Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Кейбір жеке сөздер мен сөз тіркестерінің сәтті аудармасы



Pdf көрінісі
бет114/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

Кейбір жеке сөздер мен сөз тіркестерінің сәтті аудармасы
Доблестные вооруженные силы – айбынды қарулы күштер
Прочный мир – баянды бейбітшілік
Прочные знания – тиянақты білім 
Развитой социализм – кемелденген социализм
Политика третирования – қомсыну саясаты
Политика игнорирования – елемеу саясаты
Проникновенные слова – жан тебірентерлік сөздер
Придирчивый человек – қазымыр кісі
Средства производства – өндіріс құрал-жабдықтары
Полноценная корма – құнарлы жемшөп
Достойные продолжатели – лайықты ізбасарлар


276
Аударма жайындағы қанатты сөздер
Аудару дегеніміз бір тілдің кұралдарымен мұнан бұрын өзге 
тілдің құралдары арқылы бейнеленген нәрсені дәл де толық 
бейнелеу. 
(А.В.Федоров)
Аудармада өзіңнің түсініп қана қоюың жеткіліксіз, өзгелердің 
де түсінуі шарт. Аударма екі бөлікке бөлінеді: мағынаны түйсіну 
және оны жеткізу. 
(М.Ледерер)
Аударма түпнұсқаның бейнелегенін ғана емес, оның қалай 
бейнеленгенін де дәл солай бейнелеуге тиіс. 
(Я.И.Рецкер)
Аударма – тілдердің ұштасуы, билингвизм құбылысы. 
(Ж.Мунен)
...Аударатын тіл (шығыс тіл) мен аударылатын тілдегі (кіріс тіл) 
мәтін «бір ғана мағынаны білдіреді» немесе аударма үдерісінде 
«мағына ауысуы» болады деген пікірдің негізі жоқ. Мағына, біздің 
ойымызша, белгілі бір тілдің өзіндік «қасиеті». 
(Дж. Кэтфорд)
Әрине, аударма – кілемнің астарлы беті болып қала береді. 
(Л.Н.Толстой)
Сөзбе-сөз аударудың қырсығынан құтқаратын дұрыс жолдың 
бірі ― аудармашының тіл байлығы, сөз қоры. 
(Р.Хайруллин) 
Аударма тіл өнерінің барлық қасиеттерінің өлшем-таразысы 
емес. Сол сықылды, бүкіл тіл мәдениетінің негізі аударма бола 
алмайды және болмайды да.
(Р.Хайруллин)


277
Сөзбе-сөз аудару, көбінесе түпнұсқаның тілін түсінгендерде 
болады, соның әуенінен еріп, құл болудан шығады.
(С.Талжанов)
Аударма екі түрлі болады, бірі – шетелде, шет тілде жазылған 
шығарманың мазмұнымен өз оқушысын таныстыру, екіншісі сол 
шет тілдегі шығарманы өз тілінде бұлжытпай беру, қайта жасап 
шығару.
(И.С.Тургенев)
Аударманың түпнұсқаға таянуы шығарманың әрпін түгендеуге 
емес, оның рухын жеткізе беруде.
(В.Г.Белинский)
Аударма еркін болуы керек, бірақ еркін болуға құқық алу керек. 
(И.Гете)
Аударма бір бағыттағы тіларалық әрі мәдениетаралық 
коммуникацияның екі желілі үдерісі. 
(А.Д. Швейцер)
Аударма бұл тілдердің дәнекерлестігі, билингвизм құбылысы. 
(Ж. Мунен)
Аударма дегеніміз – түпнұсқаны оның түрі, мазмұны бірлігінде 
жаңа тілдік құралдармен жасап шығу әрі төлтуындыдағы көркем 
шындықты бейнелеп жеткізу. 
(Ә.Тарақ).
Көркем аударма – түпнұсқа өмірі. 
(В. Леонович)
Аударма – лингвистика мен әдебиеттанудың тоғысында тұрған 
жанды өнер. Ол этнографиямен, тарихпен, адам мәдениетінің бар 
болмысымен өте тығыз байланыста болатын өнердің нақ өзі. 
(Г.Бельгер) 


278
Аудармашының міндеті – өзге тілдің құралдарымен 
түпнұсқаның стилистикалық және экспрессивті ерекшеліктерін 
сақтай отырып, оның мазмұнын тұтас және дәл жеткізу.
(Я.И.Рецкер)
Аударманың мүмкіндігі шектеулі. Аудармашының мүмкіндігі 
шектеусіз. Ойды, метафораны, эпитетті, строфиканы, уәзінді, 
сөздің мағынасын барлық кезде дерлік аударуға болады, ал 
сезімді, мақамды, ырғақты, сөздің стилистикалық реңкін тек 
қайтадан қалпына келтіре аламыз. Аударуға болатынды аудару – 
аудармашының талантына сын. 
( Д.Самойлов)
Мен қолымнан келгенше түп нұсқаға мұқият қарауға 
тырысамын, алайда мұным адалдық пен дәлдік көркемдікке нұқсан 
келтірмейтіндей деңгейге дейін ғана сақталады...
(А.К.Толстой)
Аудармашы – ең алдымен мәтінді түсіндіретін оқушы. 
(В.Н.Комиссаров) 
Лингвистикалық әдісті ұстанған аудармашы текстің бетінде 
қоңызша жорғалайды да, әр сөзге үлкейткіш шынымен үңіледі. 
Оның аудармасында сөздер «ғылыми негізде» аударылған, әттең 
кітапты оқу қиямет, неге десең, көркем туындыны аудару дегеніміз 
сөздерді аудару емес.
(Н.Заболоцкий)
Аудармашы түпнұсқаны оқығанда ана тілін, аударғанда 
түпнұсқа тілін ұмытып отыруы керек. 
(М.Құрманов)
Аудармашының 
ешқашан 
адастырмайтын 
темірқазық 
жұлдыздай айнымас бағдары – автордың стилі. Осы бағытты 
дұрыс ұстаса, ол әрқашан көркемдік дүниесіне жол тауып шығады. 
(Ә.Сатыбалдиев) 


279
Аудармашы – түсінік беруші емес. Ол автордың сөздерін өз 
тілінде түсінікті етіп, бірақ түпнұсқаның стилін бұзбай жеткізуге 
тиіс. 
(Ә.Сатыбалдиев) 
Жақсы ақын болу үшін бір талант – ақындық талант керек, 
жақсы прозаик болу үшін екі бірдей талант – ақындық талант 
пен прозаиктік талант керек, ал жақсы аудармашы болу үшін үш 
талант – ақындық талант, прозаиктік талант және аудармашылық 
талант керек.
(Аббас Сибхат)
Аудармашы – түрлі мәдениеттер арасындағы дәнекер.
(Альфред Курилла)
Аудармашы міндеті басқа тілдің құралдарымен түпнұсқаның 
мазмұнын стилистикалық және экспрессивтік ерекшеліктерін 
сақтау арқылы оны тұтастай және дәл жеткізе білу. 
(Я.И. Рецлкер)


280


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет