, таяқ, балдақ, есту аппараттарын алуға әлеуметтік қызметкерлер тарапынан
2013 жылдың 13 наурызында «Петро Қазақстан Құмкөл мұңай ресорсиз» компаниясынан 25 комплект азық түлік келіп тұрмысы төмен отбасылармен мүгедектерге таратылып берілді. қажетті құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетіліп тұрады.
Арнайы ашылған бөлмеде балалар күнделікті кезекпен келіп жаттығу жасап сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.
1-маусым балалар күні мерекесіне орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету секторы, спорт және дене шынықтыру бөлімі, «Аңсаған» қоғамдық бірлестігі, ПМПК қызметкерлерімен бірлесіп спорт кешенінде «Бақытты балалық шақ» спорттық жарыстары өткізіліп барлық қатысушыларға мақтау қағаздарымен сыйлықтар берілді.
Жыраулар үйінде қайырымдылық акция өткізіліп бөлімде есепте тұрған тұрмыстары төмен 2 мүгедек балаға және есту сөйлеу қабілеті төмен 1 үшінші топ мүгедегіне әр қайысысына 15,0 мың тенге көлемінде азық-түлік және киім-кешек көмектері берілді .
Үстіміздегі жылдың 7 қазан күні аудандық мәдениет үйінде әлеуметтік қызметкерлердің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Алтын күз аясында» сайысы өткізілді
Байқоңыр,Төретам,Ақай елді мекеніндегі әлеуметтік қызметкерлердің ұймдастыруымен «Аяулы менің анашым» атты балалар арасында семинар тренинг өткізілді.
Аудан прокурорының демеушілігімен есепте тұрған 6 мүмкіндігі шектеулі балаға 90000 мың теңгеге азық-түлікпен көмек көрсетті.
2013 жылдың қараша,желтоқсан айларында «Жосалы Игілік» корпоративтік қоры арқылы 14 мүмкіндігі шектеулі балаға емделу үшін 470000 мың теңге, 24 тұрмысы төмен отбасына 2,5 тоннадан отын алу үшін 570000 мың теңге көлемінде қаржылай көмек , 14 отбасына 10 кг ет таратылып берілді.
Сонымен қатар 2013 жылдың желтоқсан айында әлеуметтік қызметкерлердің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға «Жаңа жылдық» шырша ұйымдастырылып «Жосалы Игілік» корпоративтік қорынан 141 балаға сыйлық берілді және «Нұр-рай» микрокредит ЖШС директорының ұйымдастыруымен тұрмысы төмен 10 мүмкіндігі шектеулі балаға барлығы 220000 мың теңгені құрайтын қыстық киім-кешектер таратылып берілді.
Жыраулар үйінде қайырымдылық акция өткізіліп бөлімде есепте тұрған тұрмыстары төмен 2 мүгедек балаға және есту сөйлеу қабілеті төмен 1 үшінші топ мүгедегіне әр қайысысына 15,0 мың тенге көлемінде азық-түлік және киім-кешек көмектері берілді .
Жыл соңында әлеуметтік қызметкерлердің 2014 жылға жылдық жоспарлары бекітіліп берілді.
6. «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы» бойынша атқарылған жұмыстар
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған Жол картасына және мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмектер көрсетілуде.
2013 жылдың басынан желтоқсан айының 24 жұлдызына дейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүріп-тұруы қиын І-топтағы 114 мүгедек 114 жеке көмекшінің қызметімен, есту-сөйлеу қабілеті нашар 34 мүгедек 4 ымдау тілі мамандарының қызметімен қамтылды және 225 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен оның ішінде 217 мүгедек жөргекпен, 4 мүгедек несеп қабылдағышпен және 4 мүгедек нәжіс қабылдағышпен қамтамасыз етілді.
2013 жылға бағдарлама аясында міндетті гигеналық құралдарға 7263,0 мың теңге, ымдау тілі мамандарының әлеуметтік қызметтеріне 3238,9 мың теңге және жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері үшін 24063,1 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.
Сонымен қатар 7 мүгедек аяқ протезімен, 3 мүгедек жамбас протезімен, 1 мүгедек ортезбен, 4 мүгедек корсетпен, 45 мүгедек ортопедиялық аяқ-киіммен, 56 мүгедек таяқпен, 2 мүгедек балдақпен, 2 мүгедек жетек арбамен, 2 мүгедек бас ұстағышпен, 64 мүгедек крсело-қораппен, 9 мүгедек есту аппаратымен, 2 мүгедек телефакспен, 8 мүгедек ұялы телефонмен, 4 мүгедек көпжүйелі дыбыс шығарғыш құралымен, 14 мүгедек бейнекомпьютермен, 17 мүгедек сағатпен, 9 мүгедек тифломагнитоламен, 5 мүгедек диктафонмен, 6 мүгедек плеермен, 9 мүгедек соқырларға арналған таяқпен қамтамасыз етілсе, 70 мүгедек бала үйден оқытылуда және 42 мүгедек Қызылорда қаласы, Талсуат елді-мекеніндегі мүгедектерді оңалту орталығына, 66 мүгедек санаторлы-курорттық ем алу мақсатында оның ішінде: 41 мүгедек «Тараз Ресорт СПА» шипажайына және 25 мүгедек «Бура» шипажайына арнайы жолдамамен жіберілді.
Сондай ақ аудан әкімдігінің «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 10 маусым 2013 жылғы №140 қаулысымен жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленді және осы қаулы аясында аудан бойынша 5 мүгедек жұмыспен қамтылды.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен құрылған «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» сектор қазіргі таңда Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайды. Секторда 141 мүмкіндігі шектеулі балалар есепте тұрады. Оның ішінде Қармақшы ауданы бойынша 108 бала, Байқоңыр қаласы бойынша 33 бала.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету секторында есепте тұратын мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы ойын кабинеті ашылған. Бұл кабинетке әлеуметтік қызметкерлер балаларды бекітілген кесте бойынша кезекпен әкеліп, түрлі жаттығулар жасатып, баланың ой-өрісінің дамуына жағдай жасауда.
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (яғни 2012-2013 жылдар аралығы) іске асыру мақсатында аудан бойынша түгендеуге жататын қолданыстағы барлық әлеуметтік, көлік және рекреациялық нысандар, барлығы 147 болатын объекті тізімге алынып, ағымдағы жылы жоспарға сәйкес түгенделуі (паспортталу) тиіс 58 объектінің жоғарыда аталған паспорттары тапсырылды немесе меже 100 пайызға орындалды.
Атап кететін болсақ олар: 17 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар ғимараттары, 2 денсаулық сақтау саласы, 1 халықты әлеуметтік қорғау саласы, 23 білім беру саласы, 2 мәдениет саласы, 1 дене шынықтыру және спорт саласы, 1 көлік қызметін көрсету және 11 түрлі сала орындары.
Жіктей келе, объектілер тарапынан берілген әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің қолжетімділік паспортына сәйкес қазіргі таңда аудан бойынша мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан мынадай көрсеткіштер белгілі болып отыр, яғни кресло-арбамен жүретін мүгедектер үшін, тірек-қимыл аппараты бұзылған бірақ кресло-арбамен жүрмейтін мүгедектер үшін және көру қабілеті бұзылған мүгедектер мен есту қабілеті бұзылған мүгедектер үшін қолжетімді объектілердің саны – 2, ішінара қолжетімді объектілердің саны – 44 және қолжетімсіз объектілердің саны – 12.
Осы аталған ғимараттардың есік алды және кіре беріс алаңын, сыртқы баспалдағын және сыртқы пандусын әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің қолжетімділік паспортында көрсетілген тиісті нормаларға сәйкестендіру үшін қажетті жұмыстардың жасалуы жайлы мекеме, кәсіпорын басшыларына ұсыным хат берілді.
Аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне алдағы уақытта аудан бойынша салынатын барлық объектілердің құрылыс нысандарына оның ішінде кәсіпкерлер тарапынан салынатын нысандарға мүгедек азаматтардың еркін кіріп-шығу мақсатында арнайы есік алды және кіре беріс алаңының, сыртқы баспалдағының және сыртқы пандусының салынуын қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстарды жүргізуге (талап қойып, қадағалауға) ұсыныс жасалды
Алдағы уақытта да мүгедектерді әлеуметтік қорғауға байланысты атқарылуға тиісті жұмыстар өз дәрежесінде жүргізіле береді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша
Бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту» бойынша:
2013 жылы аудан бойынша бағдарлама аясында 425,7 млн теңге қаржы қаралған. Оның ішінде автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 286,1 млн теңге, игерілгені 286,1 млн теңге. Көгалдандыру және жарықтандыруға 90,1 млн теңге, игерілгені 90,1 млн теңге. Мәдениет үйлерін орташа жөндеу жұмыстарына 49,5 млн теңге қаралып жұмыстар жүргізілді. Бірінші кезекте жоба бойынша Ақжар, Ақай, Дауылкөл, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтеріндегі және Төретам кентіндегі ішкі автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Жобаны жүзеге асыру барысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушылар қатарынан 12 жұмыссыз азамтты «Дорстрой» ЖШС-гі арқылы жұмыс орындарымен қамтылды.
Абаттандыру жұмыстары бойынша Жосалы кентіндегі «Дәмегүл Мырзағалиева» атындағы саябақ, «Ардагерлер аллеясының» құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілсе, «Жастар саябағының» абаттандыру, Тұрмағамбетов, Тоқтаров, Рысқұлов көшелерінің орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қаралған қаржы толығымен игерілді.
Екінші бағыт: 1-ші кезең бойынша.
2013 жылы 1 кезең бойынша Республикалық бюджеттен 160,0 млн тенге қаралған. Қаралған қаржыға аудан тұрғындары қатарынан 80 азаматқа шағын несие қаржысын тарату жоспарланды.
Қаралған қаржыға «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткізілген «Микроқаржы ұйымдарын қаржыландыру мақсатында» іріктеу конкурсының қорытындысына сәйкес №1, №2, №3 лоттар бойынша «Нұр-Рай» ШНҰ ЖШС-гі жалпы сомасы 81,0 млн теңгеге жеңімпаз болып танылды.
Белгіленген қаржыға сәйкес аудан тұрғындары қатарынан 45 азаматқа жұмыспен қамту орталығы арқылы «Нұр-Рай» ШНҰ ЖШС-гіне жолдама беріліп 45 азаматтың бизнес жоспарларына сәйкес 81,0 млн теңге шағын несие қаржысы толық игерілді.
Бұл ретте шағын несие алған 45 азаматтың ішінен 40 азаматы 2013 жылдың тамыз айының 21-25 жұлдызы аралығында «Казагромаркетинг» АҚ-ның ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Кәсіпкерлік негіздері» оқу курстарынан өттіп, сертификаттарын алды.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 59,0 млн теңге несие тарату жоспарланған. Бұл ретте шағын несие алуға аудан тұрғындары қатарынан ниет білдіруші 84 адамның ішінен 41 азаматтың бизнес жоспарлары нақтыланып, 59,0 млн теңге несие қаржысы толығымен игерілді.
№4,№5 лоттар бойынша ЖШС «Несібе-А» КС-гі 20 млн теңгеге жеңімпаз болып танылды. Дегенмен жеңімпаз болып танылған ЖШС «Несібе-А» КС-гі 20,0 млн теңгені «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-на игермеуіне байланысты кері қайтарылды.
2013 жылы 1-ші кезеңі ауылда кәсіпкерлікті дамыту бағыты аясына қаралған 140,0 млн теңге қаржысы 86 шағын несие алған 86 азаматтың жазбаша берген бизнес ұсыныстарына сәйкес 93 жаңадан жұмыс орындарын ашу жоспарланған.
2-ші кезең бойынша:
2013 жылдың жарты жылдығында республикалық бюджеттен Қармақшы ауданына қосымша 290,0 млн теңге қаралды.
Осыған орай 2 кезең (транш) бойынша қаралған қаржының 270,0 млн теңгесіне «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мы арқылы «Микроқаржы ұйымдарын қаржыландыру мақсатында» іріктеу конкурсының қорытындысына сәйкес «Нұр-Рай» МҚҰ ЖШС-гі № 1, 2, 6 лоттар бойынша 120,0 млн теңгеге, №3 лот бойынша «Самғау 2020» Кредиттік серіктестігі 50,0 млн теңгеге, №5-лот бойынша «Серпін Даму финанс» КС-гі 50,0 млн теңгеге, №5 лот бойынша «Қамқор Несие» КС-гі 50,0 млн. теңгеге жеңімпаз болып табылды.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 20,0 млн теңге несие тарату жоспарланған. Бұл ретте шағын несие алуға аудан тұрғындары қатарынан ниет білдіруші 12 азаматтың құжаттары жолданып оның ішінен бизнес жоспарлары нақыланып 20,0млн теңге несие қаржысы толығымен игерілді.
Белгіленген қаржыға сәйкес аудан тұрғындары қатарынан 56 азаматқа жұмыспен қамту орталығы арқылы «Нұр-Рай» ШНҰ ЖШС-гіне 56 азаматқа жолдама беріліп, бизнес жоспарларына сәйкес 120,0 млн теңге қаржысы толық игерілді.
ЖШС «Самғау-2020» КС-не орталықтың арнайы жолдамасы арқылы 17 азамат жолданып, кредиттік серіктестіктің берген қорытындысына сәйкес 50,0 млн теңге қаржысы толық игерілді. Сонымен қатар ЖШС «Серпін Даму финанс» КС-не 17 азамат 50,0 млн теңгеге және ЖШС «Қамқор Несие» КС-не 17 азамат жолданып, кредиттік серіктестіктердің берген қорытындыларына сәйкес қаралған 50,0 млн теңге қаржылары толық игерілді.
Жалпы 2013 жылы 1-ші және 2-ші кезең (транш) бойынша Қармақшы ауданына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ-бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту» аясында Республикалық бюджеттен барлығы 450,0 млн теңге қаржы қаралды.
2013 жылға қаралған 450,0 млн теңге қаржының 20,0 млн теңгесі ЖШС «Несібе-А» КС-нің ұсынысы бойынша кері қайтарылды.
Бүгінгі күнге жыл басынан «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту» бағыты аясына қаралған 430,0 млн теңге қаржыны аудан тұрғындары қатарынан 205 азамат шағын несие қаржысын алып, жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде салық органына жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені 90 адам.
Шағын несие алған 205 адамның орталыққа ұсынған бизнес ұсыныстарына сәйкес 247 жаңа жұмыс орындары ашылды .
Қазіргі таңда шағын несие алған азаматтардың ішінен салық органына тіркелмеген яғни 115 адамды салық органына тіркету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Үшінші бағыты «Оқыту және қоныс аудару» бойынша
2013 жылы Кәсіптік оқумен-75 азаматты оқыту жоспарланған. Жоспарға сәйкес 75 азамат «Кәсіптік оқу» курстарымен толық қамтылды. Оның ішінде Қармақшы аграрлы-техникалық колледжіне «Автослесарь», «ЭВМ операторы», «Аспазшы», «Электрик» мамандықтары бойынша 55 жұмыссыз азамат оқуға жолданды. Қалған 20 азаматты Қызылорда қаласындағы арнаулы оқу орталықтарына түрлі мамандықтар бойынша оқуға жолданды.
2013 жылы «Қайта даярлау» курстарымен 90 азаматты оқыту жоспарланған болатын. Жоспарға сәйкес «Қайта даярлау» курстарына Республикалық бюджеттен 9438,0 мың теңге қаржы бөлінді. «Мемлекеттік сатып алу» заңына сәйкес Қармақшы аграрлы-техникалық колледжімен «Бір көзден сатып алу» тәсілі бойынша ағымдағы жылдың маусым айының 17 жұлдызында келісім-шарт жасалды. Қаралған қаржыға даяшы мамандығына -15, тас қалаушы мамандығына -15, ағаш ұстасы мамандығына -15, барлығы 45 азамат оқу курстарына қамтылып оқып бітірді.
Қайта даярлау курстары бойынша «Плитамен қаптаушы», «Байланыс технигі», «Бояушы», «Құрғақ әдіс құрылысының маманы» мамандықтарына оқытуға жарияланған конкурс қорытындысымен Байқоңыр қалалық «Космос» колледжіне Байқоңыр қаласынан 56 азамат, Төретам кентінен 1 азамат және Ақай елді мекенінен 1 азамат барлығы 58 азамат жолданды.
Жалпы жыл басынан «Қайта даярлау» оқу курстарына жолданған адам саны 103. Бүгінгі күнге 100 азамат толық курстарын аяқтады. Қайта даярлау курстарын аяқтаған 100 азаматтың 69 азаматы тұрақты жұмыс орындарына жолданды, 20 азамат өз бетінше жұмыспен қамтылған. Қалған 11 азамат дәлелді себептермен ұсынылған бас тартқан.
2009-2010 жылы «Жол картасы» және 2011-2012-2013 жылдары «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы » Бағдарламасы аясында оқу курстарын аяқтағандар саны 544 азамат, оның ішінде жұмысқа орналасқаны 394 , белгілі себептермен жұмысқа бара алмайтындар және жұмыстан бас тартқандар 104 азамат, жұмыссыз-46, яғни жұмыспен қамтылғандар 72,5 пайызды құрайды.
Қайта даярлау курстарына қаралған қаржының 8427,0 мың теңгесі игеріліп, мемлекеттік сатып алу бойынша ҚҚС-н төлемеуден үнемделген 1011,0 мың теңгесі республикалық бюджетке кері қайтарылды.
2013 жылы Республикалық бюджеттен «Жастар тәжірибесіне» 90 жас маманды жұмыспен қамтуға 20900,0 мың теңге қаралған. Қаралған қаржыдан бүгінгі күнге 20900,0 мың теңгесі толық игерілді. Аудан көлеміндегі 66 жұмыс беруші мекемелерге 121 жас маман жолданып, оның ішінен 12 азаматы тұрақты жұмыс орындарына орналасты.
«Әлеуметтік жұмыс» орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 24049,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге қаралған қаржының 24049,0 мың теңгесі толығынан игерілді, аудан көлеміндегі 45 жұмыс беруші мекемелерге 166 жұмыссыз азаматтар жолданып, жыл соңында 50 азамат тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.
Оқыту және қоныс аудару аясында 2013 жылы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Т.Көмекбаев ауылынан 7 екі пәтерлі қызметтік тұрғын үйлер салу жөнінде 27.03.2013 жылғы №10-03-39/0234 санды ұсыныс хат жолданған.
Осыған сәйкес «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылы Т.Көмекбаев елді-мекенінен инженерлік инфрақұрылымы дамыған екі пәтерлі 7 тұрғын үй объектісінің жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға жергілікті бюджет есебінен 2 766,0 мың теңге бөлінген. Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында үстіміздегі жылдың мамыр айының 18 жұлдызында мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына сәйкес жеңімпаз «Мұнай Газ Инжиниринг» ЖШС-гімен келісім шарт жасалынды. Жобалаушы мен «Мемсараптама» РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы арасында келісім шарт жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Т.Көмекбаев ауылында салынуға жоспарланған 7 екі пәтерлі қызметтік тұрғын үйдің құрылысына аудан көлеміндегі мекемелер қатарынан 5 жұмыс беруші мекемелердің 10 % үлесін қосу арқылы пилоттық режимде қызметтік тұрғын үйлер салу жоспарланған. Бұл ретте 7 екі пәтерлі қызметтік тұрғын үйлер салуға Республикалық бюджеттен 84,748,8 мың теңге қаралып, қазіргі таңда аудандық құрылыс бөлімі арқылы мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес қараша айының 12-ші жұлдызында конкурс рәсімдерін өткізіп, қараша айының 23 жұлдызында «Дарын-Ж» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге жеңімпаз болып танылған «Дарын-Ж» ЖШС-гі екі пәтерлік 7 қызметтік тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізіп, республикалық бюджеттен қаралған қаржыны толық игерді. Екі пәтерлі 7 қызметтік тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары 2014 жылдың қаңтар айының үшінші онкүндігінде аяқталады.
Денсаулық сақтау
Білім беру
Ауданда 50 білім ұйымдары жұмыс жасайды- 22 орта, 1 орталау мектеп, 3 мектептен тыс және 24 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері.
Жалпы аудан бойынша 22 орта, 1 орталау мектепте 8792 оқушы оқып білім алуда.
Аудан бойынша мұғалімдерінің жалпы саны 1359. Орта білім берудің жалпыға міндетті стандартына сәйкес 10-11 сыныптарда бағдарлы оқыту жүзеге асырылуда. 10-сыныпта 489 оқушы , 11-сыныптағы 453 бітірушінің жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім алуда.
Бүгінгі таңда ауданда 24 мектепке дейінгі балалар мекемелері жұмыс жасауда, оның 2-уі мемлекеттік болса (190 бала), 19-і мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында 1524 бүлдіршін, 3 жекеменшік балабақшада 170 бала тәрбиеленсе, 16 шағын 573 бүлдіршін тәрбиеленуде. Барлығы аудандағы 0-6 жас аралығындағы 6050 баланың 2457-і балабақшамен яғни 84,1 пайыз қамытылуда, яғни 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Балапан» бағдарламасының аясында Төретам кентінен 50 орындық «Наурыз», Ақай ауылынан 60 орындық жекеменшік балабақшалар ашылды және алдағы уақытта жұмыс жасап отырған балабақшалардан,мектептердің жанынан қосымша топтар, шағын орталықтар ашу жоспарлануда. Атап айтсақ 12 топқа 295 балаға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.
Биылғы жылы 2 білім ордасы қолданысқа берілді. Көмекбаев аулынан №185 орта мектепке 24 320,0 мың теңге қаржы қаралып, ұжым 300 орындық жаңа ғимаратқа көшті. Төретам кентінен 600 орындық №269 орта мектеп ашылды. Оған облыстық бюджеттен 61 785,0 мың теңге қаралды.
2013 жылы №80 мектеп-гимназия, №106, №113 орта мектептерді химия кабинетімен жабдықтау үшін республикалық бюджеттен 12 291,0 мың теңге қаржы бөлінді. Үйден оқытылатын мүгедек балаларды компьютерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 65 178,0 мың теңге қаржы бөлініп, оның ішінде нақты бала санына қарай 14 997,0 мың теңгесіне мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, оқушылар тиісті құрал-жабдықтармен қамтылды.
Өткен оқу жылы «Химия жылы» деп белгіленіп, бірқатар іс-шаралар өтті. «Химия жылының» қорытындысында «Үздік мектеп», «Үздік мектеп директоры», «Үздік пән мұғалімі», «Үздік оқу ісі орынбасары», «Үздік сынып жетекшісі» , «Үздік ғылыми жетекші» номинациялары анықталып, марапатталу рәсімі тамыз кеңесінде өткізілді. Ұлттық біріңғай тест қорытындысымен үздік нәтиже көрсеткен педагогикалық ұжымдарды анықтап, тәжірибесін таратуға негізделген бұл байқаудың қорытындысы бойынша №250 мектеп лицейі «Үздік мектеп» деп танылып, аудан әкімінің 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақысын иеленді.
Облыс көлеміндегі үстіміздегі жылдың қазан айында ұйымдастырылған «Үздік жыл әдіскері-2013» байқауына аудандық оқушылар үйінің әдіскері Ербол Жұмабеков қатысып, жүлделі ІІ орын алды.
Облыс әкімінің білім саласы қызметкерлеріне жылма-жыл тағайындайтын сыйақысына биылғы оқу жылында кент орталығындағы Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Көбекова Манат 1 млн теңге көлемінде ие болып, аудан мәртебесін көтерді.
2013 жылдың қыркүйек айында өткен облыстық «Үздік тарих пәнінің мұғалімі-2013» байқауында №269 орта мектептің тарих, құқық пәнінің мұғалімі Г.Жакеева дипломант атанды. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Дидактикалық материалдар» байқауында Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, логопед А.Абдрашова І, Жосалы кентіндегі Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі М.Хасенова ІІІ орын алып қайтты. Облыстық «Үздік психолог-2013» байқауынан №250 мектеп-лицейдің психологы Қ.Алданазарова ІІІ орын алды. №29 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қыржықбаева Рауа Амзеевна Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Перспективы развития системы непрерывного экологического образования» атты семинарға қатынасып, дипломмен және аудан оқушыларының экологиялық тақырыптағы суреттері Халықаралық көрмелерге қойылды.
2012-2013 жылында ауданымыз үшін білім саласында ерекше жетістіктерге жеткен жылы болды. Халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадалардан, ғылыми жобалардан жүлделі орындарды иеленді. Сонымен бірге аудан оқушылары қашықтықтан ұйымдастырылған Халықаралық «Успех» олимпиадасына қатысуды дәстүрге айналдырды. Жалпы білім беретін Республикалық олимпиаданың 2012-2013 оқу жылындағы облыстық кезеңінен 5 оқушы жүлделі орындарға ие болып, Тараз қаласында өткен Республикалық кезеңіне №186 мектептің 10 сынып оқушысы Бекниязова Гүлшат құқық пәні бойынша 3 орынды және №250 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Айшықова Гүлжазира алғыс хатпен марапатталды. Республикалық І «Өзін-өзі тану» пәні бойынша №30 мектептің 8 сынып оқушысы Шакизада Альбина ІІІ орынды иеленді. 2013 жылдың 5-6 қараша айында Алматы қаласының «Ғалым гимназия» базасында «Өмір ғылым» атты ІІ Халықаралық оқушылар конференциясына аудандық оқушылар үйінің жетекшісі Өткелбаева Айгүл І орын, оқушылары І,ІІ орындарын иеленді және 7-8 қазан аралығында өткен Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық оқушылар конференциясында да №27 мектептің 9 сынып оқушысы Г. Іскендирова ІІІ орынды алды.
2013 жылы 10 желтоқсан айында Қызылорда қаласындағы №264 мектеп-лицейінде өткізілген Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауына ауданнан 19 оқушы қатынасып, нәтижесінде 7 жүлделі орынды иеленді. Жүлделі орын алған оқушылар конкурстың ІІІ кезеңіне қатысуға жолдама алды.
1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының Зерде ІХ республикалық конкурсының І кезеңі /аудандық/ өткізілді. Нәтижесінде, жүлделі орын алған оқушылар облыста өтетін конкурсқа 5 оқушы жолдама алды. 2013 жылдың 10 желтоқсанында Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауына ауданнан 7 оқушы жүлделі орын иеленді. Жүлделі орын алған оқушылар аталған конкурстың ІІІ кезеңіне қатысуға жолдама алды.
2013 жылы 1 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Келешекке жастық жалынмен» атты аудандық жастар форумынан білім қызметкерлері №107 мектептің ғылыми-әдістемелік орынбасары Бекенов Шыңғыс «Үздік жас қаламгер», №113 мектептің биология пәні мұғалімі Каденова Толқын «Үздік жас мұғалім» номинациясына ие болды.
Қызылорда қаласында ұйымдастырылған «Ғажайыпқа толы Жаңа Жыл» тақырыбындағы Президент шыршасына ауданнан әлеуметтік қорғалуға тиісті 8 оқушы қатысып, ноутбук алып қайтты.
2013 жылдың қорытындысы бойынша ауданның білім саласының ардагері З.Алимбаев «Ауданның құрметті азаматы» атағын алды, ал Қуаңдария аулындағы №186 орта мектептің тарих, құқық пәнінің мұғалімі А.Өтешбаев «Ауданның үздік мұғалімі» номинациясына ие болды.
Информатика пәні бойынша Халықаралық қашықтық олимпиадасынан №250 мектептің 3 оқушысы жүлделі орындарды иеленді, олар: 5 сынып оқушысы Құрманалиева Аида, Әлиев Данияр мен 9 сынып оқушысы Қошалақов Алмас. Мұғалімі информатика пәні мұғалімі Серік Динара.
Азербайжан елінің Баку қаласында Түркі халықтарының жыр-терме сайысына №30 мектептің 7сынып оқушысы Бақытова Тоғжан қатысып, ІІ орын алып қайтты.
Республикалық Ішкі Істер министрлігінің ұйымдастырған «Есірткіге жол жоқ» атты Республикалық шығармалар байқауына қатысқан №183 орта мектептің 10 сынып оқушысы Г.Атуллаева грамотамен, бағалы сыйлықпен марапатталды.
Республикалық, халықаралық жарыстардан (самбо,қазақша күрес, жеңіл атлетикадан т.б) 30 оқушы жеңімпаз жүлдегер атанды.
Республикалық «Ы.Алтынсарин-2013» пәндік олимпиадасының қорытындысы бойынша №250 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Құдабаева Фариза және №121 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Нағашыбай Назерке жеңімпаз атанып, Ректор грантын жеңіп алды.
Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне аудан бойынша 791 оқушы қатысып, оның 178-і жүлделі орындармен марапатталды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңіне /облыстық/ ауданнан 24 оқушы жолдама алды.
Аудандық Төретам кенті №80 мектеп-гимназия базасында Қ.Игенбаев атындағы математика пәнінен олимпиада ұйымдастырылып келеді. Тараз қаласы мемлекеттік университет базасында өткізілген Халықаралық студенттер мен оқушылар арасындағы «Жас ғалым-2013» ғылыми-практикалық конференциясына аудандық оқушылар үйінің «Өлкетану» үйірме жетекшісі Қосанова Айгүл және үйірме оқушылары жүлделі ІІ, ІІІ орындарын иеленді. Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университет базасында облыстық «Жас ғалым-2013» 10-11сыныптар арасындағы ғылыми жоба жарысына математика бағытымен №183 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Тиынов Шамшырақ жүлделі 2 орынды алды. 2013 жылдың мамыр айында Республикалық Ақтөбе қаласында болған Кіші ғылым Академиясының №26 мектептің 11 сынып оқушылары Болатбекова Назерке мен Жалғасбаева Малике І орындарды иеленді. «Жырлайды жүрек» М.Мақатаевтың өлеңдерін оқудан бесінші Республикалық байқаудан №109 мектептің 9 сынып оқушысы Кәрібаев Шерхан ІІІ орын алды. «Атабаев тағлымы-ІІІ» атты республикалық педагогикалық оқуға ауданнан 5 мұғалім қатысып, олардың жұмыстары жинаққа енді.
Астана қаласында өткен «Қазақстандық филологиялық білім беруді дамытудың негізгі басымдықтары» тақырыбындағы Қазақстан филологтарының І съезіне №250 мектеп-лицейінің филолог педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қаратаева Райкүл қатысып қайтты.
Астана қаласында «Л.Н.Толстой және Қазақстан» атты Халықаралық тарихи-әдебиеттік конкурсында жүлделі ІІ орынды алғаны үшін марапаттау рәсіміне №99 мектептің 11 сынып оқушысы Жайшылықова Гүлзат пен 10 сынып оқушысы Салмырза Еңлік, жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есхожа Шәргүл қатысып марапатталып қайтты. 2013 жылдың 8 қарашада аудандық VІІ «Ү.Қошалақов» атындағы математикалық олимпиада №105 орта мектеп базасында болды. Оған аудан бойынша 74 оқушы қатынасып, жүлделі орындармен марапатталды.
2012 – 2013 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2013 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп, аудан бойынша жоспарға сәйкес 102 тыңдаушы білім жетілдіру курстарынан өтті. Бұл аудан мұғалімдерінің 13% құрайды.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт базасында 10 күндік оқуға 45 тыңдаушы, көшпелі курсқа 25 тыңдаушы қатысып өз білімдерін жетілдірді.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми – педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт базасында өткізілетін 10 күндік курсқа – 25 тыңдаушы қатыстырылды. Бұл аудан мұғалімдерінің 7% құрайды.
2012-2013 жылы 1-10 сынып аралығында 8411 оқушының 7529-ның (89 пайызы) жазғы демалыс және еңбекпен қамту жұмыстарын жүзеге асырылуы жоспарланып, нәтижесінде 8121 оқушы қамтылып,96 пайызға орындалды.
Жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп жанындағы лагерьге 4.705 мың (38 пайыз), сыртқы лагерьге 7633,5 теңге (62 пайыз) барлығы жазғы тынығуға 12 338,5 қаржы бөлінді. Жаз мезгілінде 1713 оқушы еңбекпен (1262 көркейту-көгаландыру бригадаларында, 451-і еңбек бригадаларында) 1-20 маусым аралығында қамтылды.
2-4 шілде аралығында 60 оқушы тарихи-танымдық жорыққа экскурсияға (Алтыасар, Жетіасар, Ыстық бұлақ, Т.Көмекбаев, Қарақ тауы, Қосқала, Шірік -Рабат, Сырлытам, Кекірелі) барып үлкен әсермен оралды.
Аудандағы 22 мектептің 510 оқушысынан 294 оқушы тест тапсыруға қатысты.Орташа баллы -75,64.
ҰБТ қорытындысымен 7 бітіруші «Алтын белгі», 3 үміткер «Үздік аттестат» иегері атанды.
2012-2013 оқу жылындағы нәтижесі бойынша ауданның 87 мектеп бітірушісі мемлекеттік грант жүйесі арқылы жоғарғы оқу орындарына түсті. Облыс әкімінің грантына ауданымыздан 14 оқушы жоғары оқу орнына түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |