17. Пациентті Фаулер қалпында жатқызу.Көрсетпелері, іс-әрекет алгоритмі. (жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай) Пациентті жатқызу бір медбикемен орындалады.
Мақсаты:төсектегі пациентке жайлы қалыпты жасау.
Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы пациент, пациентті тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары.
Дайындаңыз:жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.