Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен


Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары



бет65/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
100-вопросов-с-ответами, 0 ДІК бақылау сараптамасы
8.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары.
Бағалы қағaздардың эмиссиясы – бұл жарғылық капиталды қалыптастыру немесе қарыздық қаражатты тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру. Бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды және басқа мiндеттемелердi) жекешелердiң (акционерлiк қоғамның акциялары мен облигацияларын шығару) және мемлекеттiң (мемлекеттiк қарыздар облигацияларын шығару) шығаруы мүмкін.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару – эмиссия –бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелерiне – инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
1) акционерлiк қоғaм құрған кезде және акцияларды оның құрылтайшылары арасында орналастырған кезде;
2) акциялар шығару жолымен акционерлiк қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерiн көбейткен кезде;
3) облигациялар және басқа борыштық жолымен мемлекет, заңи тұлғалар, биліктің жергілікті органдары қаражаттарын тapтқaн кезде жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдiсiне қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлiнедi. Бастапқы рынокта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушiлерiнiң жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерiнiң ауысуы болады.
Сөйтіп, бағалы қағаздар рыногы екі негізгі нысандарда жұмыс істейді: бастапқы рынок, онда бағалы қағаздарды сату арқылы капиталдарды жұмылдыру алғашқы орналастыру болады және қайталама рынок, онда бұрын шығарылған бағалы қағаздар айналады.
IPO (ай-пи-о) аббревиатурасы ағылшынның initial public offering –қандай да бір компанияның акцияларды сату үшін бастапқы жария ұсынуды білдіретін сөз тіркесінен шығады-- әр түрлі компаниялар акцияларын «алғашқы ашық орналастыру».IPO – компания тұңғыш рет сыртқы инвесторларды тартатын операция және сонымен бірге акциялар тек акционерлердің (негізінен құрылтайшылардың) арасында бөлігіндегі жабық компаниядан ашық компанияға айналады. Ары қарай акциялардың қосымша шығарылымдары жасалуы мүмкін және олар IPO шеңберінен тыс ашық рынокта орналастырылуы мүмкін. Бірақ бұл енді алғашқы орналастыру емес, өйткені акциялар айналыста жүреді.
IPO-ны ойдағыдай өткізу компанияны танымал етеді, оның беделінің өсуіне жәрдемдеседі. Мұның өзі өз кезегінде оның қор рыноктарында ірі және қымбат емес қаржылық ресурстарға қолжетімділігі жоспарында оның мүмкіндіктерінің айтарлықтай өсуіне жеткізеді.
Әлемдік практикада компания IPO-ны жүргізу үшін қазіргі нағыз тәсілдемелерге негізделген корпоративтік басқарудың белгілі қағидаттарын сақтауға міндеттейтін нормалар бекітілген. Қазақстанда 2005 жылдың ақпанында прогрессивті әлемдік тәжірибені ескере отырып корпоративтік басқару кодексі бекітілген. Онда корпоративтік басқарудың негіз қалаушы қағидаттары айқындалған.
Бағалы қағаздардың номиналдық (номиналдық құн- бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы), эмиссиялық және рынокты бағасы(бағамы) болады.
Қайталама рынок eкi бөлiктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжaттapынa сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржылық құралдардың айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер қаржылық құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжaттapындa мәмiле объектiне және оның қатысушыларына белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бiрыңғай орталық жоқ, мәмiлелердi олардың офистарында дилерлер мен брокерлер жүргiзедi. Ұйымдастырылған рынокта операциялар қатаң регламенттелiнген, ал ұйымдастырылмaған рынокта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.
Бұдан басқа, қаржы рыноктарын басқа критерийлер бойынша ажыратады: бағалы қағаздардың түрлерi бойынша: акциялар, облигациялар және т.б. рыногы; эмитенттер бойынша: кәсiпорындардың бағалы қaғаздар рыногы, мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногы; аумақтық критерийi бойынша: ұлттық, халықаралық, өңірлік; мезгiлдерi бойынша: қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағалы қағаздардың рыногы; мәмiлелердiң түрлерi бойынша: кассалық, форвардтық және т.б.; салалық критерийi бойынша.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы қаржы рыногының дамыған инфрақұрылымы бар, ол өзiне төлем жүйелерiн, Қазақстан қоp биржасын (КASE), Банкаралық есеп айрысудың Қазақстан орталығын (БEҚO), Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасын, Теңге сарайы мен Кассалық операциялар және құндылықтарды сaқтay орталығын кiрiктiредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет