Байланысты: Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)
10.4 Сақтандыру нарығы Сақтандыру нарығы – сақтық қызметтеріне сұраным мен ұсынымды қалып-тастыру сферасы; сақтық қызметтерін ұсынатын әр түрлі сақтық ұйым-дарының, сонымен бірге сақтық қорғауды қажет ететін заңи және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды білдіреді. Саұтандыру нарығында клиенттерді және олардың қосымша ақшаларын сақтық қорларына тарту үшін тәуелсіз сақтық ұйымдарының арасында бәсеке пайда болады.
Сақтандыру, табыс (пайда) алу мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде елестетіледі.