Қауіпсіздікке бірге нато одағын таныстыру



Pdf көрінісі
Дата06.04.2023
өлшемі1,93 Mb.
#173941
Байланысты:
9271 (1)



ҚАУІПСІЗДІККЕ БІРГЕ
НАТО одағын таныстыру



ҚАУІПСІЗДІККЕ БІРГЕ
НАТО одағын таныстыру
Б04 

Кіріспе
Б06 

Өзгеріске жауап
Б14 

Дағдарыстық жағдайларда негізгі қатысушы
Б22 

Серіктестіктерді кеңейту
Б28 

“Тең мүмкіндіктер” саясатын ұстану
Б30 

Жаңа қатерлерге қарсы жаңа мүмкіндіктер
Б32 

Ұйымның өсу қарқыны
Б35 

Болашаққа бағыт


Б04 

Кіріспе
Жарты ғасырдан көп ғұмырында 
Одақ және басқа елдер НАТО негізін 
қалаушылар болжамаған қарқынмен 
дамып келеді.
Стратегиялық ортаның әрі қарай жетіле 
түсуімен, НАТО-ны түрлендіру қарқыны 
үдеп отыр. НАТО бұрынғыдан көптеу, 
әрі кең ауқымды қауіпсіздік мәселелерін 
шеше бастады және мүшелерін іште 
және сыртта қорғауға көшті. Жаппай 
қырып-жою қаруларды тарату және 
терроризм сияқты қатерлер орын 
талғамайды, ал бұл НАТО-дан күштерін 
Ауғанстан сияқты шалғай аудандарға 
жөнелту және ұстап тұру қажеттілігін 
талап етеді. Бір мезгілде бұл жаңа 
талаптарға жауап беру үшін НАТО 
қажетті құралдарды және мүмкіндіктерді 
жасақтап жатыр және осындай
мәселелерді шешудегі халықаралық
іс-қимылдарға өз үлесін қосып жатыр.
Мүше елдер алдындағы қатерлер 
сипаттары және НАТО-ның оларды 
шешу әдістері өзгергенімен Одақ 
ішіндегі ынтымақтастықтың негізгі 
қағидалары Солтүстік Атлант келісімі 
ұстанымдарына сәйкес сақталады. 
Ұжымдық қорғаныс ұстанымы жасалған 
келісімнің түпкі негізінде жатыр. 
Ол мүшелерін біріктіріп, әрбірін 
қорғау жауапкершілігін жүктейтін 
бірегей және тұрақты ұстаным болып 
келеді. НАТО Еуропа және Солтүстік 
Америка мүдделерін біріктіретін және 
келешек буын игілігіне түсіністікке 
және ынтымақтастыққа негізделген 
қауіпсіздікті құруды көздейтін 
ҚАУІПСІЗДІККЕ БІРГЕ
НАТО одағын таныстыру
қауіпсіздік мәселелерін басқарып 
отыратын саяси-әскери негізді береді.
Солтүстік Атлант 
Одағы


Кіріспе

Б05
Осы жарияланымдағы Македония бұрынғы 
югослав Республикасына берілген сілтемелері 
төмендегідей жұлдызшамен (*) белгіленген: 
“Түркия Македония Республикасын 
конституциялық атауымен қабылдайды.”


Өзгеріске жауап 
Б06 

Өзгеріске жауап
1949 жылы, Шығыс және Батыс арасындағы 
идеологиялық қақтығыстар үдеп бара жатқан 
кезде, Атлант мұхитының екі жағында 
орналасқан 12 ел Солтүстік Атлант Келісімі 
Ұйымын құрды. Негізгі мақсаты Кеңес Одағының 
Шығыс Еуропадағы ықпалын құрлықтың басқа 
бөліктеріне кеңею қаупіне қарсылық көрсететін 
өзара көмек келісімін жасау болды.
Одақтың шығу тегі
1961 
Бер
лин жарын көтер
у
1949
Со
лтүстік Алт
лант к
елісіміне қо
л қою, 4 сәуір


Өзгеріске жауап

Б07
Сол уақытта Еуропа әлі де Екінші дүниежүзілік соғыс зардабынан айығып жатты. Бірақ, 
1947 және 1952 жылдар арасында, АҚШ қаржыландырған Маршалл жоспары Батыс Еуропа 
экономикасын тұрақтандыру құралын қамтамасыз етті. Ұжымдық қорғаныс ұстанымына сәйкес, 
НАТО демократияны жетілдіруді және экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қауіпсіз ортаны 
сақтауға қолдау көрсетіп өз міндетін орындады. АҚШ Президенті Гарри С. Трумэн Маршалл 
жоспарын және НАТО-ны “бір жаңғақтың екі жартысы” депті. 
“ Одақ арқылы, Батыс 
Еуропа және Солтүстік 
Америка бұрын-сонды 
тіркелмеген тұрақтылық 
деңгейіне жетті ”
1950 жылдардың басында, Корея соғысына түрткі болған халықаралық оқиғалар Батыс үреймен 
қараған Кеңес Одағының экспансияға шамданушылығын растай түсті. Осылай, НАТО мүше елдері 
біріккен қорғаныс мақсатын орындауға қажет әскери және азаматтық құрылымдарды жасақтау 
іс-қимылдарын үдете түсті. Еуропа үкіметтерінің өтініші бойынша Еуропада Солтүстік Америка 
күштерінің шоғырлануы Кеңес Одағының агрессиясын тоқтатуға көмектесті. Сонымен қатар, уақыт 
өте келе Одаққа басқа да елдер кіре бастады.
Одақ арқылы, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка бұрын-сонды тіркелмеген тұрақтылық 
деңгейіне жетті және Еуропалық экономикалық ынтымақтастықтың және интеграцияның негізін 
қалады. 1990 жылдардың басында, қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін, Одақ бұрын жау деп 
есептелетін елдермен байланыс орнатып және қауіпсіздік саласында ынтымақтастық ұстанымды 
көздеп Еуропаның бұрынғы Шығыс-Батыс бөлінуінен айырылуға белсене атсалысты.


Б08 

Өзгеріске жауап
Қырғиқабақ соғыс кезінде, НАТО міндеті және 
мақсаты Кеңес Одағы төндірген қатермен анық 
белгіленді. 1990 жылдардың басында, Варшава 
пактінің күші жойылды және Кеңес Одағы 
ыдырады. Дәстүрлі қарсыластары ойыннан 
шыққаннан кейін, кейбіреулер НАТО-ға деген 
қажеттілік жоғалды және қарулы күштерге болашақ 
қорғаныс шығындары және қаржыландыру күрт 
қысқаруы керек деп тұжырымдады.
Қырғиқабақ 
соғыстың аяқталуы 
1989
жылғы Бер
лин жарының құла
уы


Өзгеріске жауап

Б09
NATO одақтастарының көбісі өздерінің қорғаныс шығындарын 25 пайызға қысқарта бастады. 
Бірақ, қырғиқабақ соғыстың аяқталуы әскери күшпен ену қаупін жойса да, Еуропаның кейбір 
бөліктерінде тұрақсыздықты өршіткені анықталды. Әдетте этникалық теке-тірестермен ушыққан 
аймақтық даулар бұрынғы Югославияда және бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде орын алды және 
әрі қарай таралу қаупі төнді. 
“ тұрақтылықты 
сақтау және 
аймақтық теке-
тірестердің алдын 
алу үшін ”
Енді Еуропада бейбітшілікті және тұрақтылықты сақтау және аймақтық теке-тірестердің алдын алу 
үшін саяси және әскери ынтымақтастықтың жаңа нысандары қажет болды. Шынтуайтқа келгенде, 
НАТО жаңа ынтымақтастық тетіктерін жасап, бұрынғы қарсыластарымен институттық қатынастар 
орната бастады. Әрі негізгі қорғаныс рөлдерін атқару қабілетін әрі қарай арттырудан басқа 
дағдарысты басқару, бітімгершілік және бітімгершілік іс-қимылдары сияқты жаңа тапсырмаларға 
мүшелерді жасақтау үшін әскери құрылымдарды және мүмкіндіктерді бейімдеу мақсатында ірі 
ішкі реформалардан өтті. Осындай қауіпсіздік мәселелеріне жауап ретінде, НАТО тек ұжымдық 
қорғаныс жауапкершілігі бар біртұтас Одақ ретінде әрекет етпеді, әрі қауіпсіздіктің кең ауқымында 
етене араласып ынтымақтасатын әр алуан мәдениетті елдердің серіктестік кезеліміне айналды.
1995
жылы НА
ТО өзінің а
лғашқы 
дағдарысты басқар
у
іс-қимылына кірісті 
© MOD UK


9/11
Б10 

Өзгеріске жауап
1999 жылғы Вашингтон саммитінде қабылданған 
Стратегиялық тұжырымдама болашақ қатерлерді 
“көп бағытты және әдетте болжауға қиын” деп 
саралады және ерекше көңілді жаппай қырып-
жою қаруларын тарату үрдісі төндіріп отырған 
қатерге және олардың жеткізу құралдарына бөлді. 
Тұжырымдама Одақтың қауіпсіздік мүдделеріне 
тіршілік үшін қажет негізгі қор көздерін үзуді қоса 
терроризм актілері, іріткі салу және ұйымдасқан 
қылмыс сияқты кең ауқымды сипаттағы басқа 
тәуекелдер әсер ете алу мүмкіндігін қадап көрсетті. 
Кейін орын алған оқиғалар Одақтастардың 
жорамал жасау қабілетін дәлелдеді. 2001 жылдың 
11 қыркүйегінде, террористер Құрама Штаттар 
нысандарына қарсы әуе жолаушылар ұшақтарын 
жаппай қырып-жою қаруы ретінде пайдаланды. 
Шабуылдың сенгісіз қатыгездігі, сондай-ақ 
пайдаланылған құралдар соғыстың жаңа түріне 
ашық және демократиялық қоғамдардың осалдығын 
айқын көрсетті. Келесі күні, ниеттестігін білдіру үшін, 
Одақтастар НАТО ұжымдық қорғаныс қағидасын, 
Солтүстік Атлант келісімінің 5-бабын жүзеге 
асырды. Осылай Одақ бір немесе бірнеше елге 
шабуыл барлық елдерге шабуыл деп көрсетті. 
11 қыркүйек
НАТО 5-бапты 
тарихта алғаш 
рет пайдаланады
2001
жылы Нью-Йорк және Вашингт
он 
қа
ла
ларында орын а
лған ірі 
террорист шаб
уылдары


Өзгеріске жауап

Б11
Ақырында Одақ Құрама Штаттарға қолдау көрсету шараларын қабылдады. Одақ қазан айының 
басында Жерорта теңізінің шығыс бөлігіне өз кемелерін жылдам орналастырып, террористік іс-
қимылдарға араласқан деген күдікті кемелерді іздей бастады. Қазір бұл дислокация Жерорта теңізі 
аумағының бәрін қамтитын Белсенді әрекет ретінде жалғасуда. Қабылданған шаралар шеңберінде, 
жеке Одақтастар 11 қыркүйекте жасалған шабуылға жауапты Аль Каида террорист тобына қарсы 
және оны қолдап отырған Талибан режиміне қарсы АҚШ жетекшілік еткен іс-қимылдарға көмек 
ретінде Ауғанстанға өз күштерін жіберді. Одақ 2003 жылдың тамызынан бастап кейінгі бітімгершілік 
Халықаралық қауіпсіздікті қолдау миссиясын басқарып келеді.
11 қыркүйекте орын алған оқиғадан кейін Одаққа мүше елдердің аумағында ауқымы аздау, бірақ 
қастық сипаты бірдей шабуылдар жасалды. Бұл оқиғалар және тағы басқа келеңсіз жайттар НАТО 
жетекшілеріне бірнеше ұзақ орнығатын өзектіліктердің маңыздылығын растап берді.
Тараптар Еуропада немесе Солтүстік 
Америкада тараптардың біреуіне немесе 
бірнешеуіне жасалған қарулы шабуыл 
тараптардың барлығына жасалған шабуыл 
деп есептелетініне келіседі және нәтижесінде 
осындай қарулы шабуыл орын алған жағдайда, 
әрбіреуі, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 
51-бабында танылған жеке немесе ұжымдық 
өзін-өзі қорғау құқығын жүзеге асыру үшін, 
Солтүстік Атлант аумағында қауіпсіздікті 
қалпына келтіру және сақтап тұру үшін 
осындай шабуылға тап болған Тарапқа 
немесе Тараптарға дереу жеке немесе басқа 
Тараптармен бірлесе отырып қарулы күшті 
пайдалануды қоса қажет деп есептейтін шара 
қолданып қолдау көрсетеді. 
Осындай қарулы шабуыл және нәтижесінде 
қолданылған барлық шаралар бірден 
Қауіпсіздік Кеңесіне жеткізіледі. Қауіпсіздік 
Кеңесі халықаралық бейбітшілікті және 
қауіпсіздікті қалпына келтіруге және сақтап 
тұруға қажетті шараларды қолданған кезде 
осындай шаралар тоқтатылады. 
5-бап


Б12 

Өзгеріске жауап
Біріншіден, жиырма бірінші 
ғасырда одақтас елдерге 
төнген қатерлердің сипаттары 
біртіндеп әрқилылыққа көшеді 
және оларды ел әскерінен гөрі 
кішігірім топтар демеп отырады.
Осындай қатерлерге қарсылық 
білдіру үшін, Одақтас елдердің 
әскерилері дайын, икемді және 
ықпалды болуы қажет. 
Екіншіден, бұл жаңа қатерлер 
Еуро-Атлант аумағынан тыс 
келуі мүмкін. Осы себептен, 
НАТО жаһандық серіктестермен 
тәуекелдер туындаған кезде 
оларға қарсы тұруды көздейтін 
Одақ құруы тиіс. 
НАТО осындай қауіптерге өзі 
қарсы тұра алмайды. Атлант 
Одағы үкіметтік емес және 
Біріккен Ұлттар, Еуропа Одағы 
және Еуропаның Қауіпсіздік 
және Ынтымақтастық 
Ұйымы сияқты халықаралық 
ұйымдармен жұмыс істеп, 
көлемді саяси, экономикалық 
және әскери шешімдерді 
жасақтауға үлесін қосуы тиіс.
Тек осындай ұстаным даудың 
экономикалық, сондай-ақ саяси 
және идеологиялық негіздерін 
шеше алады. 
Бұл факторларды ескере 
отырып, НАТО жетекшілері 
Одақ іс-қимылдарын 
және жұмыс жосықтарын 
қарастыруға кірісті.
Мыналарды қамтитын 
ынталардың қатарын береді:
“ көлемді саяси, экономикалық 
және әскери шешімдерді 
жасақтауға үлесін қосуы ”
құрлықта, теңізде және әуеде 
технологиялық жағынан жетілген, 
икемді, қолданыла алынатын, 
өзара әрекет ететін және тұрақты 
НАТО әрекет ету тобының 
құрылуы;
Одақтың келесі он – он 
бес жылға стратегиялық 
басымдылықтарының негізін 
қалайтын Көлемді саяси 
нұсқаулықты қабылдау;
барлық елді қамту үшін 
Ауғанстандағы іс-қимылдарды 
кеңейту, сондай-ақ, қауіпсіздік 
күштерін даярлау мен қайта 
қалпына келтіру жұмыстарын 
жүргізу;
қауіпсіздік күштерін даярлау 
арқылы Ирак үкіметіне, 
сондай-ақ Африка Одағы 
мен қарақшылыққа қарсы 
әрекеттердің ынталарына қолдау 
көрсету.
Стамбул ынтымақтастық жоспары 
арқылы Таяу Шығыс елдерімен 
институттық қатынастар орнату;
Сонымен қатар, қауіпсіздік 
игіліктерін басқа елдерге 
тарату мақсатында Одақ 
құрамына енуге және оның 
серіктестік бағдарламаларына 
қатысуға шақырып, НАТО 
Еуро-Атлант интеграциясын 
көздейді.
жаңартылған әскери командалық 
құрылым;
стратегиялық әуе тасымалы және 
әуе-жер бақылауы сияқты қазіргі 
заманғы әскери іс-қимылдардың 
маңызды салалары 
мүмкіндіктерін арттыру;


Өзгеріске жауап

Б13
НА
ТО-ның АВ
АК
С жүйе
сімен 
жаб
дықт
алған ұшақт
ары еле
улі оқиға
лар
ды 
және дағдарыстық жағдайлар
ды әу
еден 
бақыла
уды мүмкін қылады
© Boeing


Дағдарыстық жағдайларда 
негізгі қатысушы
Б14 

Дағдарыстық жағдайларда негізгі қатысушы
11 қыркүйекте орын алған оқиғадан кейін Америка 
Құрама Штаттары бірден Ауғанстанда қанаушы 
Талибан режимін ығыстырған террористерге 
қарсы “Мызғымас еркіндік” әрекетін бастады. 
Ауғанстанның қауіпсіздік күштері өздері елдегі 
ахуалды тұрақтандыра алмауы мүмкін деген 
алаңдаушылық туды. Сондықтан, 2001 жылдың 
желтоқсанында Бонн қаласында конференция өтті. 
Аталмыш конференция барысында Біріккен Ұлттар 
Ұйымынан (БҰҰ) қауіпсіздік күштерін қалыптастыруға 
және даярлауға қолдау көрсететін күшті бекіту 
сұралды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2001 жылғы 
20 желтоқсанда қол қойылған №1386 қаулысына 
сәйкес, Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық 
күштері (ISAF) құрылды және ISAF күштері Кабул 
қаласы мен айналасындағы аумақтарды өз 
бақылауына алды. ISAF күштері және Ауғанстанның 
уақытша үкіметі – Ауғанстанның ұлттық үкіметінің 
негізін қалаушы – 2002 жылдың қаңтарында ISAF 
күштерінің міндеттерін белгілеп берген Әскери-
техникалық келісім бойынша келіссөз жүргізді.
Ауғанстан
2003
жылы НА
ТО А
уғанст
андағы ISAF 
қыз
меті үшін жа
уа
пк
ершілік
ті өз 
мойнына а
лады
© MOD Canada


Дағдарыстық жағдайларда негізгі қатысушы

Б15
Бастапқыда, ISAF күштері НАТО немесе БҰҰ күші есептелмеді, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің өкілеттігі 
шеңберінде әрекет ететін еріктілер ұйымы болды. ISAF ұйымына алты ай бойы ерікті елдер 
жетекшілік етіп келді (бастапқыда Біріккен Корольдік, Түркия, Германия және Нидерланд).
Бұл миссияның қызметі ілгері жылжи бастағанымен, оның жолын үздіксіздік жоқтығы кесті. Ақыры 
2003 жылдың тамызында Одақ миссияның стратегиялық басқаруын, бақылауын және үйлестіруін 
өз қолына алды және кейін Кабул қаласында тұрақты ISAF кеңсесі ашылды. 
“ ISAF күштері Ауғанстанның 
үкіметімен тығыз байланыста 
әрекеттер жүргізеді ”
Алғашқыда, ISAF мандаты 
Кабул қаласымен және 
айналасындағы аумақтармен 
шектелген еді, бірақ біртіндеп 
Ауғанстанды толығымен 
қамту үшін кеңейе бастады: 
Алдымен бұл елдің солтүстік 
және батыс аймақтарына, 
одан кейін оңтүстік аймағына 
және соңында шығыс 
аймағына, яғни Ауғанстанның 
ең қауіпті және тұрақсыз 
аймағына тарады. 
ISAF ұйымының басты 
міндеті – Ауғанстан үкіметіне 
өкілеттігін елдің барлық 
аймақтарына жүргізуге және 
қауіпсіз ортаны жасауға 
көмектесу. Бұл үшін, әскер 
және полиция қызметкерлерін 
даярлау арқылы 
Ауғанстанның қауіпсіздік 
күштерін жетілдіруге 
қолдау көрсетілуде. Әрі 
ұйым қайта жөнделуге 
жататын азаматтық 
нысандарды айқындайды, 
үкіметке заңсыз қаруланған 
топтарды қарусыздандыруға 
атсалысады, есірткіге 
қарсы шараларға және 
гуманитарлық жәрдем іс-
қимылдарына қатысады.
Ол әрі азаматтық және 
әскери ұйымдар арасындағы 
қарым-қатынасты нығайтуға 
және ынтымақтастыққа 
жүйелірек ұстанымды 
жасақтауға атсалысады.
Осының дәлелі ретінде, Елді 
қалпына келтіру топтары 
- ISAF қарамағындағы 
бейбіт тұрғындардың және 
әскерилердің шағын топтары 
мектептер және жетімханалар 
салу, жолдарды жөндеу, 
қарулардың пайдалануын 
тоқтату, минасыздандыру 
және тағы басқа іс-қимылдар 
сияқты жобаларды ел ішінде 
жүзеге асыруда. 
ISAF күштері Ауғанстанның 
үкіметімен тығыз байланыста 
әрекеттер жүргізеді. Мысалы, 
2003 жылдың желтоқсанында 
және 2004 жылдың 
қаңтарында, ISAF күштері 
Ауғанстанның Ата Заңын 
қабылдаған Лоя Джирга 
кеңесі отырысын өткізуге 
қауіпсіздікті қамтамасыз 
етуге атсалысты. 2006 
жылдың қыркүйегінде, НАТО 
және Ауғанстан қорғаныс 
реформаларын ілгерілетуді, 
қорғаныс институтын 
құруды және Ауғанстанның 
ұлттық әскері және НАТО 
мүшелері арасындағы 
өзара әрекеттестікті 
көздейтін “Серіктестікте 
ұзақ мерзімді ынтымақтасу 
тұжырымдамасын” 
қабылдады. Сонымен 
қатар, азаматтық мәселелер 
жөніндегі НАТО-ның бас өкілі 
Одақтың саяси және әскери 
мақсаттарын, Ауғанстан 
үкіметімен және басқа 
халықаралық ұйымдармен 
тікелей жұмыс істеу және 
көршілес елдермен байланыс 
орнату қажеттілігін қадап 
көрсетті.


Б16 

Дағдарыстық жағдайларда негізгі қатысушы
Бұрынғы Югославияның ыдырауы нәтижесінде, 
НАТО 1995 жылы Босния және Герцеговинада, 1999 
жылы Косовода және 2001 жылы Македония бұрынғы 
югослав Республикасында орын алған (*) дауларға 
әскери араласты. 
Босния және Герцеговинада НАТО одақтастары 
1995 жылдың тамызында және қыркүйегінде 
Босния сербтеріне қарсы әуе іс-қимылдарын 
жүргізді. Бұл әрекет тараптар арасындағы билік 
тепе-теңдігін ысыруға көмектесті және Босния 
сербтері жетекшілерінің Огайо, Дейтон қаласында 
қол жеткізілген бейбітшілік келісімін қабылдауына 
септігін тигізді. НАТО бітімгершілері Босния және 
Герцеговинаға 1995 жылдың желтоқсанында Келісімді 
орындау күштерін (IFOR) жұмылдыру аясында келді. 
IFOR күштерінің орнын Тұрақтандыру күштері (SFOR) 
басты. Он жылдан кейін, 2005 жылдың желтоқсанында, 
SFOR миссиясы толығымен сәтті орындалды. 
Бітімгершілік мандаты Еуропа Одағына тапсырылды.
Балкан 
НАТО 
Босния және 
Герцеговинада 
бітімгершілік 
іс-қимылдарын 
он жыл ішінде 
жүргізді
© Belgian MOD


Дағдарыстық жағдайларда негізгі қатысушы

Б17
“ Косовоның болашақта 
дамуына тұрақты орта 
жасау үшін ”
НАТО-ның Косовоға әскери 
араласуынан кейінгі бір 
жылдан аса уақыт бойы 
өршіп тұрған зорлық және 
Белградтың БҰҰ Қауіпсіздік 
Кеңесі қаулыларын қайта-
қайта бұзуы Косовоның 
албан халқының зобалаңын 
тоқтатуды талап етті. 1999 
жылдың наурыз айында, 
Одақ зобалаңға жауапты 
югослав үкіметінің әскери 
және әскери топтар 
нысандарына әуе науқанын 
бастауға ұйғарды. Барлық 
басқа шара қалмағасын және 
Белградтың ымырасыздығын 
жеңуді мақсат еткен 
бейбітшілік келіссөздері 
сәтсіз аяқталғасын осындай 
шешімге келуге тура келді. 
Әуе науқаны 78 күнге 
созылды және нәтижесінде 
дау тараптарының барлық 
әскери әрекеттерін 
тоқтатты; югослав әскері, 
серб полициясының және 
әскери топтар күштері 
Косоводан шықты; Косовода 
халықаралық әскери штабты 
орналастыру келісіміне; 
қашқындарды және 
ығыстырылған халықты 
шартсыз және қауіпсіз 
қайтару жөніндегі келісімге 
қол қойылды, сондай-ақ 
барлық жақтардың Косово 
бойынша саяси келісім жасау 
мақсатында жұмыс істеуге 
дайындығы қамтамасыз 
етілді. 
НАТО жетекшілік еткен 
Косово күштерінің (KFOR) 
мандаты 1999 жылғы 
маусым айында НАТО және 
югослав командирлері қол 
қойған Әскери-техникалық 
келісімге және БҰҰ Қауіпсіздік 
Кеңесінің №1244 қаулысына 
негізделеді. KFOR қайта 
жаңғырған қастылықты 
тоқтату, қауіпсіз ортаны жасау 
және Косовоның Азаттық 
Әскерін қарусыздандыру 
міндеті жүктелді. Сонымен 
қатар, KFOR халықаралық 
гуманитарлық іс-қимылдарды 
қолдайды және Косовоның 
болашақта дамуына тұрақты 
орта жасау үшін Косоводағы 
халықаралық азаматтық 
БҰҰ уақытша басқару 
миссиясымен (UNMIK) 
бірлесе жұмыс істейді. 
2008 жылдың 17 ақпан 
айында тәуелсіздігі 
жарияланғаннан кейін, 
НАТО БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 
өзге шешім қабылдамаса, 
KFOR Косовода UNSCR 
№1244 қаулысына сәйкес 
қалатынын қайта қадап 
көрсетті. Бұл қағиданы 
2009 жылдың сәуіріндегі 
Страсбург қаласындағы Kehl 
самитінде НАТО жетекшілері 
қайта ұстанды. Сонымен 
қатар олар Косоводағы 
келісілген көп ұлттық 
қауіпсіздік құрылымдарына 
қолдау көрсету үшін толық 
іске асырылатын Одақ 
жұмыстарын бастады. 
Олар Косоводағы Еуропа 
Одағының құқық қорғаушы 
миссиясын (EULEX) жүзеге 
асыруды қабылдады және 
ұлт аздығын, тарихи және 
діни орындарды қорғауға, 
қылмыс пен жемқорлыққа 
қарсы күреске қатысты заң 
ережелері қағидаларының 
қолданыстағы міндеттерін 
орындауда ілгерілету 
жұмыстары жүргізілді.


Б18 

Дағдарыстық жағдайларда негізгі қатысушы
2001 жылдың тамыз айында, 
Македония бұрынғы югослав 
Республикасының (*) президенті 
елді тұрақсыздандыруы мүмкін 
этникалық албан топтарын 
қарусыздандыру үшін НАТО 
қолдауын сұрады. НАТО 
үкіметтің кейбір азшылықтар 
құқықтарын қалпына келтіру 
шартымен келісті. Елдің 
этникалық албан қауымының 
өкілдері және үкімет НАТО-
ны қоса түрлі халықаралық 
ұйымдардың және Құрама 
Штаттардың арнайы елшілері 
атсалысқан саяси келісімге 
қол жеткізді. Бұл НАТО-ның 
этникалық албандарды 
қарусыздандыру үшін 3 
500 ерікті әскерді 30-күндік 
миссияға жіберуіне жол ашты.
Скопьеден түскен сұрау 
бойынша, НАТО әскерлері 
Еуропа Одағының және 
Еуропаның қауіпсіздік және 
ынтымақтастық ұйымының 
бақылаушыларына қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету үшін елде 
қалдырылды. 2003 жылдың 
наурызында миссияны Еуропа 
Одағы қолына алды. Бұл 
бастамалар елдегі теке-
тірестерді тоқтатуға көмектесті 
және бейбіт шешімге келуге 
және қалпына келтіру 
шараларына негіз қалады.
KFOR қазір Балканда 
қалған Одақтастардың ірі 
күштері болып табылады. 
НАТО-ның Сараево және 
Скопье қалаларында 
мемлекет үкіметіне қорғаныс 
реформаларын жүзеге асыруға 
көмектесетін бас кеңсесі бар. 
Батыс Балканда ұзақ мерзімді 
тұрақтылықты күшейту үшін, 
НАТО аумақтағы елдерді 
Еуро-Атлант құрылымдарына 
біріктіру әрекетін жасап жатыр. 
Албания және Хорватия 
2009 жылдың 1 сәуірінде 
НАТО қатарына қосылды; 
Македония бұрынғы Югослав 
Республикасы (*) НАТО 
мүшелігіне үміткер; ал Босния 
және Герцеговина, Черногория 
және Сербия НАТО 
серіктестігіне 2006 жылдың 14 
желтоқсанында енді.
“ Батыс Балканда ұзақ мерзімді 
тұрақтылықты күшейту үшін, 
НАТО аумақтағы елдерді Еуро-
Атлант құрылымдарына біріктіру 
әрекетін жасап жатыр ”


Дағдарыстық жағдайларда негізгі қатысушы

Б19
11 қыркүйекте жасалған шабуылға байланысты дүниеге келген “Белсенді әрекеттер” науқаны – Жерорта теңізі 
аймағындағы террористердің іс-қимылдарын табу, тоқтату және олардан қорғау үшін НАТО-ның теңіз күштері 
басқарған теңіздегі бақылау операциясы. НАТО кемелері Шығыс Жерорта теңізі бөлігінде орналасып, 2001 
жылдың 6 қазанынан бастап аумақты күзете бастады. Науқанның сәттілігіне байланысты, іс-қимылдар 2003 
жылдың басында Гибралтар бұғазына дейін кеңейтілді және бір жылдан кейін, 2004 жылдың наурызында 
Жерорта теңізі аумағын толығымен қамтыды.
Науқан терроризмге қатысты әрекеттермен шектелгенімен, Жерорта теңізі аумағында орын алып жатқан сауда 
және экономикалық әрекеттердің жалпы қауіпсіздігіне оң әсерін тигізді. Жерорта теңізі өте қызу сауда жолы болып 
табылады.
Жерорта теңізінің аймағы 
Аден шығанағы мен Африкадағы Горнда қарақшылықтың дамуы Африкадағы халықаралық қоғамдық 
жетістіктерді үзуге, соның ішінде аймақтағы қарым-қатынас пен экономикалық мүдделер үшін қажетті су 
жолдарын бұзуға қауіп төндірді.
НАТО аймақтағы қарақшылыққа қарсы іс әрекеттерді жүзеге асыру арқылы қауіпсіздікті жетілдіру үшін белсенді 
түрде көмек көрсетуде: Іс әрекетке қатысты жүзеге асырушы (2008) және Іс әрекетке қатысты қорғаушы (2009). 
Қатысты Біріккен Ұлттар қауіпсіздік одағының шешімдері мен Еуропа одағын қамтитын басқа қайраткерлердің 
толық қатынасуымен қарақшылыққа қарсы ұзақ уақыт күресу күтілуде.
Аден шығанағы


Б20 

Дағдарыстық жағдайларда негізгі қатысушы
© 
EU
Дарфур 
қашқындары
Судандағы АО миссиясына (AMIS) қолдау көрсету Африка континентіндегі бірінші НАТО 
миссиялары болды.
Суданның Дарфур провинциясының тұрғындары 2003 жылдан бері қатыгез азаматтық 
соғыстың құрбанына айналды. Бұл дау мыңдаған адамның өліміне және миллионданған 
кісінің тұрғылықты мекендерінен безуіне әкелген гуманитарлық дағдарысты туғызды. 
Африка Одағының (АО) сұрауы бойынша, НАТО AMIS (Судандағы АО) миссиясына 2005 
жылдың шілдесінен бастап осы миссияның аяқталуына, 2007 жылдың 31 желтоқсанына 
дейін қолдау көрсете бастады. Бұл миссия 2008 жылдың қаңтарында БҰҰ-АО ортақ 
миссиясына айналған кезде, НАТО қолдауға қосымша өтініштерді қарастыруға дайын 
екенін білдірді. 
2007 жылдың маусымында, НАТО Сомалидағы миссия (AMISOM) үшін әскерлерін 
жұмылдыруға Африка Одағынан түскен стратегиялық әуе тасымалына қолдау көрсету 
сұрауына келісті. Елде 1991 жылдан бері заңды күші бар үкімет қызмет етпеді, сондай-
ақ аштықты және жұқпалы аурулардың таралуын қоса қарсылас әскери командирлер 
арасында бірнеше жыл бойы теке-тірес орын алды. 
НАТО АО-ның өтініші бойынша АО-ның ұзақ мерзімді бітімгершілік мүмкіндіктері әлеуетін 
жетілдіруге, әсіресе Африканың резервтік күштеріне қолдау көрсетіп келеді. 
Өзара әрекеттестікті және тиімділікті қамтамасыз ету үшін, НАТО қолдауы екі жақты 
серіктестерді қоса басқа халықаралық ұйымдармен, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымымен 
және Еуропа Одағымен тығыз байланыста ұйғарылып және үйлестіріліп отырады. 
Африка Одағын қолдау
Ирак тұрақтылығында НАТО-ның маңызды стратегиялық мүддесі 
бар, сондықтан НАТО 2004 жылдан бастап Ирак үкіметіне НАТО-ның 
Даярлау Миссиясы-Ирак (NTM-I) арқылы қолдау көрсетуде. Әрі НАТО 
және Ирак ынтымақтастығын әрі қарай жетілдіруге өзара келісті және 
Ынтымақтастықтың құрылымды тұжырымдамасы ұсыныстарын бекітіп 
ресми түрде ресімдеді. 
НАТО Ирак әскерлерін Иракта немесе шетелде даярлап, өзінің қауіпсіздігін 
өзі қамтамасыз етуіне көмектесуде, елдің қауіпсіздік институттарын 
дамытуға атсалысуда, НАТО-ның жекелеген мүше елдері сыйға тартқан 
жабдықты жеткізу үрдісін үйлестіруде және әсіресе Иракта жүзеге 
асырылып жатқан қорғаныс реформаларын қолдауға қатысуда.
Иракпен ынтымақтастық БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №1546 қаулысына 
сәйкес іске асып отыр. Осы құжатта Ирак халқынан және кейін 
Ирак үкіметінен түскен қауіпсіздік және тұрақтылық қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін халықаралық және аймақтық ұйымдардан қолдау 
сұралған.
Иракқа қолдау көрсету 


Дағдарыстық жағдайларда негізгі қатысушы

Б21
НАТО-ның кең ауқымды әрекеттері
“ Одақ 
қызметінің 
көп бөлігі 
жұртшылыққа 
жеткізілмейді ”
НАТО туралы бұқаралық 
ақпарат құралдарында жарық 
көретін мәліметтер жоғарғы 
деңгейлі дипломатияға, Одақ 
саммиттеріне және әскери 
науқандарға кезелген. Бірақ, 
Одақ қызметінің көп бөлігі 
жұртшылыққа жеткізілмейді. 
НАТО күнделікті қызметінде 
Еуропаның қауіпсіздік ортасын 
жақсартуды көздейтін бірқатар 
жобаларға қатысады. Бұл 
жобалар Шығыс Еуропа 
әскерлерін реформалау, 
бұрынғы әскери офицерлерді 
азаматтық өмірге қайта 
даярлау бағдарламаларын 
жасақтау, сондай-ақ 
минасыздандыру және 
қолданыстан шығарылған оқ-
дәрілерді жою үрдісіне қолдау 
көрсету жобаларын қамтиды.
Сонымен қатар, НАТО 
гуманитарлық жәрдемді 
үйлестіру ісіне белсене 
араласады. 1999 жылы 
Еуро-Атлант апаттарда 
жәрдем беруді үйлестіру 
орталығы (EADRCC) 
ашылды. Осы орталық 
арқылы табиғи немесе адам 
әрекетінің нәтижесінде 
туындаған апаттарда НАТО 
және серіктес елдерден 
түсетін шұғыл және 
гуманитарлық жәрдем 
үйлестіріледі. Мысалы, 2005 
жылдың қыркүйек айында 
НАТО Америка Құрама 
Штаттарында орын алған 
“Катрина” дауылы кезінде 
суға кеткен аймақтарға 
көмек берді. Бір айдан кейін, 
Пакистанда болған жойқын 
жер сілкінісі 73 000 адамның 
өліміне әкелді және төрт 
миллион адам панасыз 
қалды. Солтүстік Атлант 
Кеңесі EADRCC орталығы 
арқылы жәрдем көлемін 
көбейтуге келісті. EADRCC 
орталығы тасқындарға, 
орман өрттеріне немесе 
зілзалаларға ұшыраған Еуро-
Атлант аумағының елдеріне 
жәрдем беру сан мәрте қор 
көздерін жұмылдырды.
НАТО-ның ғылым, қоршаған 
орта және технология 
салаларындағы қауіпсіздікке 
қатысты мәселелер бойынша 
тәжірибелік ынтымақтастықты 
қаржыландыратын ғылыми 
бағдарламасы бар. НАТО-ның 
“Ғылым бейбітшілікке және 
қауіпсіздікке” (SPS) 
бағдарламасы түрлі 
мәселелерге ұсыныстарды 
және нақты шешімдерді 
жасақтауды және 
қатысушылардың жекелеген 
қажеттіліктеріне жауап 
беруді көздейді. НАТО-
ға мүше, Серіктес және 
Жерорта аумағы бойынша 
диалогқа қатысатын елдердің 
ғалымдары осындай іс-
қимылдарға қатысады. 
Осылай ынтымақтастықты 
ілгерілетіп, желілікті және 
әлеуетті жақсартып, жалпы 
қауіпсіздікке зор үлес 
қосылуда.


Серіктестіктерді кеңейту
Б22 

Серіктестіктерді кеңейту
НАТО серіктестері
Қырғиқабақ соғысы аяқталғаннан бері НАТО арадағы 
диалогты, сенімділікті және ынтымақтастықты 
арттыруға бағытталған институттарды орнатып, 
қауіпсіздікті және тұрақтылықты күшейтуге арналған 
бірқатар бастама қабылдаған. Бұл басқа Еуропа 
елдерін, Жерорта теңізі аумағындағы көршілес 
елдерді және Таяу Шығыс елдерін қоса, бұрынғы 
қарсыластармен қатынасты жақсартты.
Бұл бағытта алғашқы қадам 1991 жылы Солтүстік 
Атлант Ынтымақтастығы Кеңесінің құрылуы болды. 
Атауы Еуро-Атлант Серіктестігі Кеңесіне өзгергеннен 
кейін, бұл институт НАТО және Еуро-Атлант аумағының 
басқа мүше емес елдер арасындағы кеңес алмасудың 
және ынтымақтастықтың негізгі форумына айналды. 
1994 жылы НАТО “Бейбітшілік үшін Серіктестік” 
(PfP) ретінде белгілі бастаманы таныстырды. Бұл 
бағдарлама қатысушы елдерге демократиялық 
қоғамда өз міндетін атқару үшін және НАТО жетекшілік 
еткен бейбітшілікті сақтау іс-қимылдарына қатысу 
үшін қарулы күштерін қайта құруға қолдау көрсетуге 
арналған. Ол көптеген салаларда тәжірибелік 
ынтымақтастық мүмкіндіктерін ұсынады, жекелеген 
Серіктес елдерге қатысуын нақты қауіпсіздік 
қажеттіліктеріне немесе мүдделеріне сәйкес 
лайықтауды мүмкін қылады. Әрекеттердің ауқымы 
кең. Оларға қорғаныс реформалары, дағдарыстық 
жағдайларды басқару, азаматтық шұғыл жоспарлау, 
ғылым, білім беру және оқыту салаларында 
ынтымақтастық және оқ-дәрінің, кішігірім және жеңіл 
қаруларды қауіпсіз жою кіреді.
“ диалогқа институттарды 
орнатып, қауіпсіздікті 
және тұрақтылықты 
күшейту ”


Серіктестіктерді кеңейту

Б23
“ Ресей және Украина НАТО одағы 
құрылғаннан бастап серіктестік 
әрекеттерін ұстанған көп елдердің 
арасында болды ”
Ресей және Украина НАТО 
одағы құрылғаннан бастап 
серіктестік әрекеттерін 
ұстанған көп елдердің 
арасында болды. 1997 жылы 
осы елдердің әрбіреуі және 
НАТО арасындағы екі жақты 
келісімдерге қол қойылып, 
ынтымақтастық ресми түрге 
көшті. НАТО-Ресейдің Тұрақты 
Бірлескен Кеңесі және НАТО-
Украина Комиссиясы жүйелі 
кеңестер алмасу, қауіпсіздік 
мәселелері бойынша 
кеңестер мен талқылау 
жүргізу және бірнеше 
салаларда тәжірибелік 
ынтымақтастықты орнату 
құралы ретінде құрылды.
Одан бері, жаңа қауіпсіздік 
қатерлерді шешу үшін 
ұйғарымды халықаралық 
әрекет қажеттілігін басып 
көрсеткен 11 қыркүйекте 
орын алған террористтік 
шабуылдан кейін, Одақтастар 
және Ресей тығыздау қатынас 
орнатты. 2002 жылы Бас 
Хатшы төрағалық ететін 
НАТО-Ресей Кеңесі (NRC) 
ұйымдастырылды. Енді 
барлық NRC елдері тең 
дәрежеде қатыса алатын 
болды және шешімдер 
барлық тараптардың 
ұйғарымымен қабылданатын 
болды. NRC Кеңесі екі жақты 
НАТО-Ресейдің Тұрақты 
Бірлескен Кеңесінің орнын 
басты. NRC терроризмге 
қарсы күресті, дағдарыстық 
жағдайларды басқаруды 
және жаппай қырып-жою 
қаруларын таратпауды 
ынтымақтастықтың басымды 
тұстары ретінде айқындады. 
НАТО-Украина қатынасында 
бірнеше жыл бойы ілгері 
жылжу байқалды. Атап кететін 
маңызды тұсы НАТО және 
жекелеген Одақтастардың 
Украинада жүріп жатқан 
реформаларға, әсіресе 
қорғаныс және қауіпсіздік 
салаларында қолдау 
көрсетуі. Бұл реформалар 
елдің демократиялық 
дамуы және Еуро-
Атлант құрылымдарымен 
ықпалдасуды жақсарту 
мақсатын іске асыру үшін 
өте маңызды. 2005 жылы 
Украинамен оның мүшелікке 
ынтасына және қатысты 
реформаларға байланысты 
күшейтілген диалог 
орнатылды. 2008 жылы НАТО 
мүшелері Украинаның НАТО 
мүшелігіне алуға келісімін 
берді.
Ресеймен және Украинамен қатынастар


Б24 

Серіктестіктерді кеңейту
PfP бағдарламасы 1995 жылғы 
Жерорта аумағының алты елі - 
Мысырмен, Израильмен, Иорданиямен, 
Мавританиямен, Мароккомен және 
Туниспен Диалог орнату арқылы 
толықтырылды. 2000 жылы Алжир 
қосылған бағдарлама Жерорта 
теңізі аумағында қауіпсіздікті және 
тұрақтылықты ілгерілетіп, осы аумақ 
елдерімен жақсы қарым-қатынас орнатуға 
және өзара түсіністікті жақсартуға 
бағытталған. 2004 жылы Диалог 
қорғаныс реформаларын қолдау, шекара 
қауіпсіздігіндегі ынтымақтастық, өзара 
әрекеттестікті арттыру шаралары және 
басқа іс-қимылдар арқылы тәжірибелік 
ынтымақтастықты әрі қарай өрбітуді 
көздейтін шынайы серіктестікке дейін 
өсті. Күшейтілген серіктестік терроризмге 
қарсы күреске де кезелді. Кейбір Диалогқа 
қатысатын елдер Балканда НАТО 
жетекшілік еткен бейбітшілік сақтау іс-
қимылдарына әскерлер жіберіп отырды 
және «Белсенді әрекеттер» науқанына 
қатынасты.
Жерорта аумағы
бойынша диалог
“ осы аумақ елдерімен жақсы 
қарым-қатынас орнатуға және 
өзара түсіністікті жақсартуға ”
НАТО іс-
қимылдары 
кезінде Жерорта 
диалогына 
кіретін елдермен 
ынтымақтасу


Серіктестіктерді кеңейту

Б25
“ екі жақты ынтымақтастықты 
ілгерілетуді көздейді ”
Стамбул ынтымақтастық 
бағдарламасы
2004 жылы Стамбул ынтымақтастық бағдарламасын (ICI) 
бекіту Одақтың Жерорта аумағы диалогына қатыспайтын 
Таяу Шығыс елдерімен әрекеттесу ынтасын білдірді. Бұл 
бағдарлама аумақтың мүдделі елдерімен терроризмге 
қарсы күрес, дағдарыстық жағдайларды басқару, төтенше 
жоспарлау және шекараны басқару сияқты тәжірибелік екі 
жақты ынтымақтастықты ілгерілетуді көздейді. Кейін осы 
бағдарламаға Бахрейн, Катар, Кувейт және Біріккен Араб 
Әмірліктері қосылды.


Б26 

Серіктестіктерді кеңейту
Қауіпсіздік қатерлерінің шығу тегі, сипаты және ауқымы кеңейіп, 
оларды болжау қиындап бара жатқандықтан, НАТО серіктестіктер 
қатарын көбейте бастады. Осылай жаһандық серіктестердің ғасыр 
басынан бері пайда болып келген жаһандық қатерлерді шешу ісі 
оңға басты. Одақ мүшелігіне немесе серіктестіктеріне кірмейтін 
“байланыс елдер” қатарына Жапония, Жаңа Зеландия, Австралия 
және Оңтүстік Корея сияқты елдер жатады.
НАТО бейбітшілікті және қауіпсіздікті ілгерілетуде қосымша 
міндеті бар басқа халықаралық ұйымдармен қатынасып отырады. 
Дағдарыстық жағдайларды басқару іс-қимылдары аясында, НАТО 
саяси, экономикалық және әлеуметтік даму арқылы бейбітшілікті 
тұрақты ұстап тұруды қамтамасыз ететін ұйымдармен жұмыс 
істейді. Осындай ұйымдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа 
Одағы, Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, әрі 
EUROCONTROL және “Қызыл Крест” халықаралық ұйымы кіреді. 
Жаһандық серіктестермен 
және басқа халықаралық 
ұйымдармен жұмыс істеу
Жаңа Зеландия 
сияқты байланыс 
елдері деп 
аталатын 
бірнеше елдер 
ISAF ұйымына 
атсалысады


Серіктестіктерді кеңейту

Б27
“ бейбітшілікті және қауіпсіздікті 
ілгерілетуде ”
Бұл институттық 
байланыстардан бөлек НАТО-
ның Еуропадағы мүшелері 
және Америка Құрама 
Штаттары арасындағы 
трансатлант қатынасы 
Одақтың Еуропа Одағымен 
қатынастарын ерекшелейді. 
Кез келген құрылымды 
қатынас сияқты осындай 
қатынас сыртқы шарттардың 
өзгеруінен дүниеге келді. 
Екінші дүниежүзілік 
соғыстың аяғынан кейінгі 
трансатлант қатынастары 
тарихына көз жүгіртпей, 
НАТО-ның Еуропадағы 
мүшелері соғыстан кейінгі 
кезеңде Америка Құрама 
Штаттарына қауіпсіздік және 
экономикалық жаңғыру 
жағынан аса тәуелді 
болғанын атап кету маңызды. 
Арадағы жылдар ішінде 
Еуропа күшейе түсті және 
оның бірлігі арта түсті. Еуропа 
Одағы 1990 жылдардың 
басында ортақ сыртқы және 
қауіпсіздік саясатын жетілдіре 
бастады және біртіндеп 
Еуропаны халықаралық 
істерде алдыңғы орындарға 
жеткізуде. 1999 жылдың 
желтоқсан айында Еуропа 
Одағы дағдарыстық 
жағдайларды басқару 
істерін өзіне алу үшін 
мүмкіндіктерін жетілдіруді 
шешті және қажетті саяси 
және әскери құрылымдарын 
құру қадамдарына көшті. 
Бұл бірнеше жылдан кейін 
Еуропа Одағының НАТО-ның 
екі миссиясын қолға алуына 
жол ашты.
Бұл үрдіс “Берлин плюс” 
келісімімен жеңілдетілді. Енді 
Еуропа Одағы НАТО-ның 
қатысуынсыз Еуропа Одағы 
бастаған іс-қимылдарда 
НАТО активтеріне 
және мүмкіндіктеріне 
қатынай алатын болды. 
Осылайша Еуропа Одағы 
және НАТО арасындағы 
ынтымақтастықтың негізі 
қаланды және НАТО 
миссиясы 2003 жылдың 
наурыз айында Македония 
бұрынғы югослав 
Республикасына (*) және 
2004 жылдың желтоқсан 
айында Босния және 
Герцеговинаға табыс етуіне 
әкелді.


Б28 

“Тең мүмкіндіктер” саясатын ұстану
Әжептәуір ертерек, Одақтың 
құрылтайшы мүшелері – 
Бельгия, Канада, Дания, 
Франция, Исландия, Италия, 
Люксембург, Нидерланд, 
Норвегия, Португалия, Біріккен 
Корольдік және Америка 
Құрама Штаттары – Ұйым 
қатарына Грекияны және 
Түркияны (1952 жылы) және 
Германияны (1955 жылы) 
қабылдады. Бірнеше жылдан 
кейін 1982 жылы ұйым 
құрамын Испания толықтырды. 
Кеңеюдің келесі айналымы 
қырғиқабақ соғысы аяқталуына 
жатады. Осы кезеңде кейбір 
Орталық Еуропа елдері 
НАТО-ға қосылу өздерінің 
болашақтағы қауіпсіздік 
мүдделеріне жауап беретінін 
мойындады және мүше болу 
ынтасын білдірді. Бұрынғы 
үш серіктес ел – Чехия 
Республикасы, Венгрия 
және Польша – мүшелікке 
1999 жылдың наурызында 
қабылданды. Осылайша 
мүше елдер саны он тоғызға 
өсті. 2004 жылдың наурызы 
НАТО тарихында елеулі орын 
алады, себебі Одаққа тағы да 
жеті ел Болгария, Эстония, 
Латвия, Литва, Румыния, 
Словакия және Словения 
қосылып, ұйым құрамы 
едәуір өсті. Жақында, 2009 
жылдың сәуірінде Албания 
және Хорватия мүшілікке 
енді. Ел атауы төңірегіндегі 
мәселе шешілгеннен кейін 
Македония бұрынғы югослав 
Республикасына (*) Ұйымға 
қосылу ұсынысы жіберіледі.
НАТО-ның есігі әрдайым ашық. 
Бүгінгі таңда Грузиямен және 
Украинамен мүшелікке ынтасы 
және қатысты реформалар 
бойынша келіссөздер 
жүріп жатыр. 2008 жылы 
Одақтастар жетекшілері осы 
екі елдің НАТО мүшелігіне 
қабылдануына келісті.
Үздіксіз үрдіс
“Тең мүмкіндіктер” 
саясатын ұстану


“Тең мүмкіндіктер” саясатын ұстану

Б29
НАТО құрамына 2004 жылы 
енген жеті мүше және одан 
кейін қосылған елдер мүдделі 
серіктес елдерге мүшелікке 
дайындалуға көмектесу 
үшін 1999 жылы бекітілген 
Мүшеліктің әрекеттер 
жоспарының игіліктерін көрді. 
Жоспар ынталы мүшелерге 
тәжірибелік кеңесті және 
мақсатты жәрдемді ұсынады. 
Өз кезегінде, ынталы 
мүшелерден белгілі бір 
маңызды талаптарға жауап 
беруі күтіледі. Олардың 
ішінде нарықтық экономикаға 
негізделген демократиялық 
саяси жүйені қалыптастыру, 
азшылық ұлттарға тең 
мүмкіндіктер беру, көршілес 
елдермен дауларды бейбіт 
жолмен шешу ұстанымы, 
Одаққа әскери қолдау 
көрсету қабілеті және ынтасы 
және қарулы күштерді 
демократиялық басқаруға 
мүдделестік. Жоспарды іске 
асыруға қатысу болашақта 
мүшелік алуға кепілдік 
бермейді, бірақ елдерге 
қарулы күштерін бейімдеуге 
және Одақ мүшелігі талап 
ететін міндеттерге және 
жауапкершілікке дайындалуға 
көмектеседі.
НАТО жаңа мүшелерді 
іріктеумен айналыспайды, 
бірақ ортақ құндылықтары 
бар және Одақ іргетасында 
жатқан негізгі мақсаттарды 
көздейтін демократиялық 
елдерден түсетін мүшелікке 
өтініштерді қарастыруға 
мүдделі. НАТО үкіметтері 
Одақ құрамын кеңейту 
мақсат еместігін, бірақ НАТО 
қауіпсіздігін әрі қарай өрбіту 
және Еуропа тұрақтылығын 
арттыру құралы екендігін 
қадап көрсетті. Кеңейту 
үрдісі даулардың алдын 
алуына көмектеседі, себебі 
мүшелікке ену мүмкіндігі 
көршілес елдермен дауларды 
шешуді және реформалар 
мен демократизацияны 
ілгерілетуді ынталандырады. 
Сонымен қатар, жаңа 
мүшелер тек мүшелік 
артықшылықтарын 
пайдаланып қоймай, 
барлық мүше елдердің 
жалпы қауіпсіздігіне 
өз үлесін қоса алады. 
Басқаша айтқанда, олар 
қауіпсіздіктің жеткізушілері, әрі 
тұтынушылары болуы қажет.
Мүшеліктің әрекеттер жоспары
“ қауіпсіздіктің жеткізушілері,
әрі тұтынушылары болуы қажет ”


Б30 

Жаңа қатерлерге қарсы жаңа мүмкіндіктер
Қазір қоғам алдында тұрған қауіпсіздік мәселелері терроризм, 
жаппай қырып-жою қаруларын тарату және жағдайы нашар немесе 
нашарлап жатқан елдердегі тұрақсыздық сияқты қатерлерді шешуге 
барынша жабдықталған құрылымды күштерді талап етіп отыр.
1990 жылдардың басында НАТО қырғиқабақ соғысында 
пайдаланылған тұрақты күштерден дағдарыстық жағдайларды 
басқару іс-қимылдарына қажет икемдірек күштерге көшу 
мақсатында әскери мүмкіндіктерін қайта қарастыруды бастады. 
11 қыркүйекте орын алған оқиға бұл үрдісті үдетті. 2002 жылы 
Прагада өткізілген саммитте НАТО жетекшілері НАТО-ның әскери 
активтерін түпкілікті өзгертуге арналған елеулі реформаларды 
таныстырды. Олар түзетілуі қажет тұстарды айқындады, Еуро-
Атлант аумағы шегінде немесе одан тыс түрлі қауіпсіздік 
қатерлеріне дер кезінде қарсылық білдіру мақсатында НАТО әрекет 
ету күштерін құрды және әскери басқару құрылымын жаңартты.
“ НАТО жетекшілері НАТО-ның 
әскери активтерін түпкілікті 
өзгертуге арналған елеулі 
реформаларды таныстырды ”
Жаңа қатерлерге қарсы 
жаңа мүмкіндіктер


Жаңа қатерлерге қарсы жаңа мүмкіндіктер

Б31
Прагада шұғыл түрде шешілуі тиіс кемшін тұстары бар сегіз нақты сала айқындалды. 
Олардың ішінде стратегиялық әуе және теңіз тасымалы, химиялық, биологиялық, 
радиологиялық және ядролық қорғаныс және әуе-жер бақылауы бар. Одақтастар жаңа 
қатерлерге жауап беру мүмкіндігіне маңызды осы салаларды меңгеруге мүдделі. Прага 
саммитінен кейін НАТО жаңартуды қажет ететін басқа салаларды, әсіресе терроризмге қарсы 
күрес мәселесін зерделеп шықты.
НАТО-ның әрекет ету күштерінің (NRF) мақсаты кейін қосымша әскермен күшейтіле алынатын 
негізгі күш ретінде жаһанда болатын кез келген дағдарыстық жағдайға жылдам жауап беру. Бұл 
қажет болған кезде толықтырыла алынатын, жұмылдыруды бес күндік құлақтандырумен бастай 
алатын және іс-қимылдарын 30 күнге немесе әскер құрамын толықтыру арқылы одан да көп уақыт 
жүргізе алатын құрлық, әуе, теңіз және арнайы күштерден құралатын көп ұлтты күштер. 
NRF күштері 2005 жылдың қыркүйек айында “Катрина” дауылы Жаңа Орлеан қаласына және 
айналасындағы аумақтарға соққан кезде Америка Құрама Штаттарына және 2005 жылдың 8 
қазанында Пәкістанда орын алған жойқын зілзала аумағына жұмылдырылды.
Жұмылдыруға және соғыс жүргізуге дайын болуға қоса, NRF күштері НАТО-ның түрлендіру 
әрекеттерінің ұйытқысы болып табылады. Ол қызметкерлерді өте ауыр жағдайларда озық 
технологияларды көп ұлт шеңберінде пайдаланып әрекет етуге даярлайды. Осындай сапалы 
даярлау әрбір қатысушы меңгеретін ерекше тәжірибе және ол көп ұлтты күштерді қоса ұлттық 
күштер арасында өзгерісті үдете түседі.
Әскери мүмкіндіктерді жаңарту
НАТО-ның әрекет ету күштері
Әскери басқару жүйесін ұтымды ету
Қырғиқабақ соғысынан кейін қалыптасқан қауіпсіздік ортасына бейімделе отырып, НАТО 
өзінің әскери басқару жүйесін қарап шықты және кішігірім, икемдірек және жылжымалы 
күштерді пайдалануды енгізді.Осылай кеңсе саны күрт қысқарды және НАТО-ның түрлендіру 
әрекеттерін басқару тізгіні АҚШ-тың стратегиялық басқармасына, Бірлескен күштерді 
түрлендіру (бұрынғы Бірлескен Атлант күштері) тапсырылды. Еуропаның стратегиялық 
күштері барлық НАТО іс-қимылдарына жауап бере бастады және қазір олар Бірлескен 
күштердің іс-қимылдары ретінде белгілі. 
Әскери басқару жүйесін жаңарту үздіксіз үрдіс болып табылады және оны НАТО жиі қайта 
қарап отырады.


Ұйымның өсу қарқыны
Б32 

Ұйымның өсу қарқыны
Одақ тұрақтылығының маңызды тұстарына 
ұйғарымға негізделген шешім қабылдау үрдісі 
жатады. Бұл барлық шешімдердің бірауыздан 
қабылданатынын білдіреді. Нәтижесінде, 
маңызды шешім қабылдамас бұрын созылатын 
кеңестер алмасу және талқылау жүргізу қажет. Бұл
жүйе сырт көзге баяу және ретсіз болып көрінсе 
де, оның екі негізгі артықшылығы бар. Біріншіден, 
әрбір мүше елдің тұтастығы және тәуелсіздігі 
сақталады. Екіншіден, шешімге қол жеткізілген 
кезде оны барлық мүше елдер толығымен 
құптайды және жүзеге асыруға ынтасын білдіреді.
Кейбір жағдайларда, келісімге келу мүмкін 
болмайды, мысалы, 2003 жылдың көктемінде 
Ирактағы Саддам Хуссейн режимі төндірген 
қауіп төңірегінде елдердің пікірлері бірауыздан 
шықпады. Әр елдің өз ұлттық көзқарастары 
әртүрлі болғандықтан, Одақтастар бір шешімге 
келе бермеуі мүмкін. НАТО-ның мақсаты 
ұйғарымға қол жеткізу мақсатында кеңес алысу 
және талқылау жүргізу. 
Ұйғарымды 
шешімдер қабылдау


 Ұйымның өсу қарқыны 

Б33
Негізгі тараптар
НАТО-ның ең маңызды тараптары Ұйым 
құрамына кіретін мүше елдердің өздері 
болып табылады. Олардың әрбір комиссия 
деңгейінде өкілдері бар. Осы мақсатпен, 
Брюссельдегі НАТО-ның бас кеңсесінде әрбір 
елдің елші деңгейінде тұрақты өкілі бар. 
Оларға қоса дипломатиялық қызметкерлерден 
және қорғаныс кеңесшілерден құралатын 
ұлттық делегация көзделген. Делегация 
комиссия жиналыстарына өздері қатысады 
немесе ұлттық сарапшылардың қатысуын 
қамтамасыз етеді.
Cаяси шешімдерді қабылдайтын НАТО-ның 
негізгі органы Солтүстік Атлант Кеңесі болып 
табылады. Ол елшілік деңгейінде аптасына 
кемінде бір рет жиналып тұрады. Сонымен 
қатар, Кеңестің сыртқы істер министрлері, 
қорғаныс министрлері және кейде мемлекет 
және үкімет басшылары деңгейінде 
жиналыстары өткізіледі. Солтүстік Атлант 
Кеңесі, сондай-ақ Қорғанысты жоспарлау 
комиссиясы және Ядролық жоспарлау 
тобы сияқты екі қауіпсіздік органы кешенді 
комиссия жүйесін басқарады. Осы жүйе 
ішінде Әскери комиссия осы үш негізгі органға 
әскери кеңес беруге жауапты және әскери 
істер бойынша стратегиялық әскери басқару 
нұсқауын береді. Осылай оның НАТО-да ең 
жоғарғы әскери арнайы өкілеті бар.
НАТО-да шамамен төрт жылға 
тағайындалатын Бас хатшы бар. Ол 
мүше елдерден сайланатын халықаралық 
мемлекеттік қайраткер. Бас хатшы Солтүстік 
Атлант Кеңесінің және басқа маңызды НАТО 
органдарының жиналыстарында төрағалық 
етеді және мүшелер арасында ұйғарымды 
қамтамасыз етуге атсалысады. Одақтың 
күнделікті қызметін атқару кезінде оны барлық 
НАТО елдерінің халықаралық сарапшы тобы 
және қызметкерлері қолдап отырады. 
НАТО-ның өзінің қарулы күштері жоқ. НАТО-
ға қатынаулы күштердің көбісі ұжымдық 
қорғаныс және бітімгершілік сияқты жаңа 
миссиялар сияқты тапсырмаларды орындау 
үшін мүше елдермен тағайындалғанша 
толығымен ұлттық басқаруда болады. 
Қысқаша, НАТО күштерін біріктіруге және 
белгілі бір кезең ішінде көпұлтты әрекеттерге 
қатысуға дайын елдерді бір араға жинайтын 
форум болып табылады. Оның саяси және 
әскери жүйелері бірлескен басқаруға, 
бақылауға, даярлауға және жаттығу жүргізуге 
қажет ұйымдастыру жұмыстарын қоса 
осы тапсырмаларды ұлттық күштермен 
орындалуына қажет алдын ала жоспарлауды 
қамтамасыз етеді.
“ Cаяси шешімдерді 
қабылдайтын НАТО-ның негізгі 
органы Солтүстік Атлант Кеңесі 
болып табылады ”



Болашаққа бағыт
Қырғиқабақ соғысы кезінде Одақ жаңа 
және өзекті тапсырмаларды өзіне алды, 
Сондықтан Еуропа өз қалпында сақталып 
қалды. Бұл Шығыс Еуропаға жол ашты, 
жаңа мүшелердің қосылуына және Орталық 
Азияға дейін кеңейтілген серіктестік желісінің 
құрылуына әкелді. НАТО Еуропадағы 
аймақтық және этникалық даулар 
салдарынан пайда болған зорлықты жаншу 
үшін және жақында Еуро-Атлант аумағынан 
тыс аймақтардағы дағдарыстық жағдайларды 
басқару іс-қимылдарына қатысты. 
Қырғиқабақ соғысынан кейін дүние жүзінде 
күрделі қауіпсіздік ортасы қалыптасты. 
Бұл тенденция XXI ғасырда жалғасуы 
мүмкін. 1999 жылы қабылданған Одақтың 
стратегиялық тұжырымдамасы жаңа 
қауіпсіздік ортасы қатерлері мен мәселелерінің 
көбісін алдын ала болжап қойды.
2001 жылдың 11 қыркүйегінде террористер 
жасаған шабуылдан кейін, Одақ қалыптан 
тыс қатерлер ақиқатына бейімделу 
әрекеттеріне қайта кезелді. Ол серіктестерді 
әрі қарай тереңдетіп және кеңейтіп, 
күштерін жаңартып және Ұйымға бейтаныс 
дағдарыстық аумақтарға қолдау көрсетіп, 
қауіпсіздікке кеңірек әрі шамданушы ыңғайды 
қабылдауда. Қорытындылап келгенде, ол 
жаңа саяси қатынастарды дамыту және 
мүшелердің қорғанысы, бейбітшілігі мен 
қауіпсіздігі игілігіне жаһандану толығымен 
басып жатқан күрделі дүниеге дер кезінде 
жауап бере алатын күштірек техникалық 
мүмкіндіктерді жетілдіру үшін түрлендіру 
үрдісін үдете түседі.
Болашаққа бағыт 

Б35


НАТО-ның қоғамдық дипломатиялық бөлімшесі
1110 Брюссель – Бельгия
Веб-торап: www.otan.nato.int
Электрондық пошта мекенжайы: 
distribution@hq.nato.int
NATO Public Diplomacy Division
1110 Brussels - Belgium
Website: www.nato.int
Email: distribution@hq.nato.int
ҚАУІПСІЗДІККЕ БІРГЕ
06/2009 - KAZ

Document Outline

  • ҚАУІПСІЗДІККЕ БІРГЕ НАТО одағын таныстыру
  • Б04 | Кіріспе
  • Б06 | Өзгеріске жауап
  • Б14 | Дағдарыстық жағдайларда негізгі қатысушы
  • Б22 | Серіктестіктерді кеңейту
  • Б28 | “Тең мүмкіндіктер” саясатын ұстану
  • Б30 | Жаңа қатерлерге қарсы жаңа мүмкіндіктер
  • Б32 | Ұйымның өсу қарқыны
  • Б35 | Болашаққа бағыт


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет