Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет23/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.
Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар маңызды рөл атқарады.
Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Экономикалық қосалқы категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталық-тандырылған қорын жасау және оны ұлғаймалы ұдайы өндіріспен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттік бюджет тұтас алғанда мемлекет қаржысының функцияларына сәйкес функцияларды – бөлу және бақылау функцияларын қаржылардың ұдайыөндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған өзіндік айрықшалығымен айқындалды. Сонымен бірге қаржының және мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде: мемлекет қаржысының орналастыру (ресурстарды), қайта бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет