Ауыр металдар - қоршаған ортаға көп мөлшерде түскенде организмдерді уландыратын металдар. Бұл терминмен соңғы жылдары тек қана мынадай элементтер: қорғасын, мырыш, кадмий, сынап, молибден, марганец, никель, қалайы, кобальт, титан, мыс, ванадий аталады. Бұл элементтер қоршаған ортаға түскенде экожүйелердің өздігінен тазалану процесімен ыдырамайды. Олар топырақта жинақталып, өсімдіктерге өтіп, әрі қарай биологиялық айналымға түсіп отырады. Ауыр металдардың жартылай ыдырау мерзімі ұзақ, мысалы: қорғасындыкі 740 жылдан 5900 жылға дейін, кадмийдікі - 13-110 жыл, мырыштыкі – 70-510 жыл, мыстыкі – 310 - 1500 жылдар аралығына дейін созылады.Биологиялық тізбек: топырақ - өсімдік – адам, топырақ - өсімдік - - адам, топырақ - су - адам және топырақ - атмосфералық ауа – адам арқылы адам организміне өтіп, олар әр түрлі - ауруға шалдықтырады