Ауыл. Жазық дала. Әсем табиғат. Қатар тізілген ағаштар. Міне, менің ауылымның сырт бейнесі осындай еді. Бір есімдегісі әкемнің ағасы үнемі ауылға келген сайын мен туралы қызық оқиғаны ауызынан тастамайтын



Дата22.11.2023
өлшемі15,99 Kb.
#192798
Байланысты:
КҮНӘСІЗ БЕЙНЕ


КҮНӘСІЗ БЕЙНЕ
АВТОРЛЫҚ КІТАП
Бірінші бөлім


Алматы, 2023
БІРІНШІ БӨЛІМ
Бақытты балалық шақ
Ауыл. Жазық дала. Әсем табиғат. Қатар тізілген ағаштар. Міне, менің ауылымның сырт бейнесі осындай еді. Бір есімдегісі әкемнің ағасы үнемі ауылға келген сайын мен туралы қызық оқиғаны ауызынан тастамайтын. Ауылымыз әлі дами қоймаған сәтте суретке түсу қандай ғанибет. Осы бір уақыттарда бір-екі жасар Айлин қызды ағалары күлкі етіп, ауызына бір шылымды салып қойып күлетін. Сол сәтті пайдаланып мені бірнеше рет суретке түсірген. Әлі күнге мазақ етіп, бойжеткен Айлинге айтып отырады. Өсе келе үй тірлігінен жалыққан бесінші сынып оқушысы ауладағы балалармен қосылып ойнағысы келетін. Артынан ерген екі сіңілісін ертіп алып, анасынан әрең дегенде сұранушы еді. Сондағысы жарты сағатқа созылатын қызық. Анам есікті аша салысымен:

  • Айлин, Ерке, Аяулы, тезірек үйге кіріңдер! Қазір жандарынды шығарамын – деп айқайға басатын. Қорыққан үйге қарай атылған балапандар үйге кіре салысымен анасының ащы соққыларын алушы еді. Қайдан білсін, бала болып ойнағысы келгеннен үйдің де шашылып жатқанын байқамайтын. Әкемізде өте қатал жан болып еді. Үй жинаулы тұрмаса, ыдыс-аяқ жуылмай тұрса бірден ашуланатын. Есімде қалғаны жаздың күні летний кухняда үш қыз жүргенімізде қолына шыбық ала келіп, сабауға көшкен. Арамызда тек Аяулы қыз ғана әкеміздің қолынан таяқ жеп көрмеген. Үйдің үлкен қызы болғандықтан үнемі барлық сөзді мен естуші едім. Тамақ жасайтын да мен, үй жинайтын да мен, тіпті қорадағы малдарға анда-санда шығып, көз қырын салатын да мен болдым. Мен анамның айтуынша үшінші сыныптан бастап ас үйге аяқ басқанмын. Анам сонда айтушы еді:

  • Мен Айлинімді кішкентайынан ас үйге үйреткенмін. Бір күні Айлинді жалғыз үйге тастап кетсем, көршіміз үйге келіпті. Ары айқайлаған, бері айқайлаған мен шықпаппын. Сонда әлгі көрші үйде біреу бар ма екен деп есікті ашып қараса, ас үйде газдың үстінде тамақ істеп тұрған Айлинді көріпті. Ол бірден шошып кеткен. Сонша кішкентай қызды жалғыз өзің тастап қалайша кетіп қалған? Тіпті, газ қосып алған. Күйіп қалса қайтеді? – деп ойлаған екен. Сол әңгімесін әлі күнге маған айтып отырады. Мен бұл ісімен еш өкінбеймін. Міне, қазір таза ас үй адамы болып шықты. Қолынан бал тамған аспазшы. Не істей алмайды? – десеңдерші. Бірақ, шынымен көршінің қорқатындайы бар. Қалайша тастап кете бердім екен деймін – деп бүгінде әңгімесін айтып отырады.

Бір қызық оқиға айтып берейін бе? Бір күні өзімше анама мақтанайын деп бәліш пісіргім келеді. Шоколадты бәліш. Ол кезде интернет атауымен жоқ. Өзім әйтеуір амалдап үйреніп алғаным. Барынша дайындап газға салдым. Салып жатып икемдене алмай, білегім газдың трубаларына тиіп кеткені бар емес пе?! Жаным шықты. Мейлі деп тұрмын. Күтіп жүрмін. Қашан дайын болады?. Міне, дайын болды-ау деп бәлішті газдан алдым. Сүйтіп шыдамай бәлішті кесе қалсам, ортасы сұйық қамыр. Қап, енді не істедім. Амал жоқ, анама көрсеттім. Анам өзі ашулы болдыма білмедім, қолына оқтауын алып маған қарай жүгірді. Бұрышта мен тұрмын. Сабады. Аямады, ұрысты. Мен жан дауысым шығып, ағыл-тегіл жылап жатырмын. Бір кезде, үлкен ағам Елдар есікті ашып, кіріп келді. Болды, жетеді – деп мені ажыратып алды. Сол кездегі бақытты Айлинді көрсеңіздер ғой... Елдар ағамды мен алғашында аға деп айтпайтынмын. Тек, Елдар деп сөйлеуші едім. Кейіннен Елдар ағамды көке дейтін болдым. Әлі күнге солай. Қазір есіме алсам атымен тағаныма қатты ұламын. Бірақ, ештеңе етпес, баламын ғой. Елдар ағамның менің балалық шағымдағы бейнесі аса есте қала қоймаған. Ол өзі өте тұйық, зерек, ақылды бала болған. Мектебімізді алға сүйрейтін жалғыз бала еді. Концерт десе жүргізуші, жарыс десе қатысушы бола беретін. Керек десеңіз, аудандық КВН жарыстарына да көп әзілдемесе де қатыса беретін. Әрдайым жүлдемен оралатын. Өзге ауылдың балалары көре алмай, менің ағама жабылып кете беруші еді. Үйде барлығымыз кешкі асымызды ішіп, теледидар қарап отырмыз. Үйге ағам кіріп келді. Анам бірден:

  • Ей, бала. Көзіңе не болған? – деп бірден біліп қойды. Біз болсақ ауызымыз ашылып, ненің не болып жатқанын түсініп те отырған жоқпыз. Сүйтсек, көрші ауылдың балалары жалғыз ағама жабылып кеткен екен. Сондағысы, көкемдердің командасы ұтып келе жатқанда оларды көре алмай аппараттан музыкаларын өшіріп тастап, сөйлеп жатса дауыстарын басып тастап отырған. Әрине, менің мінезді ағам қарап тұрсың ба?! Аппарат тұрған бөлмеге бара салып, ортада дау болып кеткен. Көрші ауылдың балалары 10 шақты, ал менің ағам жалғыз. Әрине, таяқ жейді. Он балаға жалғыз төтеп беру кімнің қолынан келер дейсіз?...


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет