1-сурет. МСО-77Б қырқу машинкасы
Пышақ сегментінің қадамы 19,2мм және 6 тесіктен табан астындағы қысатын 2 қылқаннан, қайраған кезде бекітіп қоятын бекіткіштен және серіппе табанының астында қысатын қылқаннан тұрады.
Бұл жұқа темірден қорап пішінінде штампылайды, сондықтан жүнді қырқып жатқанда екі жағынан жүнді қысып қалмауы үшін керек. Пышақпен жүнді қырқып жатқанда тарақ жүнді тарап пышаққа бағыттап отырады. Машинканың тұрқына бекіту үшін қадамдары 6,4мм болатын 13 тесік бар, одан басқа түзу сызықты тесіктері бар және екі тесігі бар, ол қайрақ аппаратындағы ұстағышқа бекітіледі. Пышақ пен тарақ арасындағы үйкелісін азайту үшін қисық сызықты ойығы бар. Пышақ пен тарақтың жұмыс кезіндегі бір-бірімен үйкелісі бірдей, сондықтан оларды ажыратуға болмайды. Білікті қырықтық-шы барлық уақытта екеуін бірге алып жүреді және тарақ пен пышақтың бірнешеуін өзінің қорында ұстайды. Қозғалысты түрледіру былайша болады: эксцентриктің айналу қозғалысы ролик пен саусаққа беріледі де ол рычагтың соңғы жағына ауысады, сөйтіп ортада айналып тұған жерінен оңға, солға бұрылады. МСУ-200 қырқу машинкасы (2- сурет) қырқу қалпақшасынан, электрқозғалтқыштың қоректену білтесіннен тұрады. МСО-77Б машинкасынан артықшылығы жетегінде. Қырқу аппараты, қысу және эксцентрикті механизмі МСО-77Б машинкасындағыдай. Электрқозғалтқышы машинканың ұстағышында орналасқан және қоректену білтесі энергия көзімен жалғасқан. Электрқозғалтқыштан айналу моментін алып эксцентрикті механизмге береді, ол редукторлы берілістің 1:5 қатынасына тең. Біліктің құйыршық жағы эксцентриктің көмегімен ішкі тегершікке 40, тіспенен бекітіледі де электрқозғалтқыш роторының тегершік білігіне 8 тіспен қосақталынады.
1-тарақ, 2пышық, 3-қысу табаншалары, 4-тіреуіш өзек, 5-қысатын гайка, 6-сақтандырғыш винт, 7-мауыты қап, 8-рычаг, 9-тұншықтырғыш, 10-машинканың қанқасы,
11-электрқозғауыштың қаңқасы, 12-статор, 13-қоректену білтесі, 14-тоқ беру жүйесі, 15-желдеткіш 16-артқы қакпақ, 17-ротор білігінің тегершігі, 18-винт, 19-тісті дөңгелек, 20-айгөлек, 21-эксцентрик, 22-шығыршық, 23-айналу өсі, 24-тарақты бекітетін винт.
Достарыңызбен бөлісу: |