Авариялық құқықтық қызметтерін ұйымдастыру және құтқару


Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың түрлерi



бет3/4
Дата07.12.2022
өлшемі146,17 Kb.
#161702
1   2   3   4
Байланысты:
243079.pptx

Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың түрлерi

Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға :

  • iздестiру-құтқару,
  • тау-кен құтқару,
  • газдан құтқару,
  • суда құтқару,
  • атқыламаға қарсы жұмыстар, сондай-ақ өрт сөндiруге және төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жоюға байланысты жұмыстар және төтенше жағдайларды жою кезіндегі басқа да шұғыл жұмыстар жатады.

Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары

  • 7-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын құру
  • 1. Қазақстан Республикасында авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары: тұрақты штат негiзiнде - кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары, оның iшiнде әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы, суда құтқару, жедел-құтқару, медициналық және төтенше жағдайлар саласындағы басқа да мамандандырылған бөлiмдер мен бөлiмшелер; ерiктiлiк негiзiнде - ерiктi авариялық-құтқару құрамалары, оның iшiнде ерiктi тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы және суда құтқару құрамалары құрылады.
  • . Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша - республикалық (оның iшiнде республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар) және аумақтық; ұйымдар басшылығының тарапынан - объектiлiк (қызметiн жүзеге асыру үшiн өз авариялық-құтқару қызметi мен құрылымдары мiндеттi түрде болуы Қазақстан Республикасы заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген ұйымдарда) болып құрылады.
  • 3. Ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын өз қызметкерлерiнен жасақталған ұйымдар құрады.
  • 4. Кәсiби авариялық-құтқару құрамалары арнаулы техникамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылады және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiледi. Кәсiби авариялық-құтқару құрамаларын жарақтандырудың және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етудiң нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет