Патриархат – (грекше pater - әке, archo – басқарылатын, билеймін, сөзбе-сөз) әке өкілі алғашқы қауымдық қатынастың ең көп таралған формасы. Патриархат кезеңде, шартта, қоғамда, семьяда ерінің ролі үстемдік болды. Патриархаттың қоғамда алатын орны жөніндегі мәселе көптеген ғасырлар бойы талас туғызып келді. Патриархат адамзаттың қоғамда бастап-ақ пайда болды, яғни ежелгі қарым-қатынас деген теория кеңінен таралады. Көне дәуірде бұл көзқарасты Платон мен Аристотель жақтады, орта ғасырда бұл көзқарас толық орнығып, 19 ғасырда оны Г.Мэн жақтады.
Палионтропология – антропология ғылымының адамдардан қазбадан табылған сүйек қалдықтары бойынша яғни ежелгі,көне және қазіргі физикалық типтегі адамдардың арғы тегін зерттеген саласы.
Презинджантроп –бұл зинджантроптан кейін пайда болған (homo habilis-білетін адам),сонан кейін онымен бір уақытта өмір сүргені анықталды.
Палеонтроптар (палео-гр.anthropos-адам) – бұдан 250-35 мың жыл бұрын Азияда, Африкада және Европада өмір сүрген адамдардың қазба мәйіттерінің жиынтығының атауы.
Питекантроп (гр.pithekos-маймыл, anthropos-адам) – ежелгі адамдар тобы архантроптардың өкілі. Оның сүйегі Ява аралынан табылған. Питекантроптардың сүйек қалдықтары, бас сүйек қақпақшасы,жамбас сүйек, тіс 1973 ж. қарсаңда бас сүйек бөлшектері, астыңғы жақ сүйектері жекелеген тістер т.б. табылды.
Салютрей – Франциядағы Сена және Уаза департаменті Салютр үңгірі бойынша аталған. Бұл мәдениеттің ерекшелігі екі жағынан қыспа ретушпен шақпақты өңдеу жолымен өте жетілдіріп жасалынған найза ұштықтары мен пышақ кездіктердің таралуы болып табылады. Неолитті және бүйір ойындылы жапырақты және көктал жапырақты ұштықтар басым келеді, көзі бар сүйек инелер пайда болады. Аң аулаудың жаңа құралдары ойланып табылғанына қарамастан бұл ориньяк және салютрей дәуірінде аң аулау басым болып қала берді.
Синантроп – көне дәуірде,бұдан 400 мың жыл бұрын өмір сүрген адам тектерінің бірі.Ең алғаш оның сүйек қалдықтарын 1927ж ағылшын ғалымы Д.Блэк.Пекин маңындағы Чжо-Коу-Дянь үңгірінен табылды.