АУҒанстандық студенттерге қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері г. А. Тастемирова



Дата20.06.2018
өлшемі22,91 Kb.
#43800
АУҒАНСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ

КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Г.А. Тастемирова, филол.ғ.к., аға оқытушы

Алматы, Қазақстан.



Аннотация. Мақалада Қазақстанда білім алып жатқан ауғанстандық студенттерге қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері сөз болады.

Жылдан жылға қазақ тілін өзгетілді дәрісханада оқыту бүгінде негізгі мәселелрдің біріне айналып келеді. Ауған тыңдаушыларына қазақ тілін үйрету барысында ерекше көңіл бөліп, назар аударатын басты мәселе – қазақ тіл білімінің фонетика саласына және қазақ тілінің лексикасын түсіндірудің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталған.


Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылардың басым көпшілігі – пушту, тәжік, хазар, өзбек ұлттары болып келеді. Ауғанстан Республикасының ресми тілі пушту және дари тілі болып саналады. Жазуда араб-парсы алфавитін қолданады. Сондай-ақ, Ауғанстанда парсы тілінің варианты болып табылатын дари тілінде тұрғындардың басым көпшілігі сөйлейді.

Ауғанстанның Солтүстік аймағында орналасқан Қандағар, Гильманд, Хост, Нангархар, Пактия облыстарында пушту ұлттарының көп қоныстанғандығына байланысты тұрғындар пушту тілінде, ал Шұбырған, Балх, Фарияб облыстарында өзбек ұлттары көп орналасқандықтан мектепті өзбек тілінде оқиды. Жоғары оқу орындарында білімді дари тілінде алады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2010 жылдан бастап, Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Ауғанстан Ислам Республикасынан келген шетелдік азаматтардың басым көпшілігі мемлекеттік тілде білім алуда. Ауғанстан мемлекетінен келген азаматтар полиглот немесе билингвист болып келеді. Олардың осындай тұлғалық ерекшеліктері қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту үдерісін қарқынды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауғанстандық азаматтардың бәрі ұлттарына қарамастан мемлекеттік тіліндерінде (екі тілде: пуштун, дари тілдерінде) – соның ішінде дари тілінде еркін сөйлейтіндігіне қазақ тілі мамандары басты назар аударамыз. Қазақ- парсы тілдерінде 1 мың немесе 1 жарым мыңдай (барлығы 3 мыңдай сөз) ортақ сөздер белсенді тілдік қолданыста жүреді. «Араб, иран тілдерінен сөз ену орта ғасырлар деп шамаланады.

Қазақ тіліне араб-парсы сөздері тәжік, өзбек тілдері арқылы мынадай жолдармен енді: 1) шаруашылық, сауда қатынастары арқылы енген сөздер: айна, таға, базар, таба, ормал, перде, таразы, мақта, т.б.; 2) мәдени және ғылыми қарым-қатынастар арқылы, әсіресе, Фердоуси, Науаи, Омар Хаям, Хафиз шығармаларымен бірге енді. Мәселен: мектеп, мереке, емтихан, ғылым, ғалым, пән, медресе, қағаз, қалам, мағлұмат, т.б.; 3) дінмен байланысты сөздер: шариғат, ораза, намаз, аруақ, ақырет, т.б. [1, 10]. Қазақ тіліне енген парсы сөздерінің парсы тіліне енген түркі сөздерінің ортақ тілдік қатынастағы қатысым аясын, олардың аспектісін айқындау барысында отандық шығыстанушы ғалымдардың еңбегіне жүгінеміз. Себебі, дари тілі - парсы тілімен туыстас тіл. «Әрине, бұл ретте парсы сөздері және сөз формалары қазақ тіліне қалай енген? деген сұрақ тууы мүмкін. Қазақ тіліне парсыдан енген сөздерге зер салып үңіле қараған адамға мұндай сұраққа жауап беру соншалықты қиынға соқпайды. Ол, біріншіден, тіл ерекшеліктерінен, екіншіден, халқымыздың басынан кешірген тарихи жағдайларына тығыз байланысты. Ишан, намаз, ораза, пайғамбар, құдай сияқты кейбір діни сөздер болмаса, қазақ тіліне енген парсы сөздері көбінесе шаруашылыққа, әсіресе, егін, су шаруашылығына, бау-бақшаға, сауда-саттық, құрылыс істеріне, тұрмыстық салт-сана, әдебиет пен өнерге байланысты болып келеді» [2, 4-5]. Бірақ бұл ортақ сөздердің екі тілдегі функциольдық–семантикалық қызметі бірдей емес. Сондықтан да біздің, тіл мамандары, тарапынан тіл үйренушілерге қазақ тілін үйрету барысында ең әуелі қазақ әріпнамасын үйретумен бірге параллельді түрде ортақ сөздермен қатар, меңгеруге жеңіл, ұғымға тез қонатын жаңа сөздер легін және күнкөрістік тілге өте қажет құрылымы оңай диалогтер ұсынылады. Амандасу мен қоштасудың қазақша әдебін және танысу диологінен бастаймыз. Содан соң қажеттілік модальдігін үйретуге, оны қажет болса – сұрай алуға, жөн сұрауға үйретеміз. Күнделікті қарым-қатынасқа өте қажетті және сауда-саттық жасауға керек диологтерді меңгертуге бағыттап сабақтарды ұйымдастырамын. Күнкөрістік тіл деңгейін үйрету барысында рөлдік ойындарды ұйымдастырамын. Рөлдік ойын сабақтары тіл үйренуші шетелдік азаматтарға дәрісханада алған теориялық білімін практикада тиімді пайдалануға көмектеседі. Алғашқы деңгейде тілдің тек коммуникативтік функциясына бас назар аударылып, қарқынды курс осы бағытта ұйымдастырылады. Ал негізгі курста қазақ тілі сабағын ұйымдастыру барысында тіл үйренушінің білімге деген рухани талаптары мен сұраныстарын қанағаттандыруға және олардың жеке тұлғалық қабілеттеріне бейімдей отыра, қазақ тілін – қарым-қатынастың құралы ретіндегі қызметін басқа пәндермен интеграциялық жүйеде ұштастыра жүргізіледі.



Өзге тілді дәрісханадағы қазақ тілі пәнінің басты мақсаты – шетелдік тыңдаушыға қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, теориялық білімін практикада бекіту болып табылады. Ал дағдының сапалы болуы - ұстаздың білім деңгейіне және педагогикалық шеберлігіне байланысты үдеріс. Қорыта айтқанда, тәжірибелі ұстаздың біліктілікпен, әртүрлі әдістемемен тиімді де тартымды ұйымдастыра білген әрбір сабағы тіл үйренушінің белсенділігі мен тілге деген қызығушылығын, икемділік дағдысын, алғырлығын, шығармашылық қабілетін арттыра түседі.
Әдебиеттер

  1. Оңдасынов Н. Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік. – Алматы: Қазақстан, 1974. – Б. 4-5.

  2. Рүстемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб парсы кірме сөздері. 1982.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет