{~2~}
~~6 жастағы бала пневмонияға байланысты 5 күнбойы антибактерияльды емді қабылдауда. Бала жағдайы нашарлаған, интоксикация белгілері үдеген, жөтел үлкен көлемдегі іріңді қақырықпен. Бала әлсіз, анорексия, обьективті дене қызуы 39,6 С, тері жабындылары боз жер түстес, жөтелгенде оң жақ бүйірінде ауырсыну байқалады. Оң жақ жауырын асты тұсында тимпаникалық өкпе дыбысының тұйықталуы байқалады, аускультативті амфоралық тыныс, металликалық дыбысты ылғалды сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз:
@@Ауруханадан тыс оң жақты, ошақты пневмония, жедел ағымы, өкпе іріңдігімен асқынған
@@Ауруханадан тыс оң жақты сегменторлы пневмония, жедел ағымы, асқынбаған
@@Ауруханадан тыс оң жақты ошақты пневмония, жедел ағымы, плевра эмпиемасымен асқынған
@@Ауруханадан тыс оң жақты ошақты пневмания, жедел ағымы, инфекциялық токсикалық шокпен асқынған
@@Ауруханадан тыс оң жақты ошақты пневмания, жедел ағымы, пиоторакспен асқынған
{@A@}
{~3~}
~~8 жастағы оқушы дене қызуының 37,2-37,5-ке жоғарылауына, апта ішінде аз бөлінетін қақырық құрғақ жөтелге, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: ауру баяу үдемелі жөтелдің дамуы және дене қызуының субфебрильді сандарға дейін көтерілуімен басталған. Обьективті: тері жабындылары таза, қызғылт. Аранында шамалы катаралды көріністер байқалады. Қабық коньюктивасы қызарған. Өкпесінде перкуторлы өкпе дыбысы, ұсақ, көпіршікті жайылған сырылдар естіледі. ЖҚА-де: нейтрофильді лейкоцитоз,ЭТЖ-ның жоғарылауы. Кеуде клеткасының рентгенограммасында: өкпе алаңында біркелкі емес ошақты инфильтраттар байқалады. Таңдаулы препарат болып табылады:
@@Макролидтер
@@Тетрациклинмен
@@Цефалоспориндер
@@Аминогликозидтер
@@Карбопенемдер
{@A@}
{~3~}
~~8 жастағы бала, дене қызуының 38,7°С көтерілуіне, ылғалды жөтелге, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Анамнезінен: фебрильді дірілдер болмаған.
Өкпе R-граммасында: ошақты пневмония. Бұл балаға ыстық түсіретін препараттарды тағайындау қажет пе?
@@Жоқ, антибактериалды емнің әсерін бағалауды қиындатады
@@Иә, антибактериалды заттардың әсерін күшейтеді
@@Жоқ, дене қызуын төмендетудің қажеті жоқ
@@Иә, антибактериалды емнің әсерін бағалауға көмектеседі
@@Жоқ, Рея синдромын шақырады
{@A@}
Достарыңызбен бөлісу: |