Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін
пәндер бойынша республикалық олимпиаданың
бірінші
(
бастапқы) кезеңі
10-сынып
1 ұпай
1. Мәтін абзацтарында баяндалған негізгі мәселелердің жинақталып
қысқаша тұжырымдалған жазбаша нұсқасы
A) Тезис
B) Мақала
C) Пікір
D) Аңдатпа
2. «Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешен. Әсіресе, сөз сайысына
келгенде, олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы
таңғалдырады» деген пікір иесі кім?
А) П.Мелиоранский
B) С.Малов
C) А.Брем
D) В.Радлов
3.Белгілі бір қызметке тұру үшін жеке тұлғаның өмірбаяны, білімі,
мамандығы, кәсіби шеберлігі жайды қысқаша мағлұмат беретін іс-қағаздың
бір түрі.
А) Анкета
В) Түйіндеме
С) Анықтама
D) Өмірбаян
4.Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерде қолданылатын тілдік құралдың
бірі.
А) Тұрақты тіркестер
В) Тақырып
С) Дәлел мен дәйек
D) Форма
5.Жаңа сөздердің жасалуы, тіл білімінің қай саласының зерттеу нысаны?
А) Фонетика
В) Лексика
С) Сөзжасам
D) Грамматика
6.Тауардың не қызмет көрсетудің сапасы туралы ақпарат беру мен
сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама түрі.
А) Жарнама
В) Анықтама
С) Баяндау
D) Тезис
7.Сөйлем ішінде келетін тыныс белгіні көрсетіңіз
А) Қос нүкте
В) Нүкте
С) Көп нүкте
D) Леп белгісі
8. «... 5 буынды тармақтар мен 7-8 буынды тармақтардың жүйелі үйлесіп,
араласуынан түзілген», - дейді академик Зәки Ахметов. Пікір қай өлеңге
қатысты айтылған?
А) «Сегізаяқ»
В) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
С) «Лай суға май бітпес қой өткенге»
D) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
9. Абайдың ғылым-білімді іздеу, оны үйрену мен ұғудың түрлі жолын
көрсеткен қарасөзін белгілеңіз.
А) Отыз екінші қарасөз
В) Екінші қарасөз
С) Жиырма екінші қарасөз
D) Он екінші қарасөз
10. «Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.
Сол ... бұзылмасын». Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
А) Жүрек
В) Мінез
С) Қайрат
D) Жігер
11. «Сегізаяқ» өлеңі үлгісінде өлең жазған ақындарды көрсетіңіз.
А) Бұқар жырау, Ақтамберді;
В) Шәкәрім, Ахмет;
С) Махамбет, Нысанбай;
D) Ілияс, Бейімбет;
12. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың». Ұйқасын белгілеңіз.
А) Қара өлең ұйқасы
В) Шалыс ұйқас
С) Шұбыртпалы ұйқас
D) Аралас ұйқас
13. Абайдың қай поэмасында Аристотель бейнесі сомдалғанын дәлелдеңіз.
А) «Ескендір»
В) «Масғұт»
С) «Әзімнің әңгімесі»
D) «Дағыстан»
14. Масғұт таңдаған жеміс түрін көрсетіңіз.
А) Ақ
В) Сары
С) Қызыл
D) Жасыл
15. «Қызмет қылып, мал таппай,
Ғылым оқып, ой таппай,
Құр үйінде жатады». Үзінді Абайдың қай өлеңінен алынғанын көрсетіңіз.
А) «Мәз болады болысың»
В) «Ғылым таппай мақтанба»
С) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
D) «Қор болды жаным»
2 ұпай
16.Термин сөздер қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Бақша ішінде әңгелек, жәмше пісіп қалыпты.
В) Эвфемизм әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан туған.
С) Терімшілер таң сәріден мақта теруге шықты.
D) Мен оның жақсы жырларын көріп шын қуандым.
17.«Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш;
ана тілін білмей тұрып бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш» деген нақыл сөздің
авторын табыңыз.
А) М.Дулатов
В) А.Байтұрсынов
С) Ә.Бөкейханов
D) Х. Досмұхамедов
18.Пікірталаста айғақтау мәнінде қолданылатын талаптың бірін табыңыз
А)Дерек пен дәлелдерді ұтымды қолдану
В)Негізгі ойды ұтымды қолдану
С)Нақыл сөздерді ұтымды қолдану
D)Көзқарастарды жүйелі жеткізу
19.Айту жылдамдығына қатысты сөйлеу элементтерін (дыбыс, буын, сөз)
қалай атайды?
А)Сөйлеу темпі
В)Сөйлеу қарқыны
С)Дауыс толқыны
D)Әуез ырғағы
20.
Достарыңызбен бөлісу: |