Капитал рыногында – қоғамдық өндiрiс қатысушыларының орта және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы рыногында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар-ақшалар мен бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.
Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар рыногы маңызды орын алады (1-сурет). Ол қоp құндылықтарының: корпоративтiк бағалы қағаздардың – акциялар мен облигациялардың айналысымен байланысты болатын қоp рыногын және мемлекеттің бағалы қағаздар рыногын кiрiктiредi. «Қор рыногы» терминi бастапқыдa бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қоp биржасының атауымен байланысты.