часть дегенді білдіріп, әртүрлі ұғымдарды аудару үшін
қолданылып жүр.
с – по – аралығында (с 12 августа по 6 сентября – 12 тамыз – 6
қыркүйек аралығында)
в разрезе – шаққандағы / бөлінісіндегі
рентабельный – өзін-өзі ақтайтын, өнімді
действие – әрекет
Аударуға қиын соғып отырған, жекелеген аудармашылар
тарапынан әр түрлі аударылып, көбінесе кірме нұсқасында
қолданылып жүрген құжат лексикасындағы сөздерге мыналарды
жатқызуға болады:
Виза – виза, рұқсатнама
169
Сопровождение – қолдау, қолдау көрсету, ілеспе
Пилотный – жобалық, жоба алды, жоба түріндегі
Филиал, директор – филиал, бөлім, бөлімше, директор, мүдір
Конфигурация – құрылымдық белгілер, ерекшеліктер, жүйелік
белгілері
Настройка – құрылымдастыру, түзетпе жасау, тетіктеу,
тетіктестіру
(дұрысырағы
тетіктеу
– Е.Ә.)
Процесс – процесс, процес, барысы
Акция – акция, бір мезгілдік іс
Пункт – пункт, орын
Адресная книга – адрестік кітабы, анықтамалық кітап,
анықтамалық
Биржа – биржа
Агентские услуги, курьерские услуги – агенттік қызмет,
курьерлік қызмет – тасымалдау қызметі – услуга доставки –
жеткізу қызметі, жеткізіп тапсыру қызметі
Персонал, кадр – персонал, кадр, маман, жұмыскер
Норма, норматив, балванка – норма, норматив, балванка.
Мекемелер мен кәсіпорындарда бірінші басшының лауазымына
немесе басшылық құрам өкілдерінің лауазымдарына айрықша
мән беру үшін
Басқарма Төрағасы, Басқарма Төрағасының
Бірінші орынбасары
сияқты қолданыстарды орфографиялық
заңдылықтарға сай келмейтін тыс бас әріптестермен жазу процеске
айналып барады. Бұл да қателік болып саналады. Әрбір мәтін
жазушылардың, әрбір мекеме ішіндегі жеке заңдылықтардың болуы
тілдегі бейберекеттікті тудырып, сауатсыздыққа итермелейді.
Мекемелерде құжаттар тілінде сөздерді, атауларды қысқартып
қолдануға деген бейімділік байқалады. Осы орайда, кейбір
сөздердің қысқартылуы түсініксіз болып қала берсе, кейбір
қысқартулар бірдей нұсқада болып шығады. Мысалы: ҚҚБ
–
құқықтық қамтамасыз ету басқармасы
, ҚҚБ
құжаттық
қамтамасыз ету бөлімі
.
Және
шылауының қолданысы да талдап өтуді қажет етеді.
Бірыңғай мүшелермен, бірыңғай жай сөйлемдер жүйесімен келген
кезде
және
шылауын соңғы бірыңғай тілдік бірліктің алдында
көрсетіп, оған дейін үтірлерді қолданған орынды. Мысалы:
Төраға
орынбасарлары, бас бухгалтерлер және құрылымдық бөлімше
басшылары.
170
Жекелеген сөздердің қолданысына байланысты мынандай
аудармаларды ұсынуға болады:
Согласовано – келісілді
Узел – торап
Курирующий руководители – басқарушы басшы
Земной транспорт – жер көлігі
Авиатранспорт – әуе көлігі
Предсертификационный,
предаттестационный,
предпоследний – сертификаттау алдындағы, аттестаттау
алдындағы, соңғының алдындағы
Факты – дәйек
Положение, Правила – Ереже;
Учитывая – ескере отырып,
Привлекать к дисциплинарной ответственности – тәртіптік
жауапкершілікке тартылсын
Дисциплинарное взыскание – тәртіптік жаза.
Осымен бірге қазіргі аудармаға жетпей жатқан тілге түсінікті,
қарапайым стильмен беруге ұмтылу, сөйлемнің жатықтығы мен
сөздердің арасындағы, сөйлемдердің арасындағы байланыстың
болуы сияқты талаптарды айта кеткен орынды.
171
Достарыңызбен бөлісу: |