155
Амандық-саулық сұрау мен құтты болсын айтуға келгенде
қазақ тілінен бай тіл жоқ шығар. Солай бола тұрса да орыс тілінің
әсерімен жасалған таптаурын сөздерді қолдануға әуеспіз. Мысалы,
Келуіңізбен! Табысыңызбен! Мерекеңізбен!
дегендер орыс тілінде
жылдар бойы қалыптасып, олар үшін
әбден сіңісті болған
С
приездом! С успехом! С праздником!
сияқты қолданыстардың
аудармасы. Орыс тілінде бұл сөздерден кейін
поздравляю, желаю
сөздері жазылмаса да білініп тұрады. Біз
Келуіңізбен
емес
Хош
келіпсіз!
Табысыңызбен
емес
Табыстан табысқа жете беріңіз!
Мерекеңізбен
емес
Мейрамыңыз құтты болсын!
десек айтуға
немесе жазуға қаншалықты қиындығы бар.
Керісінше алдыңғы
нұсқаларымен салыстырғанда тыңдаушыға да жақсы әсер етіп,
ұлттық иісі сезіліп тұрары анық. Егер дұрыс қолдана білсек
қазақ
тілінде құттықтау, қуанышқа ортақтасу, жақсы ниет-пейіл
білдірудің бұдан басқа да әсерлі, ұтымды нұсқалары толып жатыр.
Ресми қарым-қатынаста дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу үшін
ресми стильдік элементтерді бейтарап
стильдік элементтерден
ажырата білу, қазақ тіліндегі сөйлем құрылысының заңдылығын
сақтау, орфографиялық, орфоэпиялық,
синтаксистік норманы
білу, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет. Аудару барысында
тілдік интерференция, бірінші тілдің екінші тілге тигізетін кері
әсері ескерілуі керек.
Ең бастысы ісқағаздарын
бірден қазақ тілінде жазып, қазақ
тілінде жүргізуге көшуіміз керек. Аудармашылықпен айналысу тіл
саясатын жүргізудің, ісқағаздарын қазақша жүргізудің алғашқы
кезеңіндегі ғана құбылыс болып қалу керек.
Достарыңызбен бөлісу: