Зондсыз зерттеу әдістері. Бұл зондпен зерттеу әдістерін қолдануға болмайтын жағдайларда немесе науқас қарсы болған жағдайда қолданылады. Бұл әдістемелердің бірі «Ацидотест»- қолданылған ионды алмасқыш смоланың, асқазанда бос тұз қышқылымен өз ара байланысу нәтижесінде зәрде бояғыштың анықталуы. Зәрдің түсі асқазандағы бос тұз қышқылының мөлшеріне байланысты.
«Тұйық» зондтау (дюбаж) өт қабын босату мақсатында қолданылады. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқас аш қарынға 2 шикі жұмыртқаның сарысын немесе 2 ас қасық жылытылған сұйық майды немесе бір стакан жылы минералды суды немесе 100-200 г жылы суға ерітілген 40г сорбитті ішеді. Оң жағымен жылы резеңке жылытқыш қойып 1-1,5 сағ жатады. Процедураны аптасына 2-3 рет өткізеді.