Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2018 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстар есебі



Дата31.12.2019
өлшемі53,2 Kb.
#53958
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2018 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстар есебі
Аудандық мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2018 жылдың белгіленген жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Ақпан айының 5-6 күндері аралығында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Арал аудандық мәдениет үй» жанындағы №1 «Ақ желкен» №2 «Асыл мұра» мәдени жылжымалы демелыс кешендерінің «Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті жолдауын насихаттау барысында мәдениет үйінің өнерпаздары Құмсағыз- Сарышығанық, Сорбеткей-Санияз клубы жоқ елді мекендерде болып шет жатқан ауыл тұрғындарына өнер көрсетіп елбасымыздың жолдауын халыққа насихаттап кең тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп барша тұрғындардың алғысына иеленіп нәтижелі жұмыс көзін жүргізді.

9 ақпан күні Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Маржан сөз, қоңыр үн» атты концерт жүргізушілердің аудандық байқауы ұйымдастырылды. Жастар мен студенттерді елжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, аудан көлемінде аталып өтілетін ауқымды шараларға жастарды тарту, көркем шығармашылыққа баулу. Көркемсөз жанрын, жастардың тіл тазалығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, концерт жүргізушілікке жастарды бейімдеу мақсатында. Арал қаласындағы арнаулы оқу орындары, мектеп, мекеме, қала,кент,ауылдарынан талапкерлер қатыстырылды.

8 ақпан күні Кәсіби мамандарды дайындауда Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырудың негізгі міндеті – ғылым мен білімді тәжірибемен ұштастыру. Осы бағытта, негізі қаланғанына 90 жылдың жүзі болған Арал индустриалды-техникалық колледжінің мерей тойы ұйымдастырылып өткізілді.



15 ақпан күні Арал қаласындағы ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында «Ауған-алауы жадымызда» атты Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай еске алу шарасы өткізілді шара барысында батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестерімізге жиналған қауым ең алдымен майдаңгерлерді үнсіз еске алып, орталық мешіттің найб имамы Н.Кеңесханов құрбан болған боздақтардың құрметіне құран бағыштады.

14-ақпан күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 10 - қаңтар күні Қазақстан халқына жолдаған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдау аясында "Көңілашар" халықтық мәдени-үгіт бригадасының жанынан құрылған "Нұр шуақ" балалар үгіт тобы "Елбасы жолдауы-Ел үні" атты қойылым концерттін өткізді. Қойылым-концертте жолдаудағы бөлімдерге тоқталып,өнерпаздар өнер көрсетті.

22-23 ақпан күндері жылма-жыл өткізілетін дәстүрлі«Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының аудандық іріктеу туры ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға талапкер өнерпаздар саны жыл сайын артып келеді. Барлық жанрлар бойынша аудан көлеміндегі шалғай елді мекендерден қатысып жатқаны қуанарлық жайт. Биылғы жылда аудан көлемінде 100 ден астам балалар шығармашылығын дамытуда дәстүрлі терме, күй, ән,би жанрында талапкерлер қатысты.



26-ақпан күні Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстан халқына жолдаған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауы аясында "Елбасы жолдауы-жастардың қолдауы" тақырыбында ой-толғау аудандық Абай атындағы орталықтандырылған кітапханада болып өтті.

6 наурыз күні Көңілдерге қуаныш пен шаттық сыйлай келетін көктем – аяулы аналарымыз бен әпке-қарындастар үшін ерекше мезгіл. Себебі, сұлулық пен әдеміліктің, жарасымдықтың жаршысындай – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі. Мерекеге орай аудандық мәдениет үйінде «Ана–өмір шәрбаты, Ару–әлем сымбаты» атты салтанатты шара өтті. Ғасырдан асқан Жонай Таңымбетова батасынан бастау алған мерекелік кешке аудан әкімі М.Оразбаев қатысып, өз лебізін білдірді.

13 наурыз күні «Жұлдызай» мүмкінідгі шектеулі балалар арасындағы өнер фестифальі өткізлді шараға аудан көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер өнерлерін көрсетіп ән мен биден шашу шашты. Балалардың жарқын болашағына ата –аналарына қолдау ретінде және бүлдіршіндерді сахна мәдениетіне бейімде мақсатында ұйымдастырылды.

15 наурыз күні «Бұрымды-ару» атты ауданымыздың мектеп жасындағы жас буын аруларымыздың арасында байқау ұйымдастырылды байқаудың мақсаты ару қыздарымызды қазақы тәрбиеге баулу барысында 12 ару бақсынады.

16 наурыз күні «Ән көңілді әжелер» атты әжелер ансамбльдерінің арасында аудандық байқау өткізілді. Әжелер ансамбілін құру мақсаты, халық әндерін насихаттап халық арасына тарату. Әжелер ансамбілі ұрпақтар сабақтастығына дәнекер болу мақсатында ізін басып келе жатқан жас буын жастарға қазақ әндерін, дәстүр салтын, болмысын, мінезін, бір сөзбен айтқанда ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында.

21 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай «Ұлы Наурыз-Қасиетті күн көктем» атты қойылым қойылды. Орталық алаңда ретімен құрылған киіз үйлер сән түзеп, алыстан көз тарта алаң ажарын ашып, мерекелік шараларға ерте жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» заңнаманың қабылданғанына 20 жыл болуына орай орай, биыл қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген 2018 жылға арналған кешенді жоспар аясында аймағымызда бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру көзделген болатын.
Осы ретте, облысымызда ағымдағы жылдың 5 сәуірі күнінен бастап «Адал жол – честный путь» ұранымен парақорлыққа қарсы марафон бастау алды. Адалдықты ту еткен көш бірінші Арал ауданына аттанып, жиырма жылдыққа 20 автокөлік теңізді өлкемізге жол тартқан болатын.
Бүгін аудан орталығында осы аталған марафон эстафетасын көршілес Қазалы ауданына беру рәсімі өтті. Мемлекеттік орган қызметшілерімен қатар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық ұйым өкілдері белсене қатысқан шарада аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев сөз алып, арнайы Астана қаласының 20 жылдығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдығына арнап Сыр өңірінде бастау алған шараның мақсатына тоқтала келе «Осы марафон аясында өңірімізде екі күннен бері қоғамдық-саяси маңызы бар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, аралдықтар республикалық акцияға өз үлестерін қосты. Бүгін, мінекей, аталған эстафета туын Қазалы ауданына ұсынғалы тұрмыз. Ендеше, Қазалы ауданына жол тартқан эстафета жоғары деңгейде жалғасады деп сенеміз»-, деп, адалдықтың ақ туын Қазалы ауданы әкімінің аппарат басшысы Н.Жалғасбаевқа табыс етті.
Орталық алаңда ұйымдастырылған шарада мектеп оқушылары «Жемқорлықтан бойын аулақ ұстайтын – адал ұрпақ адалдықтың бастауы» деп ұрандатып, белсенді жастар флешмоб өткізді.
Одан әрі марафонның автошеруі Қазалы ауданына қарай жол тартты.
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Арал ауданында марафон өткізілді. Марафонға ауданымыздың беленді жастары қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішов «Адал жол» марафон туын Қазалы ауданына табыстады.

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы аясында «BURABAI SUMMER FEST» І халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы телевизиялық фестиваль-конкурсының аудандық іріктеу туры болды. Байқаудың 5 жанры бойынша төмендегі талапкер өнерпаздар облыстық байқауға жолдама алды.

Қамбаш елді мекенінде "Көңілашар" халықтық мәдени-үгіт бригадасының жанынан құрылған "Нұр шуақ" балалар үгіт тобы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстан халқына жолдаған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауы аясында "Елбасы жолдауы-Ел үні" атты қойылым-концертпен өз өнерлерін көрсетіп қайтты.

15-сәуір-Ұлттық ғашықтар күні аясында "Сезімдер патшасы-Ұлы махаббат" атты концерт өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – қазақ жастарының санасына шынайы махаббаттың нағыз символыдары – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Еңлік пен Кебек, Төлеген мен Қызжібек сынды ұлтымыздың нағыз махаббат қаһармандарын жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.

18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Арал аудандық мәдениет үйі ауласында орнатылған Жетес би мен Қызжібек пен Төлеген ескерткіштерге мәдениет үйінің қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді. Ескерткіштер маңы тазалаынып, әктеу және сырлау жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта гүл егіліп безендіріледі.

Сонымен қатар «Ескерткіштер-ел тарихы» атты таным сағаты өтті. Шараның негізгі мақсатты ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы оқушыны ұлтжандыққа тәрбиелеу.



№2 санаторий интернат оқушыларына Арал қаласындағы ескертіштердің шығу тарихымен таныстырылды. Атап айтар болсақ: аудандық мәдениет үйі жанындағы Жетес би ескерткіші, Қызжібек пен Төлеген, Зейнолла Шүкіров, Кеңестік дәуірдегі Аралдың атын әлемге танытқан, өскелең ұрпақ үшін ұлы дала тарихының аңыз адамы Төлеген Медетбаевты ұлықтау мақсатында орталық алаңындағы «Жастар аллеясына» бюсты, орталық алаңдағы Рәміздер алаңы мен 1941-1945 Ұлы Отан соғысына қатысып қайта елге оралмаған ардагерге арналған ескерткіштерге көрсетіліп, мағұлыматтар берілді.

Аудан әкімдігі мен аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосып, асқар биігіне шыққан Қазақстанның Халық жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың шығармашылығынан облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Теңіз тағдырын толғаған туынды» тақырыбында Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы бойынша дебат өткізілді. Дебат аясында "Ә.Нұрпейісовтың шығармалары арқылы оқырмандық қызығушылықты қалыптастыру тәжрибемізден" атты көрме ұйымдастырылған болатын.

Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесін айдынды Арал жұрты да өзіндік сән-салтанатымен атап өтті. Береке мен бірліктің туы желбіреп, еңбек пен достықтың күйін шертетін «Қазақстан – бірлік пен татулық бесігі» атты мереке ұйымдастырылды. Орталық алаңда қаладағы мектептер мен мекемелердің қатысуымен мерекелік шеру болды. Мерекелік шара алдын ала жоспарлаған бағдарламаға сай – орталық алаңнан бастау алып, аудан оратығында бірқатар мекемелердің қатысуымен достық шеруі болып өтты. елбіреп, еңбек пен достықтың күйін шертетін ғажайып мезгілді аралдық ағайын асыға күтеді. “ Қазақстан – бірлік пен татулық бесігі ”. “Тату елде тыныштық, бейбіт елде береке орнайды”. “Бірлігі жарасқан Қазақстан!” деп ұрандаған аралдықтар мерекені тойлауды күнмен таласа бастап кетті.
Мерекелік шара алдын ала жоспарлаған бағдарламаға сай – орталық алаңнан бастау алып, аудан оратығында бірқатар мекемелердің қатысуымен достық шеруі болып өтты.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні «Отанды қорғау-нағыз ердің міндеті» атты мемлекеттік мерекеге орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өткізілді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас Қолбасшсы, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткізілген Жауынгерлік парадты тамашалаудан бастау алды.


Жауынгерлік парад – бұл әскери парадтың жауынгерлік оқу-жаттығулар және жауынгерлік даярлық элементтерімен үйлесуі. Еліміз үшін айрықша маңызы бар Жауынгерлік парадқа қатысқан Нұрсұлтан Әбішұлы барша қазақстандықтарды 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін ерекше маңызды екенін айтты.

9 мамыр- Ұлы Жеңіс күні. Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеген күн. Осы орайда Желбіре жеңіс жалауы» атты меркелік концерт аудан орталығында өткілді. Ерлік жалауы желбіреген шақ.  Жеңіс күні жиынға тыл ардагерлері және мемлекеттік органдар мен әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Айтулы күнді атап өту ең алдымен Арал қаласындағы Семей полигоны мен Чернобыль апатын қалпына келтіруге қатысқан азаматтар құрметіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды.

12 мамыр күні Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында –өткен жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан «МЕН ҚАЗАҚПЫН» дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің телевизиялық мега жобасының аудандық іріктеу туры өткізілді. Байқаудың мақсаты атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз дәстүрлі ән-күй, термелерді одан әрмен дамытып. Ауданымыздың атынан жобаға 18-40 жас аралығында сегіз өнерпаз қатысып өнерлерін көрсетті.

«Үздік әдіскер-2018» қалалық, аудандық, ауылдық клуб кәсіпорындары әдіскерлерінің арасында облыстық байқаудың аудандық іріктеу туры өткізілді. Байқаудың мақсатты клуб кәсіпорындардағы әдіскерлердің кәсіби денгейін, кәсіби шеберлігін және мәртебесін арттыру, шығармашылық әлуетін неғұрлым толық жүзеге асыруына, олардың қызыметіндегі тйімділігін нығайту үшін жағдай жасау әдіскерлердің үздік іс-тәжірбиесін анықтау мақсатында ауылдық клуб үйлерінен 7 әдіскер қатысып өнер көрсетті. Облыста өткізілетін байқауға Бөген ауылдық клуб үйінің әдіскері Ділжанова Әйгерім, Құланды ауылдық клуб үйінің әдіскері Қарасаева Пернегүл жолдамаға ие болды.

15 мамыр күні күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Күй-құдірет, күй кие» атты аудандық оқушылар арасында күйшілер байқауы өткізілді.

Аудандық мәдениет үйінде аралдық жамағат қасиетті Рамазан айын ерекше ықыласпен қарсы алу мақсатында ұйымдастырылған «Қош келдің Рамазан» атты рухани кеште бас қосты.

Арал аудандық орталық мешітінің бастамасымен әрі мешіт жамағаты мен тәрбиеленушілердің белсенділігімен өткізілген тағлымды шара шымылдығы ең алдымен қасиетті Құран аяттарын оқумен ашылды.
Кеш одан әрі мешіт жамағатының әзірлеген өнегеге толы, рухани қойылымдары мен көріністеріне ұласты. Мұнан өзге, мешіт шәкірттері де өз өнерлерін ортаға салып, жарапазан жыры мен имандылыққа үндейтін әндерді шырқады.Кеш одан әрі мешіт жамағатының әзірлеген өнегелі толы, рухани қойылымдар мен көрністеріне ұласты. Мұнан өзге, мешіт шәкірттері де өз өнерлерін ортаға салып, жарапазан жыры мен имандылыққа үндейтін әндерді шырқады.

20 мамыр күні Мәдеиет пен өнер күніне орай төл меркені атап өту мақсатында «Мәдениет –мәңгілік, өнер өміршең» атты салттанаты кеш өтті. Мерекелік шара барысында мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды. Мәдениет саласының өнерпаздарының өнерімен жалғасты.

24 мамыр күні Ерен ерлікті, айбынды жерлесіміз, Қазақстанда жасақталған 73- гвардиялық двизияның ту ұстаушысы, Кеңес Одағының батыры Мақаш Балмағанбетовты еске алуға арналған «Ерлігі-елге мұра» атты рухани тағылымды кеш өткізілді кешке баттырдың ұрпақтары арнай шақыртылды.

30-31 мамыр күні Қарымды қаламгер Қалтай Мұхамеджановтың 90 жылдығына орай облыстық театрлар арсында байқау өткізілді байқауға мәдениет үйінің жанынан құрылған Халық театры қатысып «Құдағи келіпті» атты комедиясын сахналап жүлделі ІІІ орын иеленді.

Арал ауданының тұрғындары 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған орталық алаңдағы «Балалар мен жасөспірімдердің музыкалық ансамбльдері және оркестірлерінен құралған» ерекше шеруді тамашалады. Арнайы, сап түзеген шеру биыл да «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру бағытында рухани адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру бағытында ұйымдастырылды.

4 маусым – ҚР-ның Мемлекеттік рәміздер күні аясында Тәуелсіздігіміздің басты нышаны саналатын Рәміздер алаңының ашылу салтанаты болды.

Арал ауданында 8 маусым күні облыс әкімі жұмыс барысымен келіп, кальцийлендірілген сода зауытының құрылысына орай ірі өндіріс ошағының іргетасына капсула салды. Бұл күні сондай-ақ Сексеуіл кентінде спорт кешені пайдалануға берілсе, Шижаға елді мекені сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Арал ауданның барлық орта мектептерінде орта білім туралы аттестат тапсыру салтанаты өтті. Соның бірі Арал қаласындағы №220 мектеп түлектерінің салтанатты жиыны 15 маусым күні аудандық мәдениет үйінде өткізілді. Салтанатты рәсімге арнайы қонақ ретінде Арал қаласы əкімінің орынбасары, Аудандық білім бөлімінің жетекші маманы жəне де ардагер ұстаздарымыз қатысып, жас түлектерге ақ тілектерін арнап, жылы лебіздерін білдірді. Мектеп директоры биылғы мектеп бітіруші түлектерге аттестаттарын табыстай отырып, оқушыларымыздың алдағы сыннан сүрінбей өтулеріне, аттағалы отырған қадамдарына ақ жол, сәт- сапар тіледі.

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік қызмет - абыройлы міндет» атты мерекелік концерт берілді. Ауданда әр түрлі салада қызмет жасайтын мемлекеттік қызметкерлер марапатталып, ауданға қарасты Райым және Қарақұм ауылдық әкімдеріне қызметтік автокөліктердің кілті табысталды. Мерекелік шарада аудандағы жас мемлекеттік қызметшілер мен өнерпаздар өнер көрсетті.

Аудандық мәдениет үйінде полицейлердің кәсіби мерекесі орай «Полиция – ел қорғаны» атты концерт берілді. Салтанатты шараға аудан әкімі арнайы қатысып, ел қорғандары – полиция қызметкерлеріне табыс, сәттілік және абырой тілейтіндігін жеткізіп, бірқатар аудан полицейлерін марапаттады. Арал аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы әріптестерін мерейлі мерекесімен құттықтап, арнайы алғыс хатын табыс етті.

Салтанатты кеш одан әрі аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының жолдауы аясында, Астана қаласының 20-жылдығы қарсаңында аудандық мәдениет үйінде «Астана-болашақтың қаласы» атты аудандық үгіт топтары байқауы өткізілді.


Қаңтар айында Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінде мекеме қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми кеңес отырысы болды, онда 2017 жылдағы атқарылған жұмыстар мен жіберілген кемшіліктер туралы, 2018 жылғы атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды.

Музей қызметкерлері ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы жайында музей көрермендері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүлтіксіз және уақытылы орындалып келеді. Музей залында «Мазмұны – терең, мақсаты - айқын» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылып, экскурсия жүргізілді. Аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Жолдау – жаңғырудың даңғыл жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.



«Балықшылар музейі» бөлімшесінде Елбасы Жолдауындағы 10-шы міндет 2018 жыл – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел мерейі - Астана» тақырыбында көрме жасалып, келушілер арасында танымдық лекция оқылды.

Өмірде бар еңбегін халқына арнап, артында өшпестей мол мұра қалдырып, ұрпағына мағыналы тәрбие беріп, өмірлік азық болатындай жақсы істерін қалдырып кететін жандар жетерлік. Осындай тұлғалардың қатарындағы туған жердің экологиялық мәселесін шығармашылығына арқау еткен, туған жерді түлетуге атсалысып жүрген эколог, жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толуына «Аралдың ақиық жазушысы» атты тақырыпта танымдық лекциялар оқыды.

Дәстүрлі орындаушылық өнерде өзінің аса жоғары деңгейдегі шеберлігі, жалпыға бірдей жағымды үні, сөз қорының сарқылмас сан алуандылығымен тыңдаушысын тәнті еткен, домбырашы, сазгер, термеші, халық композиторы Қазанғаптың күйшілік дәстүрін кейінгі ұрпаққа жеткізушілердің бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Басықараевтың туылғанына 90 жыл толуына аудандық музей қызметкерлері «Қазанғаптың ізімен» атты тақырыпта қаладағы №62 мектеп оқушыларына лекция оқыды. Шара барысында оқушылар аудандық музейдің «Өнер мен әдебиет» залында стендіде орналасқан басқа да аралдық атақты күйші-жыршылардың өмірінен экскурсия ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап алды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністердің бірі», «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта тірілтуіміз керек» деп атап көрсеткен болатын. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Менің өлкемнің тарихы» тақырыбымен қаладағы №2 санаториялық мектеп-интернаттың және №64 орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары Арал аудандық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасады. Экскурсия барысында оқушылар мен мұғалімдер Арал өңірінің тарихымен, музейдегі жәдігерлермен танысты, ел тарихының дамуына үлес қосқан аралдық ұлы тұлғалардың өмірінен мәліметтер алды. Мақсаты – оқушыларды туған жерге, мәдениетіне, табиғатына сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, патриоттық тәрбие беру болып табылды.

Алты Алашқа ана да, пана да болған қасиетті Сыр елі бағзы замандардан бері-ақ небір сұңғыла ақын, жыршы, жырауларды дүниеге келтірген ән мен жырдың бесігі. «Сырға келіп, жыршымын деме» деген тәмсіл сөздің ұдайы айтылуының да өзіндік себебі бар. Осы жыршылық өнерді насихаттау мақсатында музей қызметкерлері аралдық Дәріқұл жыраудың 110 жылдығына «Жыр дүлдүлі - Дәріқұл» атты тақырыпта және Матай Үмбет бидің 200 жылдығына «Пірлі би» атты тақырыптарда музейге келушілер арасында танымдық лекция оқыды. Лекция барысында ел-халқын құрметтеп, есімін ұлықтауға лайықты тұлғалардың өмірбаянымен, шығармаларымен таныстырылып, насихатталды.

Музейдің ғылыми қызметкерлері қаладағы №64, №83, №220 орта мектептерінде музейдің 2018 жылға арналған жоспары және Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес Арал ауданынан шыққан тұлғалар жайында танымдық лекциялар оқыды.

«Балықшылар музейі» бөлімшесінің қызметкерлері 10 ақпан – 10 наурыз аралығында өткізілетін «Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқан барысында қаладағы мектеп оқушылары арасында байқау өткізді. Байқау мақсатына сай ұшқыр тілді ұландарға музей экскурсиясын жүргізу тәртібі түсіндіріліп, сертификаттар тапсырылды. Мақсаты – баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады. Шара барысында ұлы тұлғалардың сөздерін басшылыққа ала отырып, оқушыларға кеңестер, өзін сүюді, қолдауды, тазалыққа жақын болуды үйретті.

Белгілі ақын, жазушы, аудармашы, жерлесіміз Жарасқан Әбдірашовтың 70 жылдығына орай туған күні қарсаңында 7 наурыз күні қаладағы №62 мектеп-лицейінде «Дала, сенің ұлыңмын!» атты апталық аясында музей қызметкерлерімен бірлескен «Теңіздің сыршыл ақыны» атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Кеш барысында «Балықшылар музейінің» ғылыми қызметкері А.Есмағанбетов ақынның ғұмырлы өмірінен сыр шертті. Ақын өміріне арналған «Екі жүрек, бір тағдыр» атты деректі фильм ұсынылды. Жарасқанның жауһар жырларын мектеп-лицей оқушылары жатқа оқыды. Мектеп-лицей мұғалімдері ақын өлеңдерінің өршілдігін, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруда тәрбиелік мәні зор екендігін оқушыларға жан-жақты түсіндіріп, кешті қорытындылады.

Өз өлкеңнің тарихын, оның салт-дәстүрлерін, мәдениетін тек біліп, сүйсініп жүру жеткіліксіз, оларды сақтап, қорғап, насихаттау қажет. Осы орайда өткеннен қалған зор тарихи-мәдени құндылықтарымыз жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзіне айналдыру мақсатында аудандық музейдің ғылыми қызметкері Г.Каримолдақызы музей жанынан ашылған «Жас өлкетанушылар» клубының мүшелеріне «Адырна» туралы этнографиялық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты - бағдарламаның мақсат-міндеттерімен таныстыру, әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілігін білдіру, өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне терең бойлай білу, ұмыт болған аспаптарды қайта өңдеу және оларды жетілдіре түсу, ұлттық құндылықтарды сақтай білу, адырна музыкалық аспабының тарихы туралы кеңінен мәлімет беру, музейге түсу тарихы жайында деректер беру.

19-20 наурыз күндері аудандық музейде «Наурыз – құт, береке бастауы» атты іс-шаралар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – наурыз мейрамын тойлау дәстүрлерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу, патриоттық пен толеранттылық рухында тәрбиелеу, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде музейге келушілердің жеке тұлға ретінде дамуына, қалыптасуына ықпал ету болып табылды.

«Балықшылар музейі» бөлімшесінің қызметкерлері мереке қарсаңында «Өрісті ұлттың өрелі ойындары» атты ұлттық ойындар сайысын ұйымдастырды. Сайыс жеңімпаздары шара соңында бағалы сыйлықтармен марапатталып, жыл ішінде музейге тегін кіруге жолдама алды.

Музей қызметкерлері Ұлыстың ұлы күніне Қызылорда қаласының Орталық алаңында «Жетес би ауылына» киіз үй тігіп, музей қорынан алынған жәдігерлерге этнографиялық көрме ұйымдастырды.

6 сәуір күні тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері Қазалы ауданы Әйтеке би кенті Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектепте «Аралым айдын шалқарым» атты Аралды құтқару қорының 25 жылын атап өту мақсатында ұйымдастырылған шараға қатысып музей жәдігерлерінен көрме ұйымдастырып қайтты.

«Сөз жүйрігі»өнерпаз,жазушы Т.Қосановтың 80 жылдығына орай музейдің ғылыми қызметкері Г.Каримолдақызы мектеп оқушыларына лекциялық сағат өткізді. «Өткеннің қазынасы-болашаққа» музей жәдігерлері жайында музейдің қор жинаушысы Ж.Бақытжанова оқушыларға мәлімет берді.

«Балықшылар музейі» бөлімшесінің ғылыми қызметкері А.Медетбаев «Елбасы- қолдаған -Аралым» атты көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар музейге мәдениет қайраткері Жанар Айжанова келіп музей жәдігерлерімен танысып ерекше көңіл күйге бөленіп қайтты.

18 сәуір –Халықаралық ескерткіштер күніне орай музей ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді. «Ескерткіштер –елге мұра,ұрпаққа аманат» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, музейдің ғылыми қызметкері Г.Каримолдақызы №64 мектеп оқушыларын орталық алаңдағы «Тағзым» алаңына, Төлеген Медетбаевтың ескерткішіне апарып лекциялық сағат жүргізді. Оқушыларға сұрақтар қойылып жауаптар алынды. Өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер «Facebook» парақшасына салынды.

Сондай –ақ музейдің ғылыми қызметкері Г.Каримолдақызы Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде өткізілетін «Асқақ рухты Ақайұлы Ақтан батыр»атты республикалық конференцияға қатысып қайтты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасына сәйкес мамыр айының

04-і күні Жаңақұрылыс елді мекеніндегі №74 орта мектепке көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушыларға аудандық тарихи ескерткіштер, тарихи өлке, Жарасхан Әбдірашов , зергер Құдайберген Құлмамбетов туралы мәліметтер берілді.Оқушылар көрмеге қызығушылық танытып, жақсы әсер алды.

9 мамыр – Жеңіс мерекесі қарсаңында Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Өлке тарихы» залында «Ерлікке мәңгілік тағзым» атты музейдің құнды жәдігерлерінен жинақталған көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында музей қорындағы соғыс жылдарындағы жауынгер мылтығы, жауынгер көйлегі, каскісі, ардагерлерге арналған «Арал-ардагерлері» турникет–альбоммен таныстырылып, музей қорындағы 19 ғасырдың құнды жәдігері патефонда соғыс әндері тыңдалды. Музей қызметкері Г.Каримолдақызы Кеңес Одағының Батыры А.П.Мин туралы «Ерлігі елдің жадында» танымдық лекциясын оқыды. «Балықшылар»музейінің ғылыми қызметкері А.Есмағанбетов «Майдангер балықшылар» тақырыбында соғыс кезіндегі балықшылар ерлігі жайында лекция оқыды.

Сондай-ақ, музейге келген оқушылар видеопроектор арқылы соғыс туралы бейнефильмдер тамашалады.

«Батырдың ерлігі» ардагер, Кеңес Одағының батыры Мақаш Балмағанбетов туралы музейдің ғылыми қызметкері И.Рзағазиева оқушыларға лекция оқыды.. «Тұғыры биік тұлға» ғалым, ҚР мемлекеттік сыйлық лауреаты Рзаев Серікбайдың 80 жасқа толуына орай музейдің ғылыми қызметкері Г.Каримолдақызы оқушыларға лекция оқыды.

Аудандық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Балықшылар» музейі бөлімшесі мамыр айында 18 мамыр Халықаралық музей күніне орай «Құт мекенім Аралым» тақырыбында «Ашық есік» күні акциясын өткізді, мазмұнды шараға Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқару дирекциясы мұрындық болып Солтүстік Арал өңірін зерттеуші ғылыми-практикалық экспедиция құрамы, яғни отандық,шетелдік ғалымдар,эколог,су мамандары музеймен танысу барысында көрмені тамашалауға келді. Музей ұжымы көрме барысында балықшылардың этно ауылын жасақтап,таныстырылымын өткізді.

Музей күні акциясына аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков және Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық инспекциялық топта аталмыш шараның қонағы болып, келушілерге туған жер біздің мақтанышымыз, көз қарашығындай сақтау біздің міндетіміз деген пікірін өскелең ұрпаққа білдірді.

Спорт жанашырларына арнап «Балықшылар» музейі жүлдесі үшін аулада жасөспірімдер арасында кіші футбол мен гір тасын көтеруден сайыстар өтіліп, жеңімпаздар марапатталды.

19 мамыр күні Аудандық мәдениет үйінде Мақаш Балмағанбетовке арналған кешке көрме ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған іс-шаралар жөніндегі мәліметтер «Facebook» парақшасына салынып отырды.

31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Қуғын –сүргін құрбандарын еске алу мақсатында музей қызметкерлері мамыр айының 30-31 күндері «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» тақырыбында фотокөрмелер ұйымдастырды. Осы аталған тақырыпта музейге келген көрермендер арасында лекция-әңгімелер оқылды.

Сонымен қатар музей ғимаратының ішкі және сыртқы жұмыстарына жәй жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Маусым айында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде аудандық музейде музейдің қор сақтаушысы Ж.Бақытжанованың ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» тақырыбында балалар арасында сурет көрмесі өткізілді. Балалар өздері қалаған суреттерін салып,өз өнерлерін көрсетті.Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, сыйлық үлестірді.

4 маусым күні музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 4 маусым - ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мқтанышымыз» тақырыбында лекция өткізілді.Сонымен қатар музейдің «Тәуелсіздік» залындағы көрмеге ғылыми қызметкерлер экскурсия жасатты. Шараның барысында – көрермендерге мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы айтылып,өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу. ҚР Мемлекеттік Гимні орындалып, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен Елбасының тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы рөліне баса назар аударылды.

Маусым айының 6-сы күні №13 мектеп жанынан құрылған «Өркен» жазғы тынығу лагерінің балалары келіп музейді тамашалады.

«Еңбек ардагері» Арал ауданы ауыл шаруашылығының ірі ұйымдастырушысы Сырымов Тәлекеннің 90 жасқа толуына орай музейдің ғылыми қызметкері Г.Каримолдақызы оқушылар арасында танымдық лекция өткізді.

Содай-ақ «Аудан тарихына саяхат» тақырыбында мектеп жанынан ұйымдастырылған жазғы тынығу лагері балаларына музейге экскурсия ұйымдастырылып отырды. Атап айтар болсақ «Өркен» тынығу лагері демалушылары, ЮСИМАС ментальді арифметика балалары,аудандық оқушылар үйінің демалушылары келіп музейге экскурсия жасап қызығушылық танытты.

Жоспарға сәйкес «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» тақырыбында музей қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Арал аудандық Орталық кітапханада Елбасының « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында , Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Р Мәдениет қайраткері,Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі,Арал ауданының құрметті азаматы, күйші-композитор, ақын-жырау Мұрат Сыдықұлының халқымыздың рухани байлығына қосқан үлкен еңбектері «Жырлайды Арал перзенті» , «Жыр мәйегі -мақам», "Домбыра жүрек жырлайды",«Арал толқындары» атты ғылыми құнды еңбектерін насихаттап , оқырман назарына ұсыну мақсатында «Жырлайды Арал перзенті» атты шығармашылығына арналған дара жол кеші болып өтті.

Кештің қадірлі қонақтары аудан әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлы және Қазақстан журналистер одағының мүшесі,Арал ауданының құрметті азаматы Әнес Әуезов,«Халықаралық «қазақ тілі» қоғамы, Қоғамдық бірлестігі» Арал аудандық филиалының төреағасы Жұмабай Жақып,Тілші Жаңабай Кемал, Мәдениет саласының зейнеткері Ж.Төребеков сынды белгілі азаматтар М.Сыдықовтың өнері мен шығармашылығы жайында өз ой пікірлерімен бөлісті.Мұрат Сыдықовтың жұбайы Базар Қостаева отбасындағы Мұрат пен өнердегі Мұраттың қызықты сәттерімен бөлісіп,келешек ұрпаққа ақ батасын берді.Сондай-ақ шәкірттері - Айна Тұяқова ,Самал Сейітова,Қуаныш Нұрмахановтар композитордың төл шығармаларын орындап,көрермен ықыласына бөленді.

Кітапхана мұражайына қазақтың киелі өнерінің барлық саласының бағын жандырған,халқының сусынын қандырған облыс,республикаға танымал ауданның өнерпаз әулеті Сыдықовтар жанұялық ансамблінің жетекшісі М.Сыдықовтың шығармашылығына арналған «Жауһарлы жеті өнердің иесі» атты бұрыш ұйымдастырылып,оған ақын композитордың құнды,маңызды деректері, және оқырман үшін жасалған фото альбом ,жадынама, әдеби баспалар қойылды.
Шара барысында «Теңізбен терең тілдескен,Сұлу Сырмен үндескен» атты кең көлемді,мазмұнды кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылып,ондағы қойылған Сыдықтовтың «Жырлайды Арал перзенті» , «Жыр мәйегі -мақам», "Домбыра жүрек жырлайды",«Арал толқындары» атты кітабы,ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани мол мұрасы яғни баспасөз беттеріне шыққан мақалалары,ұзақ жылғы қазақ халқының өнері мен мәдениетін көтеруге атсалысқаны үшін жетістіктеріне алған алғыс хаттары мен грамоталары, белгілі өнер азаматтарымен түскен фотосуреттері орналастырылып кеңінен насихатталды.

Шара соңында ақын-жырау,күйші-композитор,Арал ауданының құрметті азаматы М.Сыдықов өз қолтаңбасы қойылған кітаптарын кітапхана қорына сыйға тартты.

Аудандық орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын, «Туған жер» бағдарламасы аясында оқырман қауымға тарихы терең,қойнауы кең өлкеміздің тарихын, өркендеген өңірдегі өрелі істерін таныстыра отырып,өз елінің патриоты болуға,отаншылдық сезімі мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,өлкетану әдебиеттерін насихаттау мақсатында «Сүйем сені,Атамекен,туған ел!» атты поэтикалық тарихи-танымдық кеш өткізілді.

Шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Дәрменов,Аудандық жастар ресурстық орталығы қызметкерлері, АИТК,Арал көпсалалы колледжі мұғалімдері мен студенттері,мектеп оқушылары,оқушылар үйі қатысты. Қатысушылар саны -50 адам.




Шара барысында кітапханашылардан жасақталған «Жаңалықтар жаршысы» үгіт бригадасы Елбасы жолдауын, «Туған жер » бағдарламасын жүзеге асыру аясында туған жердің тарихы мен ел есінде сақталған біртуар перзенттері:өлкеден шыққан батырлар,ақын-жазушылар,өнер қайраткерлерін насихаттау барысында өткізілген шараларға шолу жасап,қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы М.Өтегенова «Мәңгілік ел» көрме инсталяциясымен таныстырды.Аудандық мәдениет үйінің әншілері С.Дінжанова , Н.Сәрсенбаевалар әннен шашу шашты.Шараны қорытындылай келе кітапхана директоры Ж.Алишева кітапхана оқырманы, шығармашыл ақын-ұстаз Ш.Балманованы «Күміс қауырсын», тұрақты оқырман Т.Қуанышовты «Алтын формуляр» номинациясымен,сондай ақ,шараға белсенді атсалысқан мектеп мұғалімдері мен оқушыларды алғыс хаттарымен марапаттады.

Қалалық №3 кітапханада Астана қаласының 20 жылдығына орай «Елдігімізді ұлықтаған -Бас қала» атты мерекелік кеш өткізілді.Мақсаты: Астана қаласының 20 жылдығы екендігін хабардар ету, жастардың бойына Отанға ,туған елге сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін қалыптастыру,ұлтжандылыққа тәрбиелеу, әсемдікке ой-өрісін кеңейту.Шараға 12 оқырман қатысты.

Шара барысында кітапханашы А.Нағашыбаева оқырмандар назарына Елорданың өткені мен бүгіні туралы баяндап,Астананың тарихымен таныстырды.Оқырмандар Астана- халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры екендігін,үкілі үмітімен сенімнің көрінісі екендігін айтып өз ойларын ортаға салды. Астана-тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үмітімен сенімінің көрінісі,арманы мен тілегінің кепілі.Елорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі.Ендеше бас қаланың жаңадан қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ.Шара барысында «Ел жүрегі- Астана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қалалық № 4 кітапханада «Рухы биік Астана» атты таным сағаты ұйымдастырылды.Кештің мақсаты: Астана қаласы туралы кеңінен мәлімет беру. Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру. Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту.Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуіне деген ниетін қалыптастыру.

Биыл мәңгілік елдің темірқазығына айналған елордамыздың 20 жылдығы ел көлемінде кеңінен аталып өтілуде. Астана еліміздің жаңа тарихында бой көтерген, Қазақстан дамуының бетбұрысты, заманалық кезеңінде жүзеге асырылған керемет жоба. Жас мемлекеттің басты бағдарлары анықталған және бекітілген кезеңде тарихи және ұлттық сәйкестендірудің негізгі қағидаттарын қалыптастырудың күрделі үрдістерінде Астананың жылдам дамуы еліміздің саяси және экономикалық жаңғыруына, сондай-ақ әлеуметтік оптимизмді нығайту, қоғамның жағымды үміттенулерін және құндылықтарын қалыптастыруға айтарлықтай негіз болғанын кітапханашы Дарменова айтып өтті.

Шара барысында кітапханамыздың тұрақты оқырманы Әбдікәрімов Рамазан, Қазиев Қайрат, Омарханова Набатхан - Елордамыздың қарқынды дамып, күн нұрындай нұрланып, бүгінде дүние жүзіне ынтымағы мен бірлігі жарасқан, ұлттық нақышты ұлықтаған, жаңашылдыққа ұмтылған қуатты жас Астанамыздың дамуын арқау етті. Кеш соңында «Астана туған елдің жүрегі» атты кітап көрмесіне кітапханашы Текебаева Н библиографиялық шолу жасады.

Сексеуіл қыстақтық кітапханада «Білімді жастар-ел болашағы» атты зияткерлік сайыс өтті.Мақсаты: Оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру, шығармашылық қабілеті және терең білімді дарынды балаларды мадақтау.

Сайысқа № 87, № 177 орта мектеп оқушылары ,барлығы 21 оқырман қатысты.

Орталық Абай атындағы кітапханада Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты мақаласымен танысып насихаттау мақсатында жолдауға талдау өткізілді.Шараға қалалық кітапхана қызметкерлері,барлығы 21 адам қатысты.

Шара барысында кітапханашылар М.Ақмырзаева,Л.Дарменова,М.Өтегенова Р.Садуақасова, Қ.Шалбаевалар Елбасы жолдауының он бағыты бойынша өз ойларын ортаға салып,бір ауыздан қолдайтынын білдірді. Талдау аясында Елбасының тағы бір елеулі еңбегі,публицистика жанрында жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» туындысы таныстырылды. Кітапханашы Ә.Тілеубаева тағылымы мол туындының жастар мен келешек ұрпаққа тарихи сана сезімді қалыптастыратын ерекше еңбек екенін атап өтті.

Сексеуіл қыстақтық кітапханада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен және оның бағыт – бағдарларымен таныстыру,насихаттау мақсатында «Елбасы жолдауы – мемлекеттің тұрақты даму кепілі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Шараға әкімшілік қызметкерлері және мектеп кітапханашылары,тұрақты оқырмандар, барлығы-26 адам қатысты.

Кітапханашы А. Муханбетшарипова слайд арқылы жолдаудың бағыттарына тоқталып, әкімшілік аппаратының бас маманы Айдаралиев С:Ел экономикасының дамуы агроөнеркәсіппен тығыз байланысты.Біз ауылдық жерде тұратындықтан тұрғындар көбінесе ауыл шаруашылығымен де айналысады. Осы сала бойынша жаңалықтарды күтеміз. Биылғы жолдауда ауыл шаруашылығы субьектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету мүмкіндіктері көрсетілген. Бұл бізді қуантарлық жайт.Елбасының Жолдауы әрбір азаматты нақты іс-əрекетпен өсуге жетелейтін маңызды құжат екенін атап өтті.Шараға қатысушылар экономика, білім, денсаулық, құрылыс, жемқорлыққа қарсы күрес, т.б. жолдауда көрсетілген жаңа мүмкіндіктер туралы өз ой-пікірлерін айтып,жолдауды бір ауыздан қолдайтындарын білдірді

Қалалық балалар кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты дебат өткізілді.Мақсаты:Оқырмандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау туралы әдебиеттермен, ҚР-ның құқықтық құжаттарымен таныстырып, ақпарат беру, қоғам мен ел алдындағы жауапкершілік сезімін және өмірлік көзқарасын қалыптастыру. Қатысқаны : 20 оқырман.

Абай атындағы орталық кітапханада Кеңес Одағының батыры Мақаш Балмағамбетовке арналған «Елі үшін туған ер» атты тарихи – танымдық кеш өткізілді. Мақсаты:Оқырмандарды Отан үшін, әлемдегі бейбітшілік үшін ерлік көрсеткен өр кеуде, отты жүрек батыр Сыр елінің азаматы Кеңес Одағының батыры Мақаш Балмағамбетовтің өмір жолымен, батырлығымен таныстырып, жастарды Отан сүйгіштікке, патриотизмге баулу.

Кеңес Одағының батыры Мақаш Балмағамбетовтың өмірі мен ерлік жолынан сыр шертетін «Елдік пен ерлікті ту еткен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,майдангер жазушы Әбу Сәрсенбаевтың «Офицер күнделігі», «Батырлардың ізімен», сонымен қатар айбынды жерлесіміздің асқақ есімін жас ұрпаққа кеңінен насихаттайтын «Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары», «Қызылордалық қаһармандар» атты әдебиеттерден үзінділер оқылып библиографиялық шолу жасалды.

Сексеуіл қыстақтық кітапханасы мен Мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен оқырмандарға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағылым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу «Зұлмат жылдар – жан жарасы» атты тарихи танымдық кеші өтті.Іс-шараға қатысқандар саны: 40 оқырман



Тәрбиелік мәні зор бұл тарихи танымдық кешке  мектеп оқушылары, мәдениет үйінің қызметкерлері, кітапханашылар 40 оқырман қатысты.

Шара барысында зобалаң жылдардың зұлматы жайлы мағлұматтар беріліп, , қазақ  халқының сан қилы қиындықтарды бастан өткергенін, қазақ зиялыларының басынан кешкен қиын жағдайлары жайлы «Тауқымет пен тағзым» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Қалалық №3 кітапханада би-шешен Жетес бидің туғанына 190 жыл толуына орай «Тарихыңды таны-тұлғаңды құрметте» атты әдеби кеш өткізілді.Кеш мақсаты: Жетес бидің өмірбаяны мен шешендігін насихаттау. Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған мұрамыз екенін түсіндіру. Шешендікке, тапқырлыққа, сөз қадірін түсіне білуге үйрету.

Шараға кітапхана тұрақты оқырмандары,барлығы-15оқырман қатысты.





Сексеуіл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлемдік өркениетке жол ашатын әліпби» атты танымдық зияткерлік сағаты өткізілді. Шараның мақсаты:Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы оқырмандарға терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, оқырмандардың біздің мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы  туралы білімдерінің қалыптасуына сеп болу, сонымен қатар жас ұрпақтың белсенді өмір ұстанымын, өз Отанына деген махаббатын, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын дамыту. Шараны өткізуде №231 мектеп оқушылары,барлығы- 15 оқырман қатысты.

Қалалық №4 кітапханада Қызылорда қаласының 200-жылдық мерей тойына байланысты «Қызылорда-алғашқы Астана» атты тарихи танымдық сағат ұйымдастырылды.

Кештің мақсаты: Сыр- Алаштың анасы атанған, жыр елі талай таланттың қанатын қомдап, талай тұлғаға рухани орда болған мекен. Осы шаһарымыздың мерейлі тойын және де қанша жасалып жатқан игі істерді, қаймағы бұзылмаған Сыр жұртшылығының тарихын, шежірелі өңірдің тарихи құндылықтарын және де мәдени мұраларын оқырман қауымға насихаттау.

2018 жылдың 12-і қаңтар күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Домбыра - дастан» атты үйірме мүшелерінің қатысуымен танымдық сағат өткізілді.

Республикаға белгілі жырау С. Жұбаниязов белгілі ақын Н. Қосжанұлының «Сартай батыр» дастанынан үзінді орындады. Мәдениет орталығының жырау-жыршыларынан дәріс алып, шығармашылықтары толысқан шәкірттер Н.Кенжеғұлұлының «Қарасай-Қази», «Орақ-Мамай», «Тағаймұрат» дастандарынан үзінділер орындады.



2018 жылдың 2-і ақпан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында № 71 мектеп- интернатта «Білімпаз не қылады өнер шашпай» атты пікір -талас кеші өткізілді. Пікір- талас бүгінгі тәуелсіз елеміздің дамып,одан әрі өсіп-өркендеуі мен Елбасы атап айтқандай бәсекеге қабілетті болу ең алдымен осы мемлекеттің іргетасын құрайтын жастардың білімділігі, мәдениеттілігі, саяси саналылығы мен өмірге бейімділіктерін арттыру мақсатында өткізілді. Кеш соңында №71 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айсауытова Айткүл мәдениет орталығының ұжымына ыстық лебізін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

2018 жылдың 8-і ақпан күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен № 64 орта мектепте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мәдениетімізбен өнеріміз өркенін жайып, рухани құндылықтарымыз қайта дәріптеліп жатқан тұста өнерді одан әрі өрістету, халық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Жаһұт жырдың жауһарлары» атты республикаға белгілі жырау А. Тәңірбергенов және жыршы-термеші Т. Бейсовпен сыр-сұқбат өткізілді.

Арал өңірі  жыраулық дәстүрді дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа үзбей аманаттаған, ақындық пен жыраулықтың ақ бесігі атанған, қасиетті жыраулық өнердің ордасы.



Кеш барысында жыршы-жыраулар өздерінің шығармашылық жолдарын оқушыларға кеңінен насихаттап, өз өнерлерін көрсетті. № 64 мектептің тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары Г. Батимова және Жазушылар одағының мүшесі ақын Ерғали Абдулла келген қонақтарға рахметін айтып, ыстық ықыластарын білдірді.

№ 64 мектептің 7 сынып оқушысы Қуанарұлы Досбол келген қонақтарға арнап күй орындап берді.

2018 жылдың 16-шы ақпан күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен қайсар ақын З. Шүкіровтың туған күніне орай «Зейнолла жұлдыздары» атты поэзия кеші ұйымдастырылып өткізілді. Поэзия кешін аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Ж. Жақып ашты. Поэзия кешінде ақын туралы Т. Үмбетәлиев, Д. Омаров сынды ағайларымыз естеліктерімен бөліссе, А. Қыстаубаев, К. Жұмаханова, Ә. Алданышұлы, М. Өтегенова, Д.Аманжолов, А. Күзенбаева сынды ақындар арнау өлеңдерін оқыды. Аудандық «Арал әлемі» газетінің редакторы ақын Е. Абдулла кеш қонақтарына арнайы Алғыс хат табыс етті.

2018 жылдың 28-і ақпан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында №260 мектепте «Өнер – білім дария» атты мәдениет орталығының үйірме жетекшілері А. Тәңірбергенов және Т.Бейсовпен кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында №260 мектептің ән және музыка пәнінің мұғалімі М. Бисенбаев мәдениет орталығының ұжымына және шәкірттеріне шығармашылық табыс тіледі. Мәдениет орталығының жыршылары мен шәкірттері жырдан шашу шашты.

2018 жылдың 1-ші наурыз күні аудандық мәдениет орталығында 1 наурыз – Алғыс айту мерекесіне орай мәдениет орталығы жанынан құрылған «Ұлағат» ардагерлер аспапты ансамблімен кездесу кеші өтті. Ансамбль құрамы толығымен қатысып, ұжымға өз ыстық лебізін білдірді.

Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Ж. Жақып орталық ұжымына Алғыс хат табыс етті.Алғыс айту күніне ән, би, күйден өнер көрсеткен ұжым қызметкерлеріне ардагерлер алғыстарын білдірді.

2018 жылдың наурыз айының 6 күні 8 наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Ару көктем» атты қыз сыны байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты Қазақ аруының ұлттық дәстүрімізге сай қазақ қызын өзгелерге үлгі ету,олардың әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық сынды қасиеттері арқылы салт - дәстүрді ұлықтау мақсатында насихатталды. Байқау бес шарттар тұрды қатысушы талапкерлер шарттарды толық орындап өз дәрежелерінде өнер көрсетті.

Байқау қорытындысымен Бас жүлде Асылбек Әсел №220 мектеп, І орын Нұрлыбекқызы Ақниет №83 мектеп, ІІ орын иегерлері Баймұратова Аяжан №73 мектеп Аманөткел елді мекені және Төлебаева Алина №260мектеп, ІІІ орынмен Досанова Аякөз №62 мектеп-лицей,Жұмағұлова Жанерке,Отарәлиева Гүлзия № 13 мектеп оқушылары.

2018 жылдың 22 наурызы күні мәдениет орталығы және аудандық тарихи-өлкетану музейі Қызылорда қаласында өткен «Наурыз - 2018» мерекелік шарасына «Жетес би» ауылы атауымен қатысты. Киіз үй, жабдықтар толықтай ұлттық нақышта безендірілді.

2018 жылдың 4 сәуір күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ» атты пікір-талас өткізілді.

Пікір – талас шарасына №13 мектептің оқушыларымен ұстаздары және «Арал әлемі» газетінің редакторы Е.Абдулла, М.Әуезов атындағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі М.Өтегенова, мәдениет орталығының әдіскерлері Г.Әйтімова, З.Изекешова қатысты.

2018 жылдың 6 сәуір күні Арал аудандық мәдениет орталығымен Арал аудандық №2 Көпсалалы колледжідің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру-ұлт болашағы» атты пікір-талас шарасы өткізілді.

2018 жылдың 26 сәуір күні Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен және мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Кәнеки, тілім сөйлеші» атты аймақтық жасөспірім термешілер байқауы өтті.

Жасөспірім термешілер жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінді. Байқау қорытындысы бойынша 8-11 жас аралығы бойынша Бас жүлде Е.Сабырова (Қазалы ауданы), І орын А.Оразалы (Қазалы ауданы), ІІ орын М.Балауса (Қазалы ауданы), ІІІ орын Б.Төремұратов (Арал ауданы), А.Құрманғалиева (Арал қаласы, Өнер мектебі).

12-13 жас аралығы бойынша Бас жүлде Б.Сержанов (Арал ауданы, мәдениет орталығы), І орын Ш.Октябрұлы (Арал ауданы, мәдениет орталығы), ІІ орын Жалғасов Әлфараби, Н.Әлібиұлы, Д.Смайлов, (Арал ауданы, мәдениет орталығы), Д.Құрманғалиев (Арал қаласы, Өнер мектебі), ІІІ орын Р.Қайырмағанбетов (Арал ауданы, мәдениет орталығы).

14-15 жас аралығы бойынша Бас жүлде Б.Өтепов (Қазалы ауданы), І орын А.Елтай (Қазалы ауданы), ІІ орын А.Таңатова (Арал ауданы, Жақсықылыш кенті), ІІІ орын Н.Амангелдиевтер (Арал ауданы, мәдениет орталығы) ие болды.

Байқауға Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қаржылай көмек көрсетті.

2018 жылдың 1 мамыр күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Мамыр шуағы» атты мерекелік концерт өткізді. Концертті мәдениет орталығының директоры М.Нұрмағанбетова ашып, құттықтау лебізін білдірді. Меркелік концертте қазақ, орыс, ұйғыр, қырғыз халқының әндері шырқалды.

2018 жылдың 9 мамыр күні Арал аудандық орталық алаңда 9 мамыр – Ұлы жеңіс мерекесіне орай салтанатты шеру ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік шеруге мәдениет орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің суретін алып шықты.

2018 жылдың 12 мамыры күні «Жұлдыздарға жол ашайық» атты жасөспірімдер арасында байқау өткізілді. Байқау қортындысында: Эстрадалық вокаль жанры бойынша №260 мектеп оқушысы С.Серік Бас жүлдемен, дәстүрлі ән жанры бойынша №83 мектеп оқушысы А.Жеңіс Бас жүлдемен, аспапта ойнау жанры бойынша №73 мектеп оқушысы А.Баймұратова Бас жүлдемен және хореография жанры бойынша №13 мектептің «Ақжелкен» би тобы І орынмен марапатталды.

2018 жылдың 14 мамыры күні «Латын әліпбиі – заман талабы» атты пікір-талас отырысы өткізілді. Пікір-талас отырысына «Арал әлемі» газетінің редакторы, ақын Е.Абдулла, М.Әуезов атындағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі М.Өтегенова, №13 мектептің мұғалімі А.Қыстаубаев және мәдениет саласының қызметкерлері қатысып, өз пікірлерін білдірді.

2018 жылдың 16 мамыры күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Өнердің өрен жүйрік өз баласы» атты ақын, жырыш-термеші Бекұзақ Тәңірбергеновты еске алу жыр кеші өткізілді.

Жыр кешін аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков ашып, ақынға деген құрметін білдірді. Еске алу жыр кешіне алыстан ат арытып, үлкен жүректі талант иесінің өнеріне бас иген, қадірлеп халық сыйлаған Оғыланның әруағын құрметтеп, өздерімен бірге өткізген жарқын күндерді еске алып, естелік ой-толғамдарын , арнау – жырларын арнай келген өнердегі ағалары, үзеңгілес достары мен шәкірттері белгілі ақын, режиссер-сценарист О.Нұрмаханов, Қазақстан республикасына еңбек сіңірген қайраткер, өнертану ғылымының кандидаты, жырау Э. Жаңабергенова, республикаға танымал жыршы-термеші Д.Жолымбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Арал ауданының құрметті азаматы, күйші-композитор, жыршы, ақын М.Сыдықов, ақын Т.Абылаев, ақын, жыршы-термеші, сазгер Ш. Сүлейменов, Е. Ағырай, Б.Баймұратов, А.Жаппарбердиев, Қ.Алғазиев, Н.Көшекбаев Бекұзақтың жыр-термесінен шашу шашып, көрерменге рухани азық сыйлады.



2018 жылдың 30 мамыр күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Бала тілі бал» атты балабақша тәрбиеленушілерінің арасында байқау өткізілді. Байқау барысында бүлдіршіндер төрт шарт бойынша өнер көрсетті. Байқау қортындысында : Бас жүлдемен Әділбекқызы Нұрайым /Толқын балабақшасы/ марапатталса, І орынмен Бағыбергенова Ақнұр /Жазира балабақшасы/, Телағысова Жазира /Меркеке балабақшасы/, ІІ орынмен Жаңбырбаева Альбина /Балдырған балабақшасы/, Кеңесова Айзере /Жазира балабақшасы/ марапатталды.

2018 жылдың 31 мамыр күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 31 мамыр- Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алаштықтар бастан кешкен қуғын - сүргін» атты митингі өтті.

Митингі мәдениет орталығы өнерпаздарының театрландырылған қойылымымен ашылды.

Митингті Арал ауданының әкімі М.Оразбаев ашып, жазықсыз жапа шеккен жандар ұрпақтың мәңгі есінде сақталуы тиіс. Нәубет жылдарды басынан өткізген қандастарымыз біздің мәңгі жадымызда деген лебізін білдірді. Жиынға қатысқан көрермен жазықсыз жапа шеккендерді бір минут үнсіздікпен еске алса, Арал аудандық орталық мешіттің бас имамы С.Евильханұлы арнайы құран бағыштады. Саяси – қуғын сүргін құрбандарының ескірткіші жанына гүл шоқтары қойылды.

2018 жылдың 5 маусым күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 1 масуым –Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай «Бала- бақыт, бала – өмірдің көктемі» атты флешмоб байқауы өткізілді. Байқау қортындысымен Бас жүлдемен «Толқын» балабақшасы марапатталса, І орынмен «Балдырған» балабақшасымен «Гүлдер» балабақшасы, ІІ орынмен «Аялан» балабақшасымен «Алтын балық» балабақшасымен «Алтын балық» балабақшасы, ІІІ орынмен «Мереке» балабақшасы марапатталды.

2018 жылдың 14 маусым күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлерінің күніне орай «Дәрігер – өмір тірегі» атты мерекелік концертін ұйымдастырып өткізді. Мерекелік концертті аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов ашып, медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің Алғыс хатын, «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Т.Қанатовтың Алғыс хатын және Арал ауданының әкімі М.Оразбаевтың ықылас гүлін табыс етті.

Мерекелік марапаттан кейін мәдениет орталығының өнерпаздарының мерекелік концертін тамашалады.



Концерт соңында Арал аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері М.Ршымбетов дәрігерлерді құттықтап арнайы Алғыс хатпен, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет