Көктамырды зерттеңіз. Ең көп толыған көк тамырды табыңыз.
Көктамырды толтыру үшін, пациенттен жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз.
Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
Шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған 2 мақта шариктерімен тізбектілікпен сүртіп, контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың IV және V арасында ұстаңыз.
Оң қолға жүйені алыңыз.
Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен қарай көктамырды бекітіңіз.
Пациенттің қолына байланысты ине мен ұстағышты 150 бұрышпен ұстаңыз, қанағымы бойынша инені 1-1,5 см енгізіңіз.
Сол қолға ине ұстағышты ауыстырып, ал оң қолмен пробирканы ине ұстағышқа қондырыңыз, пробирка қақпақшасы кіргенге дейін, алға қарай бұрап басыңыз, ол қан ағуды қамтамасыз етіңіз.
Залалды пробиркаға қан аққан сәтте бұрауды (венозды манжетаны) шешіңіз. Қан шамасы пробиркада белгіленген дәрежесіне жеткеніне дейін және қан ағымы тоқталғанша дейін күтіңіз.
Ұстағыштан пробирканы шығарып алыңыз.
Пробирканың ішіндегі затты 8-10 рет аударып араластырыңыз, бірақ та шайқамаңыз, сілкімеңіз!
Басқа да зерттеулерге қанды алу қажет болса да, онда ұстағышқа келесі пробирканы қондырыңыз.
Қанды тасымалдауға арналған контейнерге пробирканы салыңыз.
Залалсыздандырылған мақта шаригін тамырды тескен жерге қойыңыз, венадан инені және ине ұстағыштан шығарып алыңыз.
Инъекция жасаған жерге залалды мақта шаригін салуын, пациенттен шынтақ буынынан қолды сәл бүгіп, 3-5 минутқа ұстауын сұраңыз.
пробиркаларға белгілер салыңыз.
Қанды зерттеуге алатын журналға берілген мәліметті тіркеп, контейнердегі вакуумды пробиркадағы қанды жолдамасымен лабораторияға апарыңыз.
Қорғаныш заттарды шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.