«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері


Қолды ТЕРІ антисептиГІМен тазарту



бет33/53
Дата04.03.2022
өлшемі0,67 Mb.
#134296
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53
Байланысты:
«Аурухана ішілік ж палы ауру» т сінігіні аны тамасы, пайда бол

Қолды ТЕРІ антисептиГІМен тазарту


Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Пациент пен медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, пациенттің биологиялық сұйықтықтарымен ластану қауіпінде, стерильді қолғапты кию алдында және шешкеннен соң, жұқпалы, паразитарлы пациенттерге күтім жүргізуден алдын.
Қарсы көрсетілімдері: қол терісінің бүтінідігінің бұзылуы, іріңді жаралардың, тері ауруларының болуы.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара).

  2. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз.

  3. 3-5 мл антисептикалық затты алақаныңызға жағыңыз және оны 30 секунд бойы теріге келесі ізбе-ізділікпен ысқылаңыз:

  • Бір алақанды екінші алақанға қайтарымды-үдемелі қозғалыспен уқалау;

  • Оң алақанмен сол қолдың сыртқы жағын уқалау, қолды ауыстыру;

  • Бір қолдың саусақтарын екінші қолдың саусақ арасындағы аралығына біріктіру, саусақтардың ішкі беттерін жоғары және төмен қозғалтып ысқылау;

  • Саусақтарды "құлыпқа" біріктіру, бүгілген саусақтардың сырт жағымен екінші қолдың алақанын ысқылау;

  • Сол қол буынының бас бармағының түбінен оң қол буынының бас бармағымен және сұқ саусағымен қапсыра ұстау, айналдыра ысқылау. Білекте қайталау. Қолды ауыстыру;

  • Сол қолдың алақанын оң қол саусақтарының ұштарымен

айналдыратын қозғалыспен ысқылау, қолды ауыстыру.

  1. қол терісінде антисептиктің толық кебуін қамтамасыз етіңіз.

Ескерту: антисептикті қолданар алдында әдістемелік нұсқауын оқып білу қажет. Қолды зарарсыздандыру әсерлігі ұсынылған тазарту уақыты ішінде оларды ылғалды жағдайда ұстау орындауға тиісті шарт болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет