Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ тіліндегі аударматану терминдері.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақ тіліндегі аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу. Осы мақсатқа сай мынадай міндеттер көзделеді:
– аударматану терминдері мен олардың тақырыптық топтарына терминологиялық өріс және терминологиялық жүйе тұрғысынан талдау жасау;
– аударматану терминдерінің табиғатын «ғаламның тілдік бейнесі» тұрғысынан қарастыру;
– қазақ тіліндегі аударматану терминдерінің концептуалдық құрылымын анықтау;
– аударматану терминдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктерін уәжділік, ономасиологиялық талдау негізінде анықтау;
– ұғым мен таңба арасындағы байланысты ашатын уәжділік құбылысының теориялық мәселелері туралы ғылыми ой-пікірлерге сүйене отырып, аударматану терминдерінің негізгі дәндеуіш топтарын айқындау.