88
міндетті. Сонымен қатар ілеспе аудармашының зор жауапкершілігі
мен тапқырлығы, екі тілді бірдей меңгеріп, еркін қолдана білуі
(көркем аудармада «подстрочник» деген ұғым бар да, көркем
аудармашы нұсқаның тілін жете білмей-ақ, біреудің даярлап
берген «подстрочник» арқылы өз міндетін атқара беруі мүмкін,
ілеспеде ол мүлдем мүмкін емес), көзқарасының жан-жақты
болуы, әңгімелеп отырған тақырыпты терең білуі осы салада
қойылатын кәсіби талаптардың бір қатары. Бірақ осы қасиеттердің
бәрі де бола тұрып, ойдың жүйріктігі ақсаңдаса, ілеспе аудармашы
болу әлдеқалай. Себебі ілеспенің ең басыңқы ерекшелігі – осы
жүйріктікте. Сөйлеу іс әрекеті көптеген басқа психофизикалық
әрекеттермен байланысып, соларға негізделгендіктен, сөйлеп
отырған адамға ілесіп, жаңа ғана дыбысталып сөйлем болып
шыққан мәліметті дәл сол кезде екінші тілге аударып шығару
да аудармашыдан қабілеттілікті талап етеді. Әрине, бұл – ілеспе
аудармашыға қойылатын ерекше талаптар. Олар көптеген
арнайы дайындық, жаттығулар арқылы пайда болып, дағдыға
айналады. Қостілділік негізінде екі этносты, олардың мәдениетін
ұштастыратын ілеспе аудармашы; қорыта келгенде, ол – білімді,
мәдениетті, парасатты, қостілді кәсіби маман.
Достарыңызбен бөлісу: