Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Нормативтік-жарлықшы құжаттар терминдерінің



Pdf көрінісі
бет90/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

3.6 Нормативтік-жарлықшы құжаттар терминдерінің 
аударылуы 
Қазақ әдеби тілінің сөзжасам амал-тәсілдері, олардың белсенді 
немесе пассивті нысандарының қай-қайсысы да болмасын, 
соңғы жылдары термин қалыптастыру ісінде барынша жандана 
түсті. Белгілі ғалым Ө.Айтбайұлы терминжасам амалдарының 
төмендегідей түрлерін көрсетеді:
- семантикалық (лексика-семантикалық тәсіл);
- морфологиялық (синтаксистік) тәсіл;
- сөз қабылдау;
- калька тәсілі [53, 206-207-бб.].
Аталған тәсілдердің термин түзу ісіне араласуына қатысты 
зерттеулер жеткілікті және оларда мәселе бүге-шігесіне 
дейін талданған деп есептеуге болады. Біз өз тарапымыздан 
терминжасамдағы бірқатар амал-тәсілдердің үлес-салмағының 
қаншалықты екендігін фактографиялық тұрғыдан дәлелдеу 
мақсатында мысалдарды топтап көрсетеміз және қажетті тұстарда 
өз пікірімізді тұжырымдаймыз.
Ең бірінші мәселе – тікелей сөз қабылдау (заимствование) 
процесіне қатысты.
Ғалымдар ресми ісқағаздарының негізгі құрамын орыс тілінен 
енген терминдер құрағанын көрсетеді: «Изменение и пополнение 
словарного состава», - деп жазады 20-30-ыншы жылдардағы ресми 
ісқағаздарының тілін зерттеген Н.Ерғазиева, – «в области ОДР 
произошло в основном за счет заимствований из русского языка» 
[93, 11-б.]. Бұндай сипат ұзақ уақытқа дейін жалғасты, қазіргі кезде 
де тікелей қабылданған сөздер ресми құжаттардың өз терминдік 
жүйесінде де, сондай-ақ әрбір құжаттың тақырыптық-мазмұндық 
ерекшеліктеріне қарай да көп қолданылады. Мыс., 
акцент, акция, 
акт, библография, бланк, ведомство, голограмма, грамота, 
дебет, дебитор, департамент, диаспора, дипломатия, имидж, 
идиограмма, импичмент, импорт, ипотека, кандидатура, кадр, 
карточка, комиссия, клиент, клиринг, код, паблисити, патент, 
пломба, плакат, ранг, рапорт, радиограмма, рейтинг, референдум, 
ротация, сертификат, смета, статистика, табуляграмма, 
тариф, телетайп, телефакс, файл, факсимиле, формуляр, филиал


206
және т.б. Аталғандар ресми құжаттардың барлығында дерлік 
активті пайдаланылады.
Бұған байланысты атап өтетін жайттар мыналар: ең алдымен, 
ресми құжаттар тілінде интернационалдық терминдер қазақша 
баламасы болмаған жағдайда іріктеліп қолданылады. Бұл – 
екіншіден. Ресми құжаттар тілінде өзге тілден тікелей сөз қабылдау 
ісінде айтарлықтай қарқындылық байқалмайды. Дегенмен, 1990-
94 жылдар аралығындағы нормативтік актілер тілінде өзге тілдік 
терминдер үшін бір мәртелік қолданыстарда, семантикалық 
сәйкестік принципіне үйлеспейтін қазақша баламаларды 
пайдалану, байқап көру процесі болса, соңғы жылдардағы ресми 
мәтіндерде саралаушылық бағыты басым; яғни ресми құжатты 
дайындаушылар белгілі бір интернационалдық терминнің 
баламасын беруге саналылықпен қарайды. Бұл «заимствования …
свидетельствует об открытости лексической системы, что в свою 
очередь служит законом ее жизнеспособности. На дальнейших 
этапах эволюции язык отторгнет избыточные элементы», - [72, 
261-б.] деген көзқарасқа толық сәйкес келеді.
Статистикалық тұрғыдан қарағанда, ресми-іскери мәтіннің 
шамамен 25-30 пайызын интернационалдық терминдер құрайды. 
Бірнеше мысалдар келтірелік.
1.
Заң қызметі департаменті (Қ.Әбдіхалықов) және Мемле-
кеттік бюджет департаменті (Б.Сұлтанов) осы бұйрықтың 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік 
тіркелуін қамтамасыз етсін.
(Нормативтік-құқықтық актілер бюллетені, 20.2002, 5-б.)
Барлығы – 17 сөз, оның ішінде интернационалдық термин – 5 
лексикалық единица.
2. 
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет