Федоров Ю.А.-Володкина В.В. (1972) гигиена индекстері 6 жасқа дейінгі балаларда қолданылады. Мұнда төменгі фронталды алты тістердің вестибулярлы беті боялады. (83,82,81,71,72,73) Боялу белсенділігін бағалау: - 1-балл- боялмайды
- 2 балл- тіс сауытының ¼ бетінің боялуы
- 3 балл- тіс сауытының ½ бетінің боялуы
- 4 балл- тіс сауытының ¾ бетінің боялуы
- 5 балл- тіс сауытының барлық бетінің боялуы
Берілген науқаста тіс қағын бағалау ұшін әрбір боялған тістерді тексергендегі алынған кодтарды жинап, алынған санды 6-ға бөледі: - ГИ= баллдар саны
- 6 тістер
Ауыз қуысы гигиена индексін келесідей бағалайды: - 1,1-1,4 балл- ауыз қуысының жақсы гигиенасы
- 1,5-1,8 ауыз қуысының қанағаттанарлық емес гигиенасы
- 1,9-2,5- ауыз қуысының қанағаттанарлық емес гигиенасы
- 2,6-3,8- ауыз қуысының нашар гигиенасы
- 3,9-5,0- ауыз қуысының өте нашар гигиенасы
Грин-Вермильон индексі. - Индекс тіс қағы мен тіс тасын бөлек есептеуге мүмкіндік береді. Бұл индекс халықаралық зерттеулерде жиі қолданылады. Анықтау үшін 6 тістерді тексереді: 16,26-ұрт беті, 11,31- вестибулярлы беті, 36,46 тістер-тіл беті.
- Тіс қағын зерттелетін тістің көрсетілген беттерін арнайы бояу арқылы анықтайды. Тіс тасын стоматологиялық зонд көмегімен бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |